Шетел тілі сабағында қарым-қатынас жасауға үйрету (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе................................................................3-6
1. Коммуникативті әдіс – сөйлеуге үйрету құралы
1.1 Тілдік біліктіліктерді қалыптастыру.................................................7-25
1.2 Тілдік біліктіліктерді жетілдіру.........................................................26-35
1.3 Тілдік біліктіліктерді дамыту...........................................................36-40
2. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
2.1 Сөз, сөз тіркестері, сөйлем мен жоғары фразалық бірлік деңгейіндегі жаттығулар.........................41-55
2.2 Монолог түрінде сөйлеуге үйрету.............................................56-64
2.3 Диалог түрінде сөйлеуге үйрету............................................65-74
Қорытынды.....................................................................................75-78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................79-81


КІРІСПЕ

Еліміздің экономика, ғылым, технология, мәдениет және білім салаларындағы халықаралық байланыстардың күшейе түсуі қазіргі қоғамның кемінде екі немесе одан да көп шетел тілін меңгерген мамандарға мұқтаждығын көрсетеді. Шетел тілі мұғалімі шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды ғылыми негіздей алып, шетел тілін ұйымдастырудың заңдылықтары туралы терең білімі болып қана қоймай, шетел тілін оқытуды ұтымды ұйымдастыра алуы тиіс.

Шетелі тілін оқыту теориясының қазіргі жағдайы және жинақталған білім оқытудың коммуникативті (компетенттілігіне) іскерлікке тағы да тоқталуды қажет етеді. Шетел тілін оқытудың мәдени әлеуметтік мазмұны өзгерді, олардың мектепте және ЖОО білім алу және білімін жетілдіру қызметі өсті. Бұл халықаралық қатынас құралы ретінде шетел тілін үйретудің қажеттілігін туғызды. Шетел тілін қолданудың қажеттілігі өсті. Шетел тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар, шетел тіл оқыту мазмұны мен ұйымдастыру материалы  өзгеруде. Мектеп курсының мазмұны коммуникативті мақсаттар мен барлық оқыту этаптарындағы тапсырмалармен анықталады; бастауыш мектепте, екінші және үшінші сатыларында оқыту оқушылардың мәдени коммуникативтілігін, мәдени білімділігін дамытуға бағытталған.

Шетел тіліне коммуникативті-бағыттай отырып оқыту дегеніміз оқушыларда тілдің коммуникатвті  компетенттігін дайындау, яғни оқушылар шетел тілін іс-жүзінде пайдалануға дайын болу керек.

Кейбір отандық зерттеушілер тілдік коммуникация және техникалық деп бөледі. Техникалық дегеніміз ол информацияны қабылдау және таратуды қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы. Коммуникациялық компоненттеріне мыналар жатады: 1) хабарлаушы; 2) хабарды жеткізуші; 3) байланыс каналы; 4) қабылдағыш; 5) хабарды алушы.

Тілдік коммуникация құрамына хабарлаушы, хабарды қабылдаушы, олардың тілдік жұмысы және тілдің продукты ретінде хабардың өзі.

Пәнді-практикалық іс-әрекетке қарағанда, коммуникативті іс-әрекет субъектілер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталады. А.Б.Добрович коммуникативті процестің іс-жүзіне асуын төрт фазаға бөледі:

  • іс-әрекетке тарту;
  • ситуацияны анықтау;
  • іс-әрекеттің өзі;
  • іс-қимылдың жинақталу.

Адамның қарым-қатынасқа бейімділігі психолог-педагогикалық зерттеулерде жалпы коммуникативтілік деп  анықталады. Коммуникативті болу үшін адамда белгілі бір коммуникативті біліктіліктер болу керек. Г.М.Андрееваның құрған қарым-қатынас концепциясына сүйене отырып, біз коммуникативті біліктіліктер комплексін атай аламыз. Бұл коммуникативті біліктіліктер комплексін  игеру адамның дамуы  мен қалыптасуына, қарым-қатынас жасауына  көмектеседі. Біліктіліктің мынадай 3 түрін ажыратуға болады:

  1. екі адам арасындағы қарым-қатынас;
  2. екі адам арасынадағы іс-әрекет;
  3. екі адамның қабылдауы.

Біліктіліктің бірінші түріне қарым-қатынастың верьбальды емес құралын кіргізуге болады, эмоциональды хабарларды және т.б.

Біліктіліктің екінші түрі кері байланысты қалыптастырады. Үшінші түрі сөйлесушілінің позициясын қабылдау, оны тыңдау және қарым-қатынасқа алдын-ала дайындықсыз түсу және оны ұйымдастыру. Осы біліктіліктерді игерген адам қарым-қатынасқа түсе алады.

Шетел тілін жақсы игерген жағдайда оқушылар тілдік формаларды ғана игеріп қоймай, олар қарым-қатынасқа түскенде қолдана алуы қажет. Оқу процесінде коммуникативті подходты қолданудың артықшылығы коммуникативті біліктілікті қалыптастыру оқушылар мотивациясын көтереді, пәнаралық байланысты қалыптастырады. Бұл танып-білу, ойлау және т.б. дамытуға көмектеседі.

Болашақ шетел тілінің мұғалімі ретінде институт қабырғасында шетел тілін оқыту әдістемесі пәндерінен алған білімдерім мен мектептегі практика кезінде алған тәжірибемді ұштастыра отырып, диплом жұмысының тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.

Мақсаты – шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, коммуникативтік бағытта ауызша қарым-қатынас жасауға үйрету жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

  • шетел тілі сабақтарында коммуникативті компетенттілікті қалыптастыру;
  • шетел тілін оқыту барыснда алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана білу;
  • оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту.

Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып, танысудан бастадым. Диплом жұмысымның  тақырыбы «Шетел тілі сабағында қарым-қатынас жасауға үйрету» болғандықтан мен шетел тіліне оқыту методикасы бойынша әдебиеттер, басылымдар, әдістемелік құралдарды іздестіріп, тауып, тізімін алып, таныстым. Диплом жұмысымды жазу барысында шетел тілін оқыту методикасы бойынша әдебиеттерден басқа, әдістемелік құралдар, атап айтсақ, «Мектептегі шет тілі», Ресейде шығатын «Иностранные языки в школе» басылымдарын пайдаландым.

Іздеу