Педагогикалық мамандыққа кіріспе (Дәріс / Лекция)

Дәріс жоспары (1сағат)
1.ҚР Конституциясы. «ҚР Білім беру туралы» Заңы.
2.«ҚР Білім беру туралы» Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
3.Жоғары кәсіптік білім беру тұжырымдамасы.
4.Мемлекеттік стандарттар. ҚР білім беру жүйесі.

Модуль №2 Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама
2-тақырып Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы.
Дәріс жоспары (2сағат)
1.Педагогикалық мамандықтың дамуы, қалыптасуы, ерекшелігі, қоғамдағы орны.
2. Педагогтың азаматтық борышы. Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар.
3.Педагог мамандығының гуманистік ұжымдық және шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің,ата-аналарының,бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына,оның моральдық бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап-педагогикалық қабілеттіліктің болуы
Шығармашылық ізденіс еңбектің,мамандықтың барлық саласына да өте қажет,ал мұғалім үшін,ол-ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады.Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы-оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі.Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да,педагогикалық институттағы оқумен әрі қарай дамып жетіледі.

3-тақырып Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы.
Дәріс жоспары
1. Педагогикалық іс-әрекетінің мәні: педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты тарихи динамикалық құбылыс ретінде.
2. Педагогтың жеке тұлғасы: кәсіби маңызды қасиеттері.
3. Педагог пен оқушылар іс-әрекетінің тиімді критерийлері.

Тұлғалық іс-эрекеттік келістің тұлғалық компоненті кез келген оқу пэнін оқыту процесінде оқушылардың ұлттық, жыныстық, жас ерекшеліктік, жеке-психологиялық, мэртебелік ерекшеліктері максималды деңгейде ескеріледі. Бұл ескеру оқу сабақтарының өзінің мазмұны мен формасы арқылы, оқушымен, студентпен қарым-қатынас сипаты арқылы жүзеге асырылады. Оқушыга, сту-дентке арналған сұрақтар, ескертулер, тапсырамалар тұлғалық іс-эрекеттік келіс жағдайында олардың тұлгалық, интеллектуалдық белсенділігін алға тартып, олардың оқу қызметіндегі қателерді, шалыс басулар мен сәтсіз эрекеттерді қажетсіз тіркеп отыр-май, қолпаштап жэне бағыттап отырады. Осындай эрекеттерді қолдану арқылы А.К. Маркова атап өткендей, оқушылардың тек жеке психологиялық ерекшеліктері ғана есепке алынбайды, со-нымен қатар, оқушының психикасының ары қарай дамуы, оның танымдық процестері, тұлғалық қасиеттері, әрекетшілдік сипаты, т.б. қалыптасуы жүзеге асырылады. Бұл - тұлғалық іс-эрекеттік келістің тұлғалық компонентінің негізгі көріністері.

4-тақырып Педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы.
Дәріс жоспары
1. Н.В.Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
2. Н.Д. Хмельдің зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненті (функцианальдық мәні)
3. Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде : педагог позициясы, әлеуметтік, кәсіптік позициясы.
4. Л.Б.Ительсонның зерттеуі бойынша жетекші педагогикалық позициясының сипаттамасы.
5. Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық.

Білім беру жүйе ретінде өзіне Н.В. Кузьмина бойынша педагогикалық жүйе үғымын кіргізеді. Педагогикалық жүйе жал-пы білім беру жүйесінде білім беруші процеспен ара қатынастағы үсақ жүйе ретінде қарастырыла алынады. Оның өз кезегінде, бес қүрылымдық элементтерімен сипатталынатын үсақ жүйелері бар (мақсат, оқу ақпараты, коммуникация қүралдары, оқушылар және педагог) [99, 16 б.].

5- тақырып Педагогтың кәсіби біліктілігі.
Дәріс жоспары
1. «Кәсіптік біліктілік» ұғымы. Психологиялық-педагогикалық білімі.
2.«Іскерлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік жиынтығы ретінде педагогтың педагогикалық біліктілігінің құрылымы.
3.Педагогтың теориялық және практикалық дайындығының мазмұны.
4.Кәсіптік біліктілігі және педагогикалық шеберлігі.
5.Педагогтың жалпы педагогикалық жағдайы, осы кезеңдегі кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар.

Педагогтың кәсіби біліктілігі. «Іскерлік» ұғымы. «Кәсіптік біліктілік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік жиынтығы ретінде педагогтың педагогикалық біліктілігінің құрылымы.Психологиялық-педагогикалық білімі.Дамыған шет елдер тәжірибесіне көз салсақ, олардың барлығында дерлік білім беру сапасын көтеруде, білім беру сапасының қоғам қажеттілігіне сәйкестігі және мамандарды дайындаудағы жүйелі қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру саласында күрделі мәселелердің бар екендігі байқалады. Қазіргі таңда білім сапасын көтеру мәселелерін жан-жақты шешетін негізгі фактордың бірі – сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) болып табылады.
СМЖ-сі – сапалы жоспарлау, басқару, арттыру және сапамен қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында қолданылатын іс-әрекет және бір-бірімен тығыз байланыстағы процестер мен ресурстар жиынтығы. Сапа саласындағы саясат – СМЖ-нің негізгі құжаты және ол СМЖ-нің жасалуы мен қызмет етудегі мақсатын және жоғарғы басшылықтың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі негізгі міндеттерін айқындайды.

Модуль №3 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы
6-тақырып Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттің оқу еңбегігің мәдениеті.
Дәріс жоспары

1. Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік, дағдының қалыптасу деңгейлері мен кезеңдері.
2. Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру.
3. Педагогикалық мамандықты таңдаудағы себептері мен педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.
4. Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке басының дамуы.
5. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті.

Оқудың жалпы теориясының негізін қалағандар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, А. Дистервег, И. Гербарт, біздің елімізде - К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, А.П. Нечаев, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, сонымен қатар XX ғасырдың ортасындағы отандық жэне шетелдік педагогикалық психологияның көрнекті өкілдері Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, И. Лингарт, Й. Ломпшер оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын қалыптастырып, ол Ресейге ғылыми басымды болған. Оны жетіл-дірушілер - Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина жэне т.б. (оның психологиялық негізі, іс-эрекет теориясының кең контекстінде Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын А.Н. Ле-онтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа проблема қойды: іс-эрекет субъектінің өзінің эрекеттер үрдісінде өзгеруі, яғни, эрекеттің жалпыланған тэсілдері арқылы оқу міндеттерін орын-дау барысында танып отырған пэннің объективті қасиеттерінін қайта өндіретін эрекеттер процесінде өзгеруі.

7-тақырып Педагогті даярлау жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе.
Дәріс жоспары (2 сағат)
1. Педагогикалық тәжірибенің міндеттері, ұйымдастырудың негізгі
ережелері.
2. Студенттерді педагогикалық тәжірибеге дайындау.
3. Педагогикалық тәжірибе мазмұнының ерекшеліктері, басшылық жасау
жүйесі.

Арнаулы білімді маман даярлауда педагогикалық тәжірибенің маңызы зор. Педагогикалық тәжірибе оқу тәрбие жұмысының ең қажетті тарауы. Өндірістен қол үзіп және қол үзбей өткізілетін тәжірибенің түрлері мектепке дейінгі педагогика, психология және жеке әдістемелердің теориялық курстарымен тығыз байланысты.
Мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін педагогикалық тәжірибенің міндеттері:
1. Педколледжде оқушыларына практика кезінде оқу тәрбие үрдісін өздігінен жүргізудің дағдылары мен іскерліктерін үйрену.
2. Әр түрлі топтағы балалармен, ата аналармен тиімді әдіс тәсілдерді қолданып жұмыс істеуге, өзінің тәжірибесіне талдай білуге.
3. Бала тұлғасының педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға, күнделікті оқу тәрбие жұмысында сол ерекшеліктерге сүйенуге.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруде шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқу тәрбиенің жаңа жолдарын, әдіс тәсілдерін таба білуге.
5. Педагогикадан, психологиядан, анатомиядан, физиологиядан, гигиенадан және әдістемелерден алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

8-тақырып Зерттеушілік іс-әрекет - педагогикалық іс-әректтің компоненті.
Дәріс жоспары
1. Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
2. Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері,өзара байланысы.
3. Педагогикалық зерттеуді құрастыру логикасының жалпы негіздері. Ғылыми еңбектерінің түрлері: реферат, баяндама, хабарлама, рецензия, оқу құралдары, диссертация.

Педагог тұлғасының қалыптасып дамуындағы зерттеушілік іс-әрекеттің ролі.
«эрекет» категориясының субъектілігі, заттылығы, мақсатты бағыттануы, негіздемеленуі, саналы түрде ұғынылуы сияқты сипаттамаларымен мағыналық сыйымдылығына ерекше көңіл аударылса, екінші жағынан, оның психологиялық мазмұнының (пәні, құралдары, әдістері, өнімі, нәтижесі) компоненттерінің арқасында оның үлкен функционалды түсіндіруші күші, әрекет пен операцияларды қамтушы сыртқы құрылымына ерекше көңіл аударылады.

9-тақырып Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Дәріс жоспары
1.Педагогтің шығармашылық даярлығы мен педагогикалық мұраты.
2.Педагогикалық шығармашылықтың алгоритмі.
3.Шығармашылық процедура мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру технологиясы.
4.Шығармашылық ойлау.

10-тақырып Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процессі ретінде.
Дәріс жоспары
1. Педагог іс-әрекеті құрамындағы педагогикалық қарым –қатынас .
2.Коммуникативтік міндет.
3.Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері.
4.Педагогикалық қарым-қатынас жүйесі.
5.Кәсіби педагогикалық қарым –қатынас стильдері.

Іздеу