Тәтті тағамдар және ыстық және салқын сусындар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1. Салқын тәтті тағамдар
2. Ыстық тәтті тағамдар
3. Ыстық сусындар
4. Салқын сусындар
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз ауқыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.
Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.
Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.
Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады.

Іздеу