Басытқы тағамдар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1. Бутербродтар
2. Салаттар мен винегреттер
3. Көкөністерден дайындалатын жеңіл тағамдар
4. Балықтан дайындалатын жеңіл тағамдар
5. Еттен дайындалатын басытқылар
6. Сүзбе мен жұмыртқадан дайындалатын басытқылар
7. Тағамды безендіру түрлері
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Басытқы тағамдарға тағам қабылдау алдында берілетін және суық күйінде қолданылатын тағамдар: бутербродтар, салаттар және т.б. жатады. Оларды даярлау үшін балғын және ашытылған, тұздалған және пісірілген көкөністер, балық және балық гастроном тауарлары, ет және ет гастроном тауарлары, сыр, жұмыртқалар, сүзбе қолданылады. Басытқыларды әртүрлі қатықтармен және соустармен, майонезбен және қаймақпен жібереді. Кейбір тағамдармен қыша жақсы үйлеседі. Жеңіл тағамдарды салат, ақжелкен, балдыркөк, аскөк, көк пияз көктерімен және тағам құрамына кіретін өнімдермен безендіреді.
Басытқы тағамдардың негізгі тағайындалуы – организмді тағам қабылдауға даярлау, себебі олар асқорыту сөлінің жақсы бөлінуіне ықпал етеді. Әсіресе, сөл бөлу қасиетіне маринадталған және тұздалған көкөністерден, балық және ет гастрономдық тауарлардан даярланатын өткір басытқылар ие. Көбінесе, оларға адам тамақтануына қажетті өсімдік майын қатады.
Басытқыларды суық цехта даярлайды. Ол ыстық цехпен және сауда залымен ыңғайлы байланысуы керек. Ол ерекше таза болу керек және барлық санитарлы талаптар қадағалануы керек, себебі, бұл цехтың өнімдері жылулық өңдеудің соңғы кезеңінен өтпейді.
Барлық өнімдер мен жартылай фабрикаттар абсолютті балғын болу керек; шикі және піскен өнімдерді өңдеу бөлек жүргізілу керек; құралдар, ыдыстар, өңдеу тақталары маркіленуі керек. Цехта бутербродтар, салаттар, құйма және тәтті тағамдар даярлау үшін жұмыс орындары бөлінеді. Бұнда келесідей жабдықтар, құралдар мен ыдыстар қолданылады: гастрономдық тауарларды кесуге арналған машина; тоңазытқыштар; аспаздық үштік пышақтары; пішіндеп кесуге арналған өрнектеу, гастрономдық, сыр кесуге арналған пышақтар; ПК (піскен көкөністер), ШК (шикі көкөністер) және «Майшабақ» маркіленуі бар өңдеу тақталары; қалыптар; желе, сілікпе даярлауға арналған астаушалар.Үстел үстіне өнімдерді порцияға бөлу үшін таразылар және татымдықтарға арналған ыдыстар орнатылады.

Іздеу