Мектепке дейінгі педагогика (Дәріс / Лекция)

1-тақырып. Мектепке дейінгі педагогиканың жалпы мәселелері.
Жоспары:
1.Мектепке дейінгі педагогика пәні,оның зерттеу әдістері.
2. Негізгі педгогикалық ұғымдар.
3. Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы, оның қайнар көзі.

Дәріс барысы:
1. Мектепке дейінгі педагогика- жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика –мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, жетілдіріу, оқыту және оның негізігі заңдылықтары туралы ғылым.
Мектепке дейінгі педагогика жалпы педагогиканың бір саласы болғандықтан оның басты қағидаларына сүйенеді, оны басшылыққа алады. Мектепке дейінгі педагогика пәні мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық және психологиялықжағынан жетілу ерекшеліктерін қарастыратындықтан оның мазмұны да жалпы жалпы педагогикадан өзгешелеу.
Бұл кезеңде бала ағзасының дамуы тез үдемі болғанымен әлсіз де нәзік кінәмшіл келеді.Алайда бала осы шақта қимылдауды, ойлауды, сөйлеуді меңгереді.

2-тақырып Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері және методологиясы
Жоспары:
1.Мектепке дейінгі педагогиканың методологиясы
2.Мектепке дейінгі педагогика ғылымының бюасқа ғылым саласы мен байланысы
3. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері.

Дәріс барысы:
Мектепке дейінгі педагогика үздіксіз іздену, болашаққа ұмтылу жолында өзінен бұрынғы теория мен практиканың ең бағалы, озық жақтарын алып, сын көзбен қарап, қайта жасау үстінде.педагогиканың методологиясы дегеніміз не? Методология-болмысты(ақиқатты, шындықты) өзгерту немесе қайта жасау және жалпы ғылыми таным әдістерінемесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ілім. Методология ғылымның,зерттеушінің практика қызметкерінің педагогикалық көрегендігі мен ойлау қабілетін тереңдетіп дұрыстығын қамтамасыз етеді.

3-тақырып Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Жоспары:
1. Оқыту ұстанымы
2. Оқыту мазмұны
3. Оқыту әдістері мен тәсілдері
4. Балабақшада дидактикалық құралдарды пайдаланудың маңызы

Оқыту ұстанымы дегеніміз тәрбиешінің оқу ісі ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі қағидалары.
Оқыту ұстанымдарда оқу мазмұнына, әдістеріне формаларына, оқу жоспарларына, бағдарламаларына оқу құралдарына, оқулықтарға қойылатын талаптар белгіленген.
Дидактикалық ұстаным алғаш қалыптастырған — славянньщ ұлы педагогі Я. А. Коменский XVII ғасырда жазылған «Ұлы дидактика» деген еңбегінде оқытудьщ түсініктілік, жүйелілік, біртінділік, көрнекілік, белсенділік, т. б. принцтерін ұсынған. Кейін орыс педагогикасының негізін қалаған К- Д. Ушинский дидактикалық принциптерді талдаған, XIX ғасырдың II жартысында физиология, психология ғылымының жетістігіне сүйене отырып, дидактикалық принциптерге негіз берген.

4-тақырып Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі.
Жоспары:
1. Тәрбиеші- ұстаздың адам өміріндегі ролі туралы
2. Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері
3 Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар
4. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі
5. кадрлар даярлау және олардың мамандығын жетілдіру

Дәріс барысы:
Қоғам дамуымен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе,жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын адамдар. Ал, адамды соған дайндап тәрбиелейтін-ұстаздар. Олай болса мұғалім-қоғам мен қоғамды,ғасыр мер ғасырды жалғастыратын буын.Біздің елімізде мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарында ұзартылған күн тобы бар мектептерде кәсіптік-техникалық оқу орындарында, еңбек коллонияларында тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады.Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды,отбасына көмектеседі. Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшылдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалағап, оның қоғамдағы құрметті де, маңызды деп санаған. Тәрбиеші-ұстаздың адам өміріндегі маңызы туралы ұлы ақын Абай.

6-тақырып Мектепке дейінгі педагогикалық үрдіс
Жоспары:
1. Оқыту таным әрекетінің ерекше түрі
2. Балабақшадағы оқыту түрлері
3. Мектепке дейінгі оқыту әдістерінің айырмашылықтары
4. Оқу әрекетінің негізгі талабы

Оқыту — таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабілеті дамып, білімді, дағдыны, икемділікті игереді. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізті міндеті - оқыту процесі бағынатын заңдылықтарды (принциптерді) анықтау, ол заңдылықтарды мақсатқа сай қолданудың жолдарын қарастыру. Дидактика ғылы мен техниканың даму дәрежесін, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып білім мазмұнын, икемділік пен дағдының мөлшерін, көлемін анықтау мәселесімен шұғылданады

8-тақырып Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты мен міндеті
3. Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар және оны ұйымдастыру
4. Денені шынықтыру және оның принциптері
5. Балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру
6. Күн тәртібінің баланы дамыту мен тәрбиелеудегі орны

Біз бұл тарауда мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін тәрбие салаларына, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны және негізгі құралдары мен әдіс-тәсілдеріне, принциптеріне тоқталамыз.
Балабақшадағы оқыту ісі, оқыту мен тәрбиенің өзара бірлігі және байланысы, ақлы-ойды дамытудағы оқытудың жетекші рөлі, оқытудың дидактикалық принциптері және өтілетін сабақтар кеңнен сөз болады.
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесі ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесімен бірлесе отырып, баланың жан-жақты дамуының негізін қалайды. Дене тәрбиесінің бастапқы нышаны алғашқы қауымдық құрылыста әр қилы ойын, жарыс, аң аулау, күш сынасу сияқты дәстүр және салт түрінде көрініс тапса, құлдық қоғамда (әсіресе ежелгі Греция мен Римде) дене тәрбиесі мемлекеттік сипат алып, федалдық қоғамның дамуы кезңінде жастарға дене тәрбиесін беру атқа міну,күресу, жүзу, сайысу, садақ тарту, аң аулау түрінде жүргізілді.

9-тақырып АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ
Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
2. Танымдық-психикалық процестерді дамыту
3. Ақыл-ой қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дамыту
4. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері
5. Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы

Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімдер игереді, К. Д. Ушинский айтқандай «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан-алуан дегенмен, ақыл-ойы дамуының қайнар көзі бола алмайды. Соңдықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіңдірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жалған түсініктердің тууына негіз болады.

11-тақырып АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Жоспары:
1. Мораль принциптері мен ережелері
2. Адамгершілік тәрбиесінің міңдеттері
3. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары
4. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттары. Балалардың тіршілігі мен іс-әрекетін ұйымдастыру.
5. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері

Мораль дегеніміз адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелерінің жиынтығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пеи жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлылық пен абыройсыздық деген ұғымдардың түрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың елшеуіші болып табылады. Бұлар адамдардьщ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құ-рылыстьщ езгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамныц еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономикалық дамуына әсер етеді: Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек кәрсетіп отыру моральдық борыш деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған атналарды, ата-анасы алдындағы өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулыньщ бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.

12-тақырып ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
Жоспары:
1. Еңбек тәрбиесінің негіздері
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі
3. Балабақшаның әр түрлі топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны, ұйымдастырылуы басқару әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайы еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілікг еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.

13-тақырып ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Жоспары:
1. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары
3. Эстетикалық тәрбиенің әдістері

Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық, өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркем-өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың .әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Педагогикада «Эстетикалық тәрбие», «Қөркемдікке тәрбиелеу», «Эстетикалық даму» деген үш түрлі түсінік бар.
Эстетикалық тәрбие — кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғаиа емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдар-мен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.

 

Іздеу