Қамырдан әзірленетін тағамдар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1. Қамыр түрлері
2. Турамалар мен салмалар
3. Ашытқылы қамыр
4. Ашытқысыз қамыр
5. Ашытқысыз қамырдан дайындалатын өнімдер
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Қамырдан даярланатын тағамдар кең тараған тағамдардың бірі. Әртүрлі пирогтар, кулебякалар, ватрушкалар, құймақтар, құймақшалар ерекше танымал. Оларды ашыған қамырдан дайындайды. Ашытылмаған қамырдан дайындалатын әртүрлі пирожныйлар, торттар, печеньелер де танымал. Осы барлық өнімдердің құрамында қант, жұмыртқа, май мөлшері көп, яғни өте калориялы. Сонымен қатар олардың дәмдік қасиеттері де жоғары.
Рационалды және емдік тамақтануды ұйымдастыру үшін өнімдердің калориялығын олардың дәмдік қасиеттерін төмендетпей азайту керек. Соңғы кездері төмен калориялы өнімдерді дайындаудың арнайы технологиясы құрылған. Бұнда майдың, қанттың, жұмыртқалардың біраз бөлігін үгілген көкөністермен – қырыққабатпен, сәбізбен, қызылшамен және т.б. алмастыру арқылы жүргізу қарастырылған.
Барлық қамыр түрлерін негізгі екі топқа бөлуге болады: ашытқылы және ашытқысыз қамыр. Ашытқысыз қамыр түрлеріне майқоспалы, тұзсыз, бисквитті, қайнатылған, қатпарлы және үгілмелі қамыр жатады. Қамырдан даярланған барлық өнімдер пісіру кезінде ыстық ауа өнімге жеңіл кіруі үшін шұрықты консистенциялы болу керек. Бұндай құрылымды негіздейтін заттарды қопсытқыштар деп атайды. Ашытқылы қамыр үшін арналған қопсытқыш – ашытқы.

Іздеу