Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Дәріс / Лекция)

«Мектепке дейінгі және бастауыш  оқыту әдістемесі» мамандығына арналған (113 - бет)

Дәріс №1 Кіріспе. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны
Мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру туралы ұғым беру. Курстың мақсатымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні туралы түсінік.
2. Негізгі ұғымдар. Курс мақсаты, міндеттері, мазмұны.
3. Ғылыми ізденістер.
4. Әдістемені оқытудың маңызы.

Дәріс №2 Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемемсінің ғылыми негіздері.
Дәріс мақсаты: Курсты басты теориялық негіздері туралы ұғым қалыптастыру. Курстың ғылыми негіздерімен жете таныстыру. Ғылыми негіздерінің ішкі мәні туралы баяндау.
Дәріс жоспары:
1. Математикалық ұғымдарды қалыптасытру туралы басты ғылыми-зерттеу еңбектері.
2. Ғылыми негіздердің анықтамасы мен сипаттамасы.
3. Әдістемелік нұсқаулар.

Дәріс 3 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі және басқа ғылым салалары
Мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі педагогика жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылатын әдістеме ретіндегі маңызын түсіндіру. әдістеменің тәрбие теориясымен байланысы туралы ұғым беру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математикалық түсінікетерді қалыптастыру пәні туралы жалпы түсінік.
2. Негізгі ғылым салаларымен байланысы.
3. Салалас ғылымдармен байланысы.
4. Психология ғылымымен байланысының маңызы.

Дәріс 4 Мектепке дейінгі балалардағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру проблемаларын зерттеу
Мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық мәселелері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторларымен, ішкі мазмұндарымен қысқаша таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі мәселелері.
2. Бүгінгі таңдағы басты мәселелер.
3. Ғылыми-зерттеу еңбектер.

Дәріс 5 Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы. Әдістеменің дамуындағы ең алғашқы бастамалар (ХVІІ-ХІХ ғғ.)
Мақсаты: Студенттерге қарпайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы туралы түсінік беру. Әдістеменің дамуындағы ең алғашқы бастамалар туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Қарапайым математикалық түсініктерд і қалыптастыру әдістемесінің тарихына қысқаша шолу жасау.
2.Я.А.Коменский, И.Г.Песталоццидің негізгі ой-пікірлері.
3.Халық педагогикасы элементтері.

Дәріс № 6 ХІХ-ХХ ғасырдағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің дамуы
Мақсаты: Студенттерге неміс дидакты, психологы В.А.Лайдың арифметиканы үйрету туралы зерттеулері жайлы ұғымдарын қалыптастыру. 1912 жылы шыққан Д.Л.Волковскийдің «Бала ұғымындағы сан әлемі» атты еңбегінің мазмұнын таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Неміс дидакты, психологы В.А.Лай зерттеулерінің негізгі ұстанымдары.
2. Д.Л.Волковскийдың «бала даумындағы сан әлемі» атты еңбегінің басты тақырыптары.

Дәріс №7 Кеңестік дәуірдегі әдістеменің қалыптасу кезеңдері
Мақсаты: Студенттерге кеңестік дәуірдегі әдістеменің қалыптасу кезеңі туралы түсінік беру. Әдістемелік құралдардың ішкі мазмұны туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. 1912 ж. «Балабақшадағы математика» атты В.А.Кемництің еңбегінің маңызы
2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар (Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегер, Ф.И.Блехер т.б.)
3. Сан ұғымын қалыптастыру бағытындағы ой-пікірлер.

Дәріс №8 Көрнекті қоғам қайраткері, әдіскер-педагаог Е.И.Тихееваның (1865-1941) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру туралы зерттеу жұмыстары.
Мақсаты: Көрнекті педагаог Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту әдістемесінің дамуына қосқан үлесі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Негізгі оқулық әдістемелік еңбектерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасрудағы еңбегі.
2. Негізгі ғылыми туындылары мен әдістемелері.
3. Ғылыми ізденістері.
4. Е.И.Тихееваның еңбектерінің бүгінгі таңдағы маңызы.

Дәріс 9 Ф.М.Блехердің «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» (1934) атты кітабы – ең алғашқы оқу бағдарламасы ретінде.
Мақсаты: Студенттерге бағдарламаның маңыз туралы ұғым беру. Еңбектің мазмұнымен таныстыру. Еңбек мақсатын хабарлау.
Дәріс жоспары:
1. Ф.М.Блехердің еңбектеріне қысқаша сипаттама.
2. «Балалар бақшасы мен даярлық топтағы математика» (1934) атты кітабының маңызы мен мазмұны.
3. сабақ барысындағы ойындардың маңызы.

Дәріс 10 Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістеменің дамуына әсері.
Мақсаты: Студенттерге алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен психологиялық-педагогикалық зерттеулер туралы ұғым беру. Әдістеменің міндететрін нақтылау. Әдістеменің даму барысын айқындау.
Дәріс жоспары:
1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен психологиялық-педагогикалық зерттеулер туралы жалпы түсінік.
2. Әдістеменің даму жолдары.
3. Ғылыми ізденістерге сипаттама.

Дәріс 11 А.М.Леушинаның мектеп жасына дейінгілердің математикалық ұғымдарын дамыту мәселелеріне қосқан үлесі.
Мақсаты: Студенттерге А.М.Леушинаның өмірі мен педагогикалық қызметі туралы ұғым беру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесінің негізін қалаушы ретіндегі еңбегін жан-жақты түсіндіру, А.М.Леушина еңбектерін талдауға баулу.
Дәріс жоспары:
1. А.М.Леушина әдістеменің ғылыми, теориялық және психология-педагогикалық негізін салушы.
2. 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін әдістемесінің басты бағыттары, ерекшеліктері.
3. А.М.Леушинаның әдістемелік тұжырымдамалары.
4. А.М.Леушинаның ғылыми еңбектерін талдау.

Дәріс 12 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің бүгінгі таңдағы жетілдіру жолдары
Мақсаты: Қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге сай әдістеме мазмұнындағы ерекшеліктермен таныстыру. Ғылыми жаңалықтар туралы ұғым беру. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикасын дамыту мәселелері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуындағы және танымдық қызығушылығының артуындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың маңызы.
2. Балабақшадағы математика сабағына қойылатын әдістемелік талаптар.
3.Балабақшада математикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған бүгінгі таңдағы шаралар.

Дәріс 13 Алты жастағы балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Мақсаты: Студенттерге алты жастағы балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру туралы білім беру. Алты жастағы балаларға берілетін негізгі математикалық ұғымдар туралы түсінік қалыптастырып, оларды оқыту ерекшеліктерін меңгерту.
Дәріс жоспары:
1.Алты жастағы балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру жолдары.
2. Негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері.
3. Осы бағыттағы ғылыми ізденістер.
4. 6 жастан бастап оқытудың маңызы.

Дәріс 14 1960-1980 жылдардағы мектеп жасына дейінгі баланың математикалық ұғымдарын дамыту мақсатында жүргізілген педагогикалық эксперименттердің негізгі мәселелері.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын дамытудың тиімді жолдарына табуға әсіресе 60-80 жылдары жүргізілген педагогикалық эксперименттер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көлем, сан, жиын, кеңістік және уақыт ұғымдарын дамытуға бағытталған эксперимент жұмыстарымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. 1960-80 жылдардағы педагогикалық эксперименттер жайында жалпы түсінік.
2. Осы зерттеу шараларының жас ерекшелігіне сай педагогика, психология және әдістемелермен ішкі байланысы.
3. Математикалық ойындар.
4. Жұмыстың бағыттары және мазмұны. Жаңа дидактикалық құралдар.

Дәріс 15 Бүгінгі таңда республикалық қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселелері
Мақсаты: Жаңа қоғамдағы бетбұрыстарға, сай ғылыми зертханалар мен балабақшада жүргізіліп отырған шаралар туралы ұғым беру. Компьютерлік сауаттылыққа баулу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екендігін ұғындыру. Оқу үрдісін ұйымдастыру түрлерімен таныстыру. Жаңа оқыту технологиясымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Республикамыздағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың бүгінгі таңдағы мәселелері.
2. Компьютерлік сауаттылықтың маңызы.
3. Жаңа оқыту технологиясы.
4. Сабақты жоспарлаудағы тәрбиешінің шығармашылығының маңызы.

Дәріс 16 Балабақшада және мектепте тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы.
«Балбөбек» бағдарламасының мақсаты, негізгі ұстанымдары.
Мақсаты: «Балбөбек» бағдарламасының негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы ұғымдарын қалыптастыру. «Ойна да ойлан» бөлімінің маңызын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. «Балбөбек» бағдарламасының басты мақсаты мен ұстанымдары.
2. «Ойна да ойлан» бөлімінің ерекшеліктері.
3. Халық педагогикасымен сабақтастығы.

Дәріс 17 Балабақшада және мектепте қарапайым математика ұғымын қалыптастырудың міндеттері
Мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математика ұғымын жүйесін қалыптастырудың маңызы туралы түсінік беру. Логикалық ойлау жүйесін қалыптастырудың алғышарттары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Балабақша және мектепте қарапайым математика ұғымын қалыптастырудың міндеттері туралы жалпы түсінік.
2. Оқытудың сабақтастығы.
3. Бағдарлама міндеттері.
4. Оқу әрекетінің бастапқы түрлерін қалыптастыру.

Дәріс 18 Балабақшада және мектепте қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды оқытудың дидактикалық негіздері
Мақсаты: Оқытудың дидактикалық негіздері туралы жалпы түсінік беру. Оқу құралдарындағы баланың ақыл-ой қабілетін дамыту мәселелерімен таныстыру. Баланың танымдық әрекеті туралы ұғым беру.
Дәріс жоспары:
1. Оқытудың дидактикалық негіздері туралы түсініктер.
2. Оқытудағы баланың танымдық белсенділігі мен ақыл-ой қабілетін дамыту туралы мәселелер.
3. Баланың танымдық әрекеті
4. Баланың танымдық әрекетін дамытудың негізгі заңдылықтары.

Дәріс 19 Балаларды мектепке даярлауды қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру пәнінің мазмұнына жалпы сипаттама
Мақсаты: Студенттерге пәннің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру. Арнаулы математикалық негізгі ұғымдармен таныстыру қарапайым математика ұғымдарын дамыту жолдарын ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру пәні туралы жалпы түсінік.
2. Жас ерекшелігіне сай топтарда қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыруға қысқаша сипаттама.
3. Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыруда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер және олардың маңызы.

Дәріс 20 Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру пәнін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Студенттерге қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру пәнін оқыут әдістемесі туралы түсінік беру. Оқыту әдістемесінің мақсатын жүзеге асырудағы қалыптастыру. Оқыту әдістемесінде жүйелілік бірізділік принциптерін басшылыққа алу жолдары.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру пәнін оқыту әдістемесі туралы жалпы түсінік.
2. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінде қолданылатын басты әдіс-тәсілдерге сипаттама.
3. Бағдарламалық талаптар.
4. П.Я. Гальпериннің әдістер туралы теориясы.

Дәріс 21 Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастырудың теориялық негіздерінің басты мақсаты – қарапайым математикалық ұғымдарын нақтылау.
Мақсаты: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастырудың теориялық негіздері туралы түсінік беру. Математикалық ұғымдарға шолу жасау. Логикалық және математикалық құрылымдармен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастырудың теориялық негіздеріне сипаттама.
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптастыруда көрнекі және қызықты материалдардың маңызы.
3. Баланың ойлау қабілетінің логикалық құрылымына ықпал ету жолдары.
4. Бағдарламалық міндеттер.

Дәріс 22 Балабақшада қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру құралдары және оны жүзеге асыру жолдары
Мақсаты: Студенттерге дидактикалық және көрнекі құралдар жайында түсінік беру. Құралдардың түрлері және оларға қойылатын талаптар туралы баяндап беру. Сабақта және сабақтан тыс қолданылатын көрнекі құралдар туралы айту.
Дәріс жоспары:
1.Балабақшада қарапайым математикалық түсінікті– қалыптастыруға арналған құралдарға жалпы түсінік.
2. Құралдар және олардың түрлері, оларға қойылатын талаптар.
3. Құралдарды сабақты және сабақтан тыс қолдану әдістері
4. Құралдардың түрлері.

Дәріс 23 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру түрлері
Мақсаты: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмыстарын алға апару туралы ұғым беру. Сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру. Дидактикалық жаттығулар туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру түрлері.
2. Дидактикалық жаттығулардың маңызы.
3. Балабақшада және үйде ұйымдастыру шаралары.
4. Жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Дәріс 24 Балаларда сан туралы ұғымның қалыптасуы.
Мақсаты: Студенттерге баланың санды қабылдау ерекшеліктері туралы ұғым беру. Сан туралы ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған шаралармен таныстыру. Сан ұғымдарын қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Балалардың сан туралы ұғымын қалыптастырудың маңызы және міндеттері.
2. Сан ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен мазмұны.
3. Бағдарламалық талаптар.
4. Балаларда сан ұғымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Дәріс 25 Қарапайым арифметикалық амалдарды шешуге үйретудің жолдары
Мақсаты: Студенттерді қарапайым арифметикалық амалдарды шешуге үретудің маңызы мен таныстыру. Балалардың ақыл-ой дамуына арифметикалық амалдар үйретудің ықпалын ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1. Қандай арифметикалық амал түрлерін білесіңдер?
2. «Теңдік», «Теңсіздік» ұғымдары
3. Амалдарды жаза білуге үйрету әдістері және маңызы
4. Заттарды санына қарай салыстыруға үйрету жолдары.

Дәріс 26 Балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың түрлері, үйрету кезеңдері, қолданылатын әдістері мен тәсілдері
Мақсаты: Қарапайым амал түрлерін үйретудің маңызы және мазмұнымен таныстыру. Қосу және азайту амалдарын үйретудің жолдары туралы түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Қарапайым арифметикалық амалдарға үйретудің маңызы және міндеттері.
2. «Қосу» және «азайту» амалдары.
3. Баланың таным белсенділігін дамытудағы амалдарға үйретудің әсері.
4. Арифметикалық амалдарға үйрету жолдары.

Дәріс 27 Балаларда зат көлемі мен өлшемі туралы түсінік қалыптастыру
Мақсаты: Көлем туралы бала түсінігін қалыптастыру жолдары туралы айтып беру. Көлем ұғымдарын қалыптастырудың маңызын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Балаларды заттың көлемі мен өлшеуге үйретудің маңызы.
2. Көлемді өлшеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
3. Өлшей білуді баланың ойын әрекетіне қолдануға үйрету.

Дәріс 28 Балалардың көлем туралы ұғымын қалыптастырудың әдістемесі
Масқаты: Көлем туралы ұғымдарын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру. Шартты өлшеу құралдарын қолдану барысымен таныстыру әдістемені жүзеге асыру жолдарын ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1. Кеңістік көлем ұғымдарын қалыптастырудың маңызы.
2. Өлшеу процесін жүзеге асыру жолдары.
3. Өлшеу үшін қолданылатын негізгі құралдар.
4. Өлшеуді үйретудің маңызы.

Дәріс 29 Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым өлшеуге үйретудің маңызы
Мақсаты: Шартты өлшем түрлерімен таныстырудың маңызы. Өлшемді бастау және қорытындылау негіздерімен таныстыру. Балаларда өлшеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын үйретудің мәнін ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1 Өлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті факторлар.
2.Өлшеу әрекетіне балалардың қызығушылығын арттыру жолдары.
3.Өлшеу дағдыларын үйретудің балалардың математикалық ұғымдарын

Дәріс 30 Түрлі өлшемдерді (сұйық, сусымалы) және ұзындықты өлшеуді үйрету әдістері
Мақсаты: Студенттерге түрлі өлшемдерді өлшеуге үйрету жайында теориялық ұғым беру. Өлшей білуге жаттықтыру. Өлшеу түрлерімен таныстыру. Өлшеуге үйрету.
Дәріс жоспары:
1. Өлшеу жайында жалпы түсінік.
2. Түрлі зат өлшемдерін шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуге үйрету әдістері.
3. Заттың массасы, физикалық күйі, сұйық және сусымалы заттардың қасиеті туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дәріс 31 Мектепке дейінгі балалардың жалпыға ортақ өлшеу мөлшері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мақсаты: Студенттерге жалпы өлшем турлері тұралы ұғым беру.
Метр, литр, сантиметр ұғымдарын түсіндіру. Кесіділерді өлшеу жолдарын үйрету.
Дәріс жоспары:
1. Метр, сантиметр, литр ұғымдарымен таныстырудың маңызы.
2. Кесінділерді өлшеу.
3. 10 саны және олардың бірліктерімен таныстыру.

Дәріс 32 Балалардың заттың массасы туралы түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Студенттерге заттың массасы туралы ұғым беру. Ауыр-жеңіл, масса ұғымдарымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Заттың массасын сенсорлық негізде қабылдау ерекшеліктері
2. Заттың массасын өлшеу әдістері.
3. Түрлі күйдегі заттардың массасын анықтау.

Дәріс 33 Балаларда заттың формасы және геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: Геометриялық фигураларды қабылдау ерекшеліктері мен заттың формасы туралы ұғым қалыптастыру. Геометриялық фиуралардың құрылымы, қасиеттері туралы түсініктерін жетілдіру.
Дәріс жоспары:
1. Заттардың формасы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
2. Геометриялық фигуралардың түрлерін таныстыру мақсаты.
3. Геометриялық фигураларды таныстырудағы басты міндеттер.

Дәріс 34 Геометриялық фигураларды ажыратуға, конструкциялау дағдысын дамытуға, интелектуалды операциялар мен логикалық ойларын дамытуға арналған жаттығулардың маңызы.
Мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру туралы ұғым беру. Геометриялық фигуралардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Геометриялық фигура түсініктерін дамыту.
Дәріс жоспары:
1. Геометриялық фигура туралы жалпы түсінік
2. Логикалық ойларын дамытуға арналған жаттығулардың маңызы

Дәріс 35 Геометриялық фигуралар туралы ұғымдарын бекіту әдістемесі
Мақсаты: Студенттерге геометриялық фигуралар туралы теориялық ұғым беру. Балалардың танымдық қабілетін арттырудағы геометриялық фигуралардың маңызын түсіндіру геометриялық фигуралар басты қасиеттерін табуға жаттықтыру.
Дәріс жоспары:
1. Геометриялық фигуралар туралы ұғымдарын бекіту әдістемесінің маңызы.
2. Геометриялық фигуралар бұрыштарын тауып, санауға үйрету жолдары.
3. Геометриялық фигуралар ұқсас пішіндері белгілі нәрселерді таба білуге үйрету.

Дәріс 36 Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру
Мақсаты: Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру туралы ұғымдарын жетілдіру. Негізгі кеңістік атаулары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері.
2.Кеңістікті бағдарлау түсінігінің мазмұны мен міндеттері

Дәріс 37 Кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастырудың және бағдарлай білуге үйретудің әдістемесі.
Дәріс жоспары:
1. Кеңістікте бағдарлай білулерін дамыту және сенсорлық дамулары.
2.Кеңістікте бағдарлай білулерін дамыту және тіл дамыту бағытындағы шаралар.
3. Кеңістік ұғымдарын оқу-тәрбие шараларында кеңінен пайдалану.

Дәріс 38 Уақытты бағдарлау түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: Уақыттың тіршілік өлшемі ретіндегі маңызын түсіндіру процестердің жүру мерзімен ұғындыру. Уақытты сезімдік қабылдауларын қалыптастыру..

Дәріс 39 Уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін жетілдіру жолдары
Мақсаты: Уақыт эталондары туралы түсініктерін қалыптастыру балалардың түрлі іс-әрекеттері барысында уақытты бағдарлауға үйретудің маңызы.
Дәріс жоспары:
1. Уақытты сезінуді қалыптастыру әдістері.
2. Уақыт және уақыт эталондары
3. Уақыт ұғымдарын қалыптастыру үшін қолданылатын көрнекіліктер.
4. Уақыт ұғымдарын қалыптастыру талаптарының күрделенуі.
5. 1,3,5,10 минут аралық уақытының мәнін түсіндіру.

Дәріс 40 Күн, ай, апта, жыл мезгілдері ұғымдарымен таныстырудың негіздері.
Мақсаты: Жыл мезгілдері, күн, апта, ай атауларын үйретудің маңызы туралы түсіндіру. Маусымдық ерекшеліктер уақыттың ұғымдарын жүйелі түрде үйрету
Дәріс жоспары:
1. Уақыт ұғымдарын қалыптастырудағы жыл мезгілдерінің маңызы
2. Маусымдық ерекшеліктер
3. Күнтізбені толтырудың маңызы
4. Апта күндерімен таныстырудың маңызы

Дәріс 41. 5-7 жастағы балаларға уақытты бағдарлауға берілетін тапсырмалар мен жаттығулардың маңызы.
Мақсаты: Тапсырмалар мен жаттығулардың тәрбие-танымдық маңызын
Дәріс жоспары:
1.Уақыт ұғымдарын нығайтуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар.
2. Логикалық құрылымдағы жаттығулар
3. Дидактикалық ойындардың сипаттамасы.

Дәріс 42 Уақыт реттілігін, қарым-қатынасын білдіретін ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты: Уақыт реттілігі туралы ұғымдарын, нақтылаудың маңызы. Уақыт реттілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру ерекшелігі түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1.Уақыт және оның реттілігі.
2.Уақыт реттілігі және балалардың танымдық ерекшеліктері.
3.Уақытты бағдарлануға арналған жаттығулардың маңызы.

Дәріс 43 Ойын-жаттығулар арқылы балалардың ой таным деңгейлерінің дамуын анықтау.
Мақсаты: Студенттерге ойын жаттығуларының маңызын түсіндіру. Ойын жаттығуларын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Ойын жаттығуларының құрылымы
2. Жас ерекшелігіне сай топтардағы ойын жаттығуларының ерекшеліктері.

Дәріс 44 Интенсивті оқыту мақсатында компьютерлік суреттерді, сызбаларға қолданудың маңызы.
Мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі балаларды оқытудағы интенсивті құрал компьютерді оқытудың маңызын түсіндіру.Компьютерлік суреттер мен сызбалардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Компьютерлік оқытудың маңызы мен міндеттері.
2. Компьютерлік графа мен сызбалар.
3. "Оқытушы-ЭВМ-оқушы",
"Оқушы-ЭВМ-оқушы",
"Оқушылар-ЭВМ-оқушылар" атты режимдер

Дәріс 45 Математикалық дағдыларды дамыту. Математикалық білімге қызығушылық қалыптастыру бағытындағы шаралар.
Мақсаты: математиканың бала өміріндегі маңызы туралы жан-жақты ұғымдарын қалыптастыру. Математикаға қызығушылығын қалыптастыру жолдары туралы түсінік беру. Математикалық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері туралы оқуға ынталарын ояту.
Дәріс жоспары:
1.Математикалық ұғымдарды қалыптастыруға даярлаудың жалпы сипаттамасы.
2. Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың әдістері.
3. Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың құралдары.
4.Математикалық дағдыларын дамытуға бағытталған ұйымдастыру шаралары.

 

Іздеу