Ағылшын және неміс тілдеріндегі сын есім (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе ........................................................................................................3 - 7

1. Әдебиеттерге шолу ...............................................................................8 - 9

2. Неміс және ағылшын тілдеріндегі сын есім
2.1. Сын есімді семантикалық тұрғыдан классификациялау.............10 - 14
2.2. Неміс тіліндегі сын есім.................................................................15 - 25
2.3. Ағылшын тіліндегі сын есім..........................................................26 - 34

3. Неміс және ағылшын тіліндегі сын есімдердің типологиялық ерекшеліктері
3.1. Сын есімнің септелуі......................................................................35 - 41
3.2. Сын есімнің шырайлары................................................................42 - 49
3.3. Партицип І мен ІІ сын есім сын есім ретінде қолданылуы .......50 - 54

Қорытынды....................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................57 - 58


ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңаша бағытпен дамыту мақсатымен аттау үлкен үміттің басты нышаны болды. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Еліміздегі экономикалық, мәдениет пен білім беру салаларындағы өзгерістер Қазақстанның экономика, ғылым, технология, мәдениет пен білім беру салаларынан халықаралық қатынастарға жол ашу болып табылады. Қазіргі қоғамға ең аз дегенде екі тілді меңгерген мамандар қажеттігіне негіздейді. Соған сәйкес, екінші тілді, үшінші тілді қажеттілік туындаса, бірнеше тілді меңгеру басты мәселеге айналады. Екі шет тілі маманын дайындау барысында бірінші тілдегі терең білімі жеткіліксіз, оған сонымен қатар екінші тілде оқу барысын ұйымдастыра алу шеберлігі талап етіледі. Біз білетіндей, жер шарында 2800 тілде сөйлейтін халық өмір сүріп жатыр. Осы тілдер арасында бір-біріне ұқсас тілдер салыстырмалы түрде тез меңгеруге септігін тигізеді. Ұқсастықтары мен өзгешеліктері бірнеше негізгі түрлерімен көрсетіледі. Ең бастысы материалдық және құрамы жағынан ұқсастығын айқындау. Бір-екі сөзде немесе олардың түбірінде ұқсастық табылса, ол кездейсоқ болуы мүмкін. Осы ұқсастықтар бір немесе екі тілде емес, бірнеше тілдегі ұқсас морфемалар табылса, онда кездейсоқ деп айта алмаймыз. Осындай ұқсастықтар тарихи байланысын көрсетеді. Яғни бұл тілдер өз уақытында қолданыста болған бір тілден пайда болған. Екі шет тілін меңгеру қиын сияқты. Шынында да, солай ма екенін айқындайық. Тарихқа үңілсек, ағылшын және неміс тілдерінің түбірі бір екенін көреміз. Уақыт барысында өзгерістер болды. Қазіргі тілдің жағдайы көп ғасырдан кейін әлдеқайда жақсы болуы мүмкін. Осыған қарамастан, кейбір ұқсастықтарды айқындай түсейік.

     Неміс және ағылшын тіліндегі грамматикада көп ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыру шетел тілдерін игеруде жақсы көмектеседі. Морфологиялық тұрғыдан жалпы сөздерді сөз таптарына топтастырғанда екі тілде де ұқсастықтар байқалады. Атап айтсақ, сөз таптары екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: зат есім, етістік, сын есім, сан есім, үстеу, есімдік, екінші топқа: предлогтар, шылаулар, артикль және одағай жатады. Зат есім, етістік, сан есім, сын есім, үстеу, есімдік өзгереді, яғни зат есім септеледі, сые есім жіктеледі. Екінші топқа жататын предлогтар, шылау, одағай сөздер, артикльдер өзгермейді. Артикль деген – грамматикалық ұғым, белгілі және белгісіздікті білдіреді, екі тілде де кезедеседі. Артикль зат есімді анықтау үшін қолданылады. Яғни ағылшын тілінде белгілілікті және белгісіздікті білдіреді. Мысалы: a book - the book, аn apple - the apple. Ал, неміс тіліне келетін болсақ, зат есімнің неміс тіліндегі апртикльдері 3 родқа бөлінеді. Maskulina, Feminina, Neutra. Бұл үш родқа der, die, das артикльдері сәйкес келеді. Сонымен қатар бұл артикльдер белгілілік пен белгісіздікті білдіреді. Белгілілікті der, die, das артикльдері арқылы, белгісіздікті ein, eine, ein артикльдері арқылы беріледі; die Stadt - eine Stadt, das Buch – ein Buch, der Lehrer – ein Lehrer.

Ағылшын және неміс тілдеріндегі етістіктің төмендегідей категориялары бар: жақ, шақ, рай, етіс категориялары. Ағылшын тіліндегі етістіктердің түрлері: simple (негізгі), derivative (туынды), compuond (күрделі), compouse (құрамды) болып бөлінеді. Сонымен қатар ағылшын тілінде етістіктің негізгі 3 формасы бар: бірінші формасы – тұйық етістік/инфинитив (Infinitive), екінші формасы - өткен шақ (Past indefinite), үшінші формасы - өткен шақ есімше (Past Participle). Олар басқа барлық етістіктердің жасалу формаларына жай және күрделі түрлеріне негіз болады. Ағылшын тілінде етістіктер Finite forms of the verb (жақты етістік) және Non – Finite forms of the verb (жақсыз етістіктер) болып бөлінеді. Жалпы өткен шақ  (Past Indefinite) және өткен шақ есімшелі (Past Participle) етістіктер екі топқа бөлінеді. Олар: Regular Verbs (дұрыс етістік) және  Irregular Verbs (бұрыс етістіктер). Етістік мағыналық жағынан және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай: Main Verbs (негізгі етістік), Auxiliary Verbs (көмекші етістік), Link Verbs (байланыстырушы етістік), Modal verbs (модаль етістіктер) болып жіктеледі.

Неміс тілінде етістіктер жіктелетін және жіктелмейтін болып екі түрге бөлінеді. Олардың жіктелетін түрлеріне: 1. Жекеше және көпше түрлерінде қолданылатын үш түрі бар. 2. Алты шақтық түрі бар (die Zeitformen) а) осы шақта білдіру үшін Prasens шағы қолданылады; б) өткен шақты білдіру үшін ағылшын тіліне қарағанда 3 шақтық түрлері бар: Präteritum, Perfekt, Plusquamperfekt; в) келер шақты білдіру үшін – Futurum I. Етістіктің жіктелмейтін түрлеріне: Инфинитивтің ырықты және ырықсыз етістердің қолданылуы жатады. Инфинитивтің ырықты түрі – Infinitiv Aktiv: lesen – оқу, schreiben - жазу. Инфинитивтің ырықсыз түрі: Infinitiv Passiv: gelesen werden – оқылды, geschrieben werden – жазылды.

Есімшенің екі түрі бар: (das Partizip) – Partizip I, Partizip II. Partizip I – lesend, schreibend, zeichnend.  Partizip II – gelesen, geschrieben, gezeichnend.

Сын есімге келетін болсақ, ағылшын және неміс тілдерінде айырмашылықтар мен ұқсастықтары бар. Ұқсастықтары екі тілде де сын есімнің шырайлары Positiv, Komparativ, Superlativ; Positive comparison (жай шырай), Сomparative comparison (салыстырмалы шырай), Superlative comparison (күшейтпелі шырай) арқылы беріледі.. Неміс тілінде сын есім ағылшын тіліндегідей қатыстық және сапалық болып бөлінеді. Неміс тіліндегі сын есімдер әлді және әлсіз болып септеледі. Ағылшын тілінде сын есім тұлғасына қарай simple (негізгі) және derivative (туынды), құрамына қарай simple (дара) және compound (күрделі) болып бөлінеді. Сын есім семантикалық мағыналарына қарай qualitative adjectives (сапалық сын есім), және       relative adjectives (қатыстық сын есім) болып екіге бөлінеді. Ағылшын тілінде сын есім текке (родқа), түрге (жекеше, көпше), септікке байланысты өзгермейді.

Семантикалық тұрғыдағыдан неміс тіліндегі үстеулер былайша топтастырылады: Lokaladverbien (Adverbien des Ortes) мекен үстеу -  hier-осында, unter-асты, oben-үсті; Temporaladverbien (Adverbien der Zeit)  мезгіл үстеу – heute-бүгін, gestern-кеше, jetzt-қазір;   Modaladverbien (Adverbien der Art und Weise) іс-қимыл үстеуі - zusammen-бірге, anders-басқа, gern-өте. Intensivadverben - күшейту үстеулері - besonders-көбіне, viel-көп. Kausaladverbіen  (Adverbien des Grundes) себеп-салдар үстеуі - deshalb-сондықтан, dazu-үшін;    Іnterrogativeаdverbien – wann-қашан?  wie- қалай? warum-неге?

Ағылшын тілінде үстеу (The Adverb) іс-әрекет, қимылдың әртүрлі белгісін, себебін, мақсатын тағы да басқа сипатын білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобын атайды. Үстеу - how? (қалай?), where? (қайда?), when? (қашан?), why?(неге?) сұрақтарына жауап береді. Үстеу лексико-грамматикалық мағынасына қарай алты топқа бөлінеді. Олар: adverbs of place (мекен үстеу), adverbs of time (мезгіл үстеу), adverb of degree (мөлшер үстеу), adverb of manner (сын-бейне үстеуі), adverbs of frequency (қайталау үстеуі), adverb of certainly (сенімділік үстеуі). Сөйлемде үстеу пысықтауыштың қызметін атқарады. Сын есімді анықтайтын үстеулер сөздің алдында келеді. He is a very good student. – Ол өте жақсы студент.

Неміс тілінде сан есім үш топқа бөлінеді: сандық сан есім (Grundzahlworter) – eins-бір; drei-үш; реттік сан есім – (Ordnungszahlworter) – der zweite-екінші, бөлшектік сан есім (Bruchzahlen) -  1/3 ein drittel - үштің бірі, 1/40 ein vierzigstel – қырықтың бірі. Ағылшын тілінде сан есім тұлғасына қарай simple (негізгі) және  derivative (туынды), құрамына қарай simple (дара), compound (күрделі) болып бөлінеді. Сан есім семантикалық мағыналарына қарай Cardinal numerals (есептік сан есім), Ordinal numerals (реттік сан есім), Fractional numerals (бөлшектік сан есім) болып үшке бөлінеді.  Сан есімнің өзіне тән грамматикалық көрсеткіштері бар, олар: th, teen, ty. Сөйлемде сан есім бастауыш, толықтауыш, анықтауыштың қызметін атқарады.

Неміс тілінде есімдік мынадай топтарға бөлінеді: жіктеу – ich (мен), du (сен) т.б.; тәуелдік есімдіктері – mein (менің), dein (сенің) т.б.; өздік есімдіктер – sich; сілтеу есімдіктері - dieser (осы), jener (анау); сұрау есімдіктері -  wer? (кім?), was? (не?); белгісіздік есімдіктері – kein (ешкім); қатыстық есімдіктері der, das, die (сол); жақсыз есімдіктер – es (аударылмайды). Сонымен қатар тағы 2 топ бар. Олар бөлек тұрады: ортақ есімдіктер (einander, miteinander); есімдік үстеулер (darauf, wovon, dafur). Ағылшын тілінде есімдіктер  тұлғасына қарай simple (негізгі) және derivative (туынды), құрамына қарай simple (дара) және compound (күрделі) болып бөлінеді. Есімдік – лексико-грамматикалық мағынасына қарай 10 топқа бөлінеді. Олар:  Personal (жіктеу), Possessive (тәуелдік),   Reflexive (өздік), Demonstrative (сілтеу), Interrogative (сұрау), Indefinite (белгісіздік), Reciprocal (ортақ), Relative (қатыстық), Conjunctive (байланыстырушы),  Negative (болымсыздық). Барлық есімдіктер есімдік - зат есімдер, есімдік – сын есімдер болып бөлінеді. Есімдік зат есім сияқты жалпы атау септікте және тәуелдік септікте беріледі: somebody – жалпы септік, somebody’s – тәуелдік.     

         Неміс тілінде предлогтар ағылшын тіліндегідей өзінен кейін белгілі бір зат есімнің септеулі түрін қажет етеді. Кейбір септеулер (предлогтар) ілік септікте, барыс және жатыс септігімен жасалады. Ал басқалары ілік және жатыс септігімен жасалады: mit  + Dat,  zu  + Dat, in   +  Dat. Кейбір септеулер көп мағыналы болып келеді. Мысалы: uber – туралы, үстінде, арқылы; fur – үшін; auf – үстінде деген мағыналарын береді. Сонымен қатар, неміс тілінде артикль мен предлогтардың қосындысынан шыққан белгілі предлогтар бар: bei-dem - beim; zu-dem - zum; an-dem - am. Неміс тілінде предлогтар белгілі бір септікте тұрады.

Ағылшын тілінде предлог сөз табы ретінде қарастырылады. Ағылшын тілінде предлогтар құрамына қарай мынадай топтарға бөлінеді: а) жай, ә) күрделі, б) құрамды не топтасқан. Жай предлогтар: at, to, by, for, with. Құрамды: according to, by means of, instead of. Күрделі: іnto, upon, inside, outside.  Предлогтардың ағылшын тілінде мынадай түрлері бар: 1. Prepositions showing place (орынды көрсететін предлогтар); 2. Prepositions which show direction (бағыт пен қозғалысты көрсететін); 3. Preposition of Time (уақытқа байланысты); 4. Preposotions for, with, by, of, to from, about (септіктермен байланысты); 5. Prepositions because of, in view of  (себепті білдіретін).

Екі тілде де өз алдына толық дербес мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша  мағына үстеп тұратын көмекші сөздер - шылау деп аталады. Шылаулардың лексикалық мағынасы болмайды және сөйлем ішінде олар сөйлем мүшесі бола алмайды. Шылаулар неміс тілінде бір сөзден – und, aber, als, немесе жұпты екі бөлек сөзден құралады:      sondern auch, nicht nur. Синтактикалық мағынасына қарай шылаулар неміс тілінде сабақтастырғыш (Koordinierende Konjunktionen) және бағыныңқы (Subordinierende Konjunktionen) болып бөлінеді. Сабақтастырғыш жалғаулықтар сөйлемдегі сөздерді – und, aber, doch шылаулары арқылы біріктіреді. Бағыныңқы жалғаулықтар басыңқы сөйлемді негізгі сөйлеммен da, als, wenn, weil, dass жалғаулықтары арқылы байланыстырады. Ағылшын тілінде шылаулар (the Conjunction) яғни жалғаулық шылаулар. Жалғаулық шылаулар co-ordinating conjunctions (салыстырғыш жалғаулықтар) және  subordinating conjunctions (сабақтастырғыш жалғаулықтар) болып бөлінеді. 1.  Сo-ordinating conjunctions (салыстырғыш жалғаулықтар); copulative conjunctions (ыңғайластық жалғаулықтар); disjunctive conjunctions  (талғаулықты жалғаулықтар); adversative conjunctions (қарсылықты жалғаулықтар) болып үшке бөлінеді. 2. Subordinating conjunctions (сабақтастырғыш жалғаулықтар) бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлеммен байланыстырады.

Адамның алуан түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табы одағай деп аталады. Екі тілде де одағай ерекше сөздер тобын құрайды, олар не есім сөздерге не көмекші есімдерге жатпайды. Сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қызметін атқармайды, басқа сөздермен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Одағайлар жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды, тек (көмекші) қандай? cұрағына жауап беруіне байланысты басқа мүшелермен тіркесіп қолданылады. Неміс тілінде одағай сөздер көп жағдайда қолданылады: ah, ach, au, ei, hm, oh, pfui, weh. Сонымен қатар дыбыс еліктеуіш сөздер жатады: wau-wau, kikerik, hurra, bravo! - бұлар да еліктеуіш сөз болады. Одағайлар тікелей сөз қарым-қатынасында қолданылады.

Ағылшын тілінде одағай сөздер мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді: көңіл-күй одағайы, шақыру одағайы. Одағай сөздер лепті, сұраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Forms of the Interjections (одағайдың түрлері). Көңіл - күй одағайлары (anger, surprise, pleasure, interjections) - oh, ah, eh, alas! Hush! Hey! Hullo! Hum! Кейде сөз таптары одағай бола алады. (Sometimes other parts of speech are used as interjections): well (жақсы), why (не дегеніңіз!) there (әне). Шақыру одағайлары (we include imitation of counts) swish! (қойға), mew! (мысыққа), bow-bow (итке).

Іздеу