Мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі (Дәріс / Лекция)

1 модуль Мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі
№1.1 Дәріс тақырыбы: Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарының мазмұны
Жоспары:
1. Балалардың ақыл-ой мен іс-қимыл әрекеті тәсілдерін қалыптастыру
2. Үлестірмелі дидактикалық материалдар

Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың маңызды міндеті олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл-ой мен іс-қимыл әрекеті тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. "Ана тілі" пәнінің маңызы туралы Ж..Аймауытов былай дейді: "Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерек"

№1.2 Дәріс тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.
Жоспары:
1. Оқу дағдысын қалыптастырудағы әдеби жазба тілмен байланыс
2. Бастауыш сынып оқушыларының жіберетін қателері

Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен бай-ланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен бірге грамматиканың жеке бір ережелері, тыныс белгілер ережелері қажетті болып табылады.
Оқу дағдысын қалыптастыру оқытылатын мәтіндердің тәрбиелік мәнін ашуға қажетті болып табылады. Ол мынадан міндеттерді жүктейді: 1. Бастауыш сынып окушыларының әр сынып көлемінде дұрыс, саналы түрде түсінік оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушы жіберетін қателерді анықтау, талдау, топтау.


№1.3 Дәріс тақырыбы:Оқудың түрлері мен сапалары:
Жоспары:
1. Оқушының оқу түрлерін меңгергенін тексерудің жолдары
2. Мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі
3. Шапшаң оқуға үйрету

Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бүл екі тұрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгенін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді төселіп отырған оқушылардың оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшандығын байқауға болады.

№ 1.4 Дәріс тақырыбы: Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар
Жоспары:
1. Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері
2. Мәтінді тусініп оқу үшін істелетін жұмыстар.
3. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы

Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс. Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген.
"Ана тілі" оқулықтарындағы түрлі тақырыптың мәтіндерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар істеледі. Ол - жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу міндеті.

Дәріс №1.5 Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту
Жоспары:
1. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқытудың маңызы
2. Өлеңдердің тәрбиелік мәні
3. Әңгімелерді оқытудың түрлері
4. Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту
5. Бастауышта мысалдарды оқыту

Әдеби шығарма өмірді түсінуге комектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.
Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жолдары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми маңалалар мен очерктер, т.б.

№1.6 Дәріс тақырыбы: Көркем шығарманың тілі туралы түсінік. Шығарманы желісіне қарай талдауға үйрету.
Жоспары:
1. Көркем шығарманың тақырыбы және идеясы.
2. Көркем шығарманың тектері мен түрлері.
3. Дауыс сарынын айқындау, көркем туындыны дұрыс оқудың ерекшелігі.
4. Көркем шығарманың тілі.

Жазушының өмірден ең алдымен іздеп табатыны - өз шығармасының тақырыбы. Егер жазушы творчествосы үш үрдістен (материалдарды жинау, материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) тұрады десек, тақырып осы үш кезеңді де қамтиды. Жазушы материал жинаған кезде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді де солардың ішінен ең керектісін алады. Болашақ шығармаға негіз болатын осы таңдап алынған керекті құбылыс. Сонда жазушының шындықтан таңдап, талғап алып өзінің көркем шығармасынан негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын шығарманын тақырыбы деп атайды.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп, өмір құбылыстарын таңдап алғанда сол құбылыстарға өзінің бағасын береді. Осы өмір құбылысы жайлы жазушының берген бағасы, ойы шығарманың идеясы деп атайды.

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дәріс 2.1 Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар
Жоспары:
1. Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар
2. Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы

Бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде басталатын сауат ашу және тіл дамыту - қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жұмысының максаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың тілін байытып, жалпы білімін кеңейту мақсатына ұштастырылады.
Сауат ашу және тіл дамыту жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз мақсаты, соған сәйкес жүргізілетін жұмыс түрлері болады. Сауат ашу әуелі дайындық кезеңнен басталады. Дайындық кезеңінде мұғалім жеке баланы танып, білу мақсатында жұмыс түрін ойластыру керек. Осы кезеңде дыбыстар мен әріптерді меңгертуге байланысты орындалатын жұмыс түр-леріне жаттықтыру, даярлау, үйрету жұмыстары да жүргізіледі. Сауат ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психологиялық дене ерекшеліктері жөнінде мағлұ-маттарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы бірінші сыныптан бастауға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді:

Дәріс 2.2 Мазмұндама, түрлері, ерекшеліктері
Жоспары:
1. Мазмұндама, оның түрлері
2. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама
3. Сурет бойынша мазмұндама
4. Дайын сурет бойынша мазмұндама

Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.
Мазмұндамамен шығарма жазуға қазақ тілі сабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, әрбір он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді.

Дәріс 2.3 Шығарма және оның түрлері, ерекшеліктері
Жоспары:
1. Шығарма және оның түрлері
Оқушылардың оқыған,естіген әңгімелеріне байланысты жүргізілетін шығармалар
2.Экскурсия бойынша шығарма жұмысы.

Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е.Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығын айқын атап көрсетті. "Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада оқушының өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше жазады".
"Шығарма" терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз.

Дәріс 2.4 Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары
Жоспары:
1. Оқушылардың мазмұндама, шығарма жұмыстарында жіберетін қателері
2. Оқушылардың мазмұндама, шығарма жұмыстарында жіберетін қателері, оларды болдырмау жолдары
3. Шығарма жұмысын талдау әдістері

Мазмұндама мен шығарманың түпкі мақсаты -оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандыңтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық мүдделерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Орфографиялық қателерді түзету осы кезге дейін бірінші міндет болып келді, әлі де осылай бола бермек.
Бұл жұмыс екі түрлі әдіс арқылы жүргізіледі:
1) Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте-бірте үйретіледі.
2) Балалар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты мұғалім оқушылар шығарманы түзету техникасын бір сыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысын бірі тексеруге, яғни қолдарына қызыл сия мен қалам алып, жұмыстың қатесін тауып, түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескерілетін жай - кейбір баланың дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате

Іздеу