Жалпы білім беру мектептерінде қоммуникативтік грамматикаға оқыту әдістері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе........................................................................3-5
1. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларында коммуникативтік грамматикаға үйрету
1.1 Грамматика туралы ұғым және шет тілдік коммуникативті компетенцияны қалыптастырудағы қызметі………………………6-9
1.2 Активті грамматикамен жұмыс істеу әдісі………………………………..10-17
1.3 Пассивті грамматикамен жұмыс істеу әдісі…………………………17-21
2. Тілдің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру
2.1 Тілдің грамматикалық жағын игеруде кездесетін қиындықтарды жеңу жолдары………………22-27
2.2 Грамматикалық материалдарды түсіндіру және жеткізу………………..27-32
2.3 Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін шартты коммуникативтік және жеке дербес коммуникативті жағдайлар туғызу…………32-40
2.4 Шетел тілінің грамматикасына үйрету процесінің коммуникативті аспектісі....................40-48
2.5 Грамматикалық қателермен жұмыс жасау..................................48-50
Қорытынды........................................................51-58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................59-60


КІРІСПЕ

Оқушылар шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде игереді және олар жазбаша және ауызша формаларында шетел тілін пайдалана алу керек. Яғни, сөз әрекетінің төрт түрі: рецептивті – тыңдап-түсіну және оқу, продуктивті – сөйлеу және жазу, бұлармен өте тығыз байланысты тілдің үш аспектісі – лексика, фонетика, грамматика. Практикалық аспект қарым-қатынастың барлық формалары және тілдік функцияларды игеруді қарастырады. Шетел тілі қарым-қатынастың құралы, отандық мәдениетті, халықтар арасындағы достықты, экономикалық және әлеуметтік прогресті дәріптеу құралы болу керек.

Білімді қабылдау және элементтер жиынтығы емес, ол адамның өмір сүру формасы. Білімді механикалық түрде бірбастан екінші басқа сала салу мүмкін емес. Білімді игеру тек іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Адам өз білімін өзі игеру керек, ал мұғалім тек қана бұл процесті бағыттаушы. Бұл ереже академик А.А.Леонтьевтің жетекшілігімен жасалған «Школа – 2100» концепциясының негізіне қаланған. Жақсы мұғалім белгілі бір информациялар көлемін беріп қана қоймайды, сұраққа жауап беруге ғана үйретпейді, ойлаудың жаңа әдістеріне, өз бетімен оқудың қажетті дағдыларына үйретеді. Кез-келген пәнді оқу барысында оқушыға көп оқу қажет болады, көптеген әдебиеттермен, жұмыс жасайды, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстарын, емтихан тапсырады. Шетел тілі қазір әр түрлі салаларда маман ретінде өсу құралы болып табылады. Сондықтан да көптеген техникалық және экономикалық жоғары оқу  орындарында шетел тілінен оқу орнына түсу кезінде емтихан тапсырады.

Сабақ – оқу процесінің ажырамас бір бөлігі. Сабақта мұғалім қолданатын ғылыми концепцияның тиімді және тиімсіз жағы көрініп тұрады. Тәжірибелі методистке бірнеше сабаққа қатысса болды, белгілі бір сыныпта шетел тілін оқыту процесі қандай жағдайда екендігін біле алады. Егер де оқытушы алын-ала сабақты дайындап, сабақтың орнына жақсы көрініс көрсеткісі келгенмен, бұл 5-10 минуттан соң көрініп қалады. Сабақта оқыту процесінің барлық ерекшеліктері болады. Сабақ оқу тапсырмаларының жиынтығы, оны оқушы мен оқытушы бірге шешеді.

Мен, оқу практикасынан мектептерде өткенде, жас, тәжірибесі аз мұғалімдердің де, тәжірибесі мол мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Әр оқытушыда, мұғалімде уақыт келе өзіне тән әдісі қалыптасады. Бір әдіс, тәсіл бір мұғалімге тиімді болса, екіншісі үшін басқаша болады. Бірақ барлық жақсы сабақтар үшін методикалық концепция қажет. Білетін мұғалімдер қай тапсырманы қандай мақсатпен беріп тұрғанын өте жақсы біледі. Белгілі методикалық концепциясыз сабақ босқа, жаттығулар мен тапсырмалардың ретсіз, бейберекет жиынтығына айналады, мәні оқушылар түгел мұғалімге де түсініксіз болуы мүмкін. Оқытушы шетел тілі сабағының методикалық мазмұнын білу керек, басқа сөзбен айтсақ, сабақтың ерекшелігін, структурасын, логикасы мен жұмыс тәсілдерін анықтайтын негізгі ережесін білу керек.

Мектептегі шетел тілін оқыту жағдайы көп аспектілі. Оған мұғалімдерді дайындау, әдістеме ғылымының жағдайы кіреді. Тоқырау заманында әдістеме ғылымының басты негізі иделогияға бағытталған. Мұғалімдердің әңгімелерінде, ”Иностранные языки в школе” журналына жазған хаттарында шетел тілі пәнінің жағдайы, мектептердің оқулықтар және оқу құралдарымен қанағаттанарлықсыз жабдықталғандығы, мектепте көрнекі құралдардың жоқтығы туралы жазылған. Шетел тілінің мұғалімдерінің арасында өз мамандығына берілген адамдар көп. Бірақ олардың энергиясы пайдасыз шаруаларға кетеді; әдістемелік құралдар, материалдар таңдау және көбейтуге жұмсалады. Мұғалімдердің білім деңгейін көтеру, жетілдіру проблемасы тұр. Тілін оқып жатқан елде білім жетілдіру мүмкін болмады. Шетел тілінің осындай жағдайына байланысты нәтижесі де көрініп тұрады. Жылдар бойы шетел тілін оқыса да, оқушылар екі сөздің басын қосып айта алмады. Екі сөздің басын қоса алмауы  оқушылардың ғана проблемасы емес, бұл шетел тілін оқыту әдістемесі және қолдауға қатысты.

         Бірақ қазіргі өмірде болып жатқан процестер бұрын қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге көптеген жағдайлар жасап отыр. Бүгінгі таңда шетел тілін білу, шетел тілінде қарым-қатынас жасай алу мәдени ғана емес, экономикалық қажеттіліктен туып отыр. Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер; қарым- қатынасты кеңейту, сыртқы экономикалық аренаға шығу және т.б. шетел тілін практика жүзінде меңгеру қажеттілігін туғызды. Шетел тілін тиімді меңгеру шетел тілін оқытудың жаңа формалары мен әдістерін туғызды.

         Қазіргі кезде шетел тілін меңгеру – адамның мәдени даму көрсеткіші ғана емес, әр түрлі өнеркәсіп сферасындағы табысты еңбек шарты.Егер де оқушы бұрын идеологиялық қарсыласқа бәсекеге дайындалса, қазір құрдасымен достық қарым-қатынас жасауға, бірлесіп жұмыс жасауға дайындалады. Шетел тілін оқытуда, қазіргі жағдайда практика теориядан алда келеді.

Болашақ екі шетел тілі маманы ретінде мен диплом жұмысымды шетел тілін оқытудың әдістемесі бойынша жазуды жөн көрдім. Диплом жұмысымды «Жалпы білім беру мектептерінде коммуникативтік грамматикаға оқыту әдістері» тақырыбына жаздым. Институт қабырғасында шетел тілін оқытудың әдістемесі  пәндерінен алған білімімді мектептегі практикамен ұштастыра отырып, тақырыбымды жан-жақты ашуға тырыстым.

Мақсаты – шетел тілінде қарым-қатынастың формаларын үйретуде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру жолдарын қарастырып, коммуникативтік грамматикаға оқыту әдістерін анықтау.

Міндеттері:

  • шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі грамматиканың рөлі мен орны;
  • грамматикалық материалдарды коммуникативтік тұрғыдан сұрыптау;
  • активтік және рецептивтік грамматикалық минимумдарға арналған грамматикалық жаттығулардың түрлерін анықтау.

Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып, танысудан бастадым. Диплом жұмысымның  тақырыбы «Жалпы білім беру мектептерінде коммуникативтік грамматикаға оқыту әдістері»  болғандықтан мен шетел тіліне оқыту методикасы бойынша әдебиеттер, басылымдар, әдістемелік құралдарды іздестіріп, тауып, тізімін алып, таныстым. Диплом жұмысымды жазу барысында шетел тілін оқыту методикасы бойынша әдебиеттерден басқа, әдістемелік құралдар, атап айтсақ, «Мектептегі шет тілі», Ресейде шығатын «Иностранные языки в школе» басылымдарын пайдаландым.

Іздеу