Көжелер (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1. Сорпа түрлері
2. Ас қатық қосылған көжелер
3.Щи
4. Борщ
5. Қышқылтым көжелер
6.Тұз көжелер
7. Көкөніс көжелері
8. Картопты көжелер
9. Жармалар, бұршақтылар, макарон өнімдері қосылған көжелер
10. Езбе көжелер
11. Сүт көжелер
Салқын көжелер
Тәтті көжелер
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Көжелер әртүрлі сорпаларда, қайнатпаларда (осылайша вегетариандық көжелер аталады), сүтте, кваста, сүт қышқылды өнімдерде жасалады. Көженің қою бөлігі гарнир деп аталады және олар көкөністерден, жармалардан, макарон өнімдерінен, бұршақтан, жемістерден, жидектерден дайындалады.
Көжелерде асқазан бездерінің қызметін реттейтін экстрактивті және ароматты заттар, минералды тұздар, органикалық қышқылдар бар. Кейбір көжелер жоғары калориялы, олар өте құнды, себебі, оларды қаймақпен, ет өнімдері жинағымен, пирогтармен, ватрушкалармен береді.
Көжелерді сұйық негізі, дайындау әдісі және беру температурасы бойынша жіктейді.
Дайындау әдісі бойынша көжелер ас қатық қосылған көжелер, езбе-көжелер, мөлдір, сүт көже, салқын көже болып бөлінеді. Ерекше тобы –тәтті көжелер.
Жіберу температурасы бойынша көжелер ыстық (температурасы +70...80оС) және суық (температурасы +10...14оС). Ыстық көжелердің ерекше тобын езбе-көжелер (беру температурасы +55...60оС) құрайды.

Іздеу