Шетел тілдеріне оқыту әдістерінің жаңа амалдары (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе...........................................................................3-5
1. Шетел тілі сабақтарындағы оқытудың жаңа технологиялары
1.1 Шетел тілі сабақтарына ақпараттық технологияны енгізу..........................6-14
1.2 Жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясы.......................................14-20
1.3 Жобалау әдісі және оның түрлері...............................................20-23
1.4 Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану..............................23-27
2. Коммуникативтік бағытта қарым-қатынас жасауға үйретуде оқыту әдістерінің жаңа амалдарын қолдану
2.1 Модульдік оқыту технологиясын ағылшын сабағында қолдану..............28-43
2.2 Сөйлеу түрлеріне үйретуде жаңа тәсілдерді енгізу...............................43-57
2.3 Ағылшын тілі сабақтарын деңгейлеп оқыту жолдары...............................58-60
Қорытынды........................................................................61-63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................64-65


КІРІСПЕ

Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып, танысудан бастадым. Диплом жұмысымның  тақырыбы «Шетел тілдеріне оқыту әдістерінің жаңа амалдары» болғандықтан мен шетел тіліне оқыту методикасы бойынша әдебиеттер, басылымдар, әдістемелік құралдарды іздестіріп, тауып, тізімін алып, таныстым. Диплом жұмысымды жазу барысында шетел тілін оқыту методикасы бойынша әдебиеттерден басқа, әдістемелік құралдар, атап айтсақ, «Мектептегі шет тілі», Ресейде шығатын «Иностранные языки в школе» басылымдарын пайдаландым.

Болашақ шетел тілінің мұғалімі ретінде институт қабырғасында шетел тілін оқыту әдістемесі пәндерінен алған білімдерім мен мектептегі практика кезінде алған тәжірибемді ұштастыра отырып, диплом жұмысының тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ақпараттандырудың негізгі бағыты заманымызға сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Шетел тілін оқытуда ақпараттандыру бағыттарының бірі – коммуникациялық технологияларды білім сапасына енгізу жұмыстары болып саналады.

         Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу орындары мен мектептерінде қолданылады.

         Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Шетел тілдеріне оқыту әдістерінің жаңа амалдары» деп аталады және зерттеу барысында компьютерлік технологиялардың шетел тілдерін оқытуда және дамыту ісіне берері ұшан теңіз екендігін аңғарғандығым жұмысымда көрсетілген.

         Кезінде К.Д. Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», - деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде де болуы мүмкін.

Диплом жұмысымның мақсаты – шетел тілін оқыту барысында алдыңғы қатарлы технологияларды және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арнайы жаңа технологияларды анықтау;
  • шетел тілі сабақтарында коммуникативті компетенттілікті қалыптастыру.

Қарым-қатынас ауызша және жазбаша түрде болады. Бірінші жағдайда, ауызша қарым-қатынас жасау үшін адам сөз әрекетінің екі түрі – сөйлеу және тыңдап түсінуді меңгеру керек. Екінші жағдайда, яғни жазбаша қарым-қатынас жасау үшін адам жазу және тыңдап түсінуді меңгеру керек. Сөйтіп, сөйлеу сөз әрекетінің түрі ретінде қарым-қатынас жасаудың бір құралы болып табылады. Қарым-қатынас негізінде сөйлеу арқылы адамның ойы жеткізіледі. Сондықтан, сөз әрекетінің бір түрі ретінде сөйлеуге үйрету қажет. Сөз әрекетінің түрлері – сөйлеу, жазу, тыңдап түсіну, оқу – қарым-қатынас құралы болады. Сондықтан, мақсатқа жету үшін оның белгілі тәсілі болу керек. Қарым-қатынас ретінде сөйлеуге үйрету тәсілі – коммуникативті тәсіл болып табылады. Қарым-қатынас жасауға үйретпей, сөйлеуге үйрету мүмкін емес, сондықтан, сабақта қарым-қатынас жасау шарттарын жасау керек. Сөйлеуге үйрету процесс кезінде нені өзгерту керек, не жетіспейтінін білу үшін мұғалімнің жалпы қарым-қатынас туралы түсінігі болу керек, «қарым-қатынас», «сөйлеу» және «үйрету» араларындағы байланысты түсіну керек.

Қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым-қатынастың вербальды түріне сөз әрекетінің түрлері жатады:

  • продуктивті сөз әрекетінің түрлері: сөйлеу және жазу;
  • рецептивті сөз әрекетінің түрлері: тыңдап түсіну және оқу.

Кейде сөйлеу мен жазуды активті, ал тыңдап түсіну мен оқуды пассивті іс-әрекет түріне жатқызады. Бұл ойлар ескірген. Пассивті іс-әрекет жоқ, болуы да мүмкін емес. Іс-әрекет адамның ішкі және сыртқы активтілігі. Пассивтілік – бұл ештеңе істемеу. Атап айтылған сөз әрекетінің түрлерінен басқа кейбір көмекші сөз әрекетінің түрлерін атап айтуға болады – дауыстап оқу, таспаға жазу, аудару және т.б. (Э.П.Шубин). Бұлар екінші кезекте екені түсінікті: сөйлеу мен тыңдап түсінуді меңгермей ауызша аудару жасау мүмкін емес.

Вербальды емес қарым-қатынас құралдарына мыналар жатады:

  • паралингвистикалық (интонация, пауза, дикция, темп, ритмика, тон);
  • экстралингвистикалық (күлкі, жылау, әр-түрлі айқайлар, есікті қаққандағы дыбыс және т.б.);
  • мимика;
  • дене қозғалысы, қашықтық және т.б.

Ғалымдардың ойынша, егер де біз вербальды емес қарым-қатынас құралдарын ескермесек, онда «коммуникативті» процесс толық болмайды. Олар: 

  • сөйлесу кезінде маңызды сөздерді білдіреді;
  • кейбір сөздер мен сөйлемдердің орнын толықтырады және т.б.

Бұның барлығы мұғалімге не үшін қажет? Вербальды емес қарым-қатынас құралын қолдану арқылы мұғалім:

  • жағымды қарым-қатынас, контакт қалыптастырады;
  • оқушылардың активті жұмыс істеуіне әсерін тигізеді;
  • тілдік материалды есте сақтауға септігін тигізеді;

Мұғалім сабақ жоспарын жасау кезінде вербальды емес әрекетін де есепке алу керек.

Сөйлеу – бұл іс-әрекеттің бір түрі, сондықтан, оның белгілері бар, бірақ сөйлеу сөз әрекетінің түрі, оның өзіне тән белгілері бар.

  1. Мотивация – түрткі, себеп. Әдетте адам белгілі-бір себеп болғандықтан сөйлейді. Себеп қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Сондықтан шетел тіліне оқыту әдістемесінде коммуникативті себеп, түрткі туралы сөз болады. Себеп, түрткі қажеттіліктен туындайды: - қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік;  - белгілі-бір ситуацияға «қатысуға» деген қажеттілік.  Бұл екі түр, яғни коммуникативті мотивацияның екі түрі бір-бірімен  тығыз байланысты. Бірінші түрін, жалпы коммуникативті мотивация; екінші түрін, ситуативті мотивация деп атауға болады. Ситуативті мотивация оқушының қарым-қатынас жасауға қажеттілігін туғызады.
  2. Активтілік. Сөйлеу – активті құбылыс. Бұл құбылыс арқылы адам көрінеді (ішкі активтілік). Бұл жерде мәселе тыңдап түсіндіруде емес, сонымен қатар, оның реакциясында. Активтілік қарым-қатынас кезінде қойылған мақсатқа жету үшін үнмен әсер етеді.
  3. Мақсаттылық. Сөйлеу мақсатқа негізделген. Мақсатсыз айтылған сөйлемдер сөйлеу болып табылмайды, бұл тек қана дыбыстап айту. Сөйлеуші өзінің ойын жеткізу арқылы бір мақсатты көздейді: көрінісінің (собеседник) көзін жеткізу немесе керісінше, оны ашуландыру немесе әсер ету, оның ойын қолдау немесе күлу және т.б. Мұндай мақсаттарды коммуникативті тапсырма деп атайды. Әр коммуникативті тапсырманың ортақ мақсаты болады. Бұл мақсат – бір адам екінші адамға, оның көзқарасын өзгерту үшін әсер етеді. Сөйлеу прагматикалық болу керек. Мақсаттылық – сөйлеуге үйретуде коммуникативті тапсырманың болуын талап етеді
  4. Продуктивтік. Сөйлеу продуктивті, бұл процесс кезінде жаңа өнімнің пайда болуымен анықталады.

Іздеу