Педагогикалық шеберлік (Дәріс / Лекция)

I.1. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің компоненттері ретінде
2. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет,
педагогикалық техника.
3. Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.
4. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері
5. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.
6. К.С.Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптері.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С.И.Ожегов,1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген.

I.2. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
2. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет
3. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары
4. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы.
5. Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік бейімділік, жергілікті үлгіленген, жүйелі-үлгіленген, қызмет пен мінез-құлық.

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбектерінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалды мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығың алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалім. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айкын.Мысалы,оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімніңалдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.

I.3. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік
Дәрісбаян жоспары:

1. Жалпы мәдениет - педагогтың кәсібилігінің шарты
2. Ғылыми эрудиция, құндылық бағдарлар - педагогикалық мәдениеттің компоненттері
3. Арнайы, әлеуметтік, жеке тұлға, дара құзыреттілік, мамандыққа құзыреттілік
4. Педагогикалық әрекеттің этикасы
5. Шығармашылық - оқушылардың дербестігін дамыту негізі

Педагогтың кәсібилігінің бір шарты - мәдениет болса, «мәдениет» ұғымынын мәніне тоқталайық. "Мәдениет" термині латын тілінің "сultuга" сөзінен аударғанда жерді өңдеу дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады.
Мәдениет - адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Белгілі американ психолог- гуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялык және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді.
Мәдениет - адамның іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері және әдістерімен, сондай-ақ олар жасаған материалдық, рухани құндылықтармен сипатталатын қоғам дамуының, шығармашыл күштердің және адам қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі. Ол іс-әрекет (білім, білік, дағды, интеллект деңгейі, көзқарас, адамгершілік, эстетикалық дамуы, қарым-қатынас жасаудың тәсілдері мен түрлері) кезінде жүзеге асырылатын адам күші мен қабілеттерінен тұрады.

I.4. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрыс формасы және оның компоненті. Мұғалім іс-әрскетінің техникалық мәні.
2. Педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясы.
3. Мұғалімнің өзін-өзі басқарудың шеберлігі өзін-өзі қалыптастырудыңтехникалық негізінде
4. Педагогикалық қарым-қатынастағы пангомимика және пластика. Зиянды әдеттер. Мұғалімнің сыртқы киімінің мәдениеті

Шебер педагогтардың жетістіктеріне үңілген сайын, біз педагогтардың бойындағы нәтижелі үлгі мен ситуацняльгқ тап- сырмаларды жан-жақты шеше білу өнерін көреміз. Мұнда жеке іскерлік басты рөл атқарады. Мысалы: оқушыларға сапалы білім беру; сұрақтар қою; топпен жұмыс жасай отырып, әрбір жеке тұлғамен жұмыс; бақылау жүргізу; топты ұйымдастыра білу; өз көңіл-күйіне иелік ете білу; дауыс ырғағы, мимика, қимыл әрекет. «Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, тыңдау арқылы қабылдайды», - деген А. С. Макаренко.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан- жақты, әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық кабыл алуы.

II МОДУЛЬ Педагогикалық шеберліктің негіздеріне сипаттама
IІ.1. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогтардың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз.
2. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы.
3. Сөз-мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.
4. Педагог сөзінің тиімділігінің элеуметтік-психологиялық факторлары.
5. Сөз мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім сөзінің логикасы. Сөз сөйлеу құралдары. Сөз, сөйлеу техникалары: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.

Адамдардың бір-бірімен карым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы-тіл. Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі кұбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір- бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына карай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тіл - адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттык және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл - адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны калыптастырады. Педагогикалық іс-әрекеттерді саралау бойынша, егерсабакашық-жарқынжәнебейнелі сөз мәнеріменкөркемделмесе, оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған вербалды есте сақтау қабілеті, тіл мәнерін дұрыс таңдау және адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін сезе білу дағдысы болуы керек. Вербалды тіл табысу кезінде оның мәдениеттілігі мен эрудициясы біршама рөль атқарады.

IІ.2. Дәрісбаян тақырыбы:Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні
2. Педагог пен тәрбиелеуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас. Қарым-қатынас педагогиканың негізі жөніндегі ұғым.
3. Қарым-катынас құрылымы мен функциялары
4. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарым- қатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді калай тусінеміз? Қарым-қатынас ұғымы - адамның ішкі жан дуниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудагы іс-әрекеті.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындагы қарым-қатынасты бөліп қарауға болады. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіндіруі жиі кездеседі. Бұл қарым-қатынас окушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсінін, қабылдауы өте маңызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесінесаңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандық' қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің окушыменәңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескертумен толы болады.

IІ.3.Дәрісбаян тақырыбы:Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны.
2. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт.
3. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
4. Сендіре білу – тіл табысудың негізгі әдісі ретінде
5. Мұғалімнің кәсібі қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен себептері. Дауларды шешу жолдары
6. Педагогикалық ұжымдағы элеуметтік-психологиялық климат.
7. Педагогтың этикасы мен шеберлігі.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасыңдағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады, Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінін болу мүмкін емес.
Педагогикалық қарым-қатынас өте күрделі процесс. Тәрбие әдістері педагогикалық қарым-қатынас арқылы іске асады. Оған көптеген адамдардың қатынасы балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, балалардың өзара қатынасы бала тәрбиесіндегі қолданатын әдіс, тәсілдері, құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық катынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Педагогикалык қатынас ұстаздың шәкіртке қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз - белгілі- бір іске адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы алдына қойған мақсатты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие процесінде дамиды.

IІ.4. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогтың оқушыларға, олардың ата-аналарына, әріптестеріне сөз арқылы көмек көрсетуі
2. Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Сенім түрлері және оның жіктелуі.
3. Сенімнің сөздік формалары: бұйрық, тәртіп, талқылау, әзіл- қалжың арқылы белгі беру.
4. Сенім мен көз жеткізудің бір-бірімен байланысы.

Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана (айналысып қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп окушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастыңтүрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты дейміз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым- қатынаска түсіп жүрген мектеп мүғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

IІ.5. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде.
2. Педагог іс-әрекетінің компоненттері. Педагогтың өз мәдениетін көтеру.
3. Педагогтың сана-сезімі және педагогикалық рефлексия.
4. Педагог шығармашылығының құрылымдық компоненттері.

Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мүғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,- деп есептейді А. Дистерверг.

IІ.6. Дәрісбаян тақырыбы: Жоғары және орта оку орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі
Дәрісбаян жоспары:
1. Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби педагогикалық мәдениеті
2. Студенттердің өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.
3. Студенттер ұжымындағы тұлға аралық қатынастар жүйесін басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.

Жоғары мектеп - экономика мен әлеуметтік сфераның әр түрлі салаларына жоғары білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының жиынтығы.
Жоғары мектептегі оқытушының педагогикалық қызметі болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына, кәсіби дайындығына бағытталған.
ЖОО-ның оқытушысы педагогикалық қызметтің бірнеше түрлерін орындайды:
- пән оқытушысы ретінде сабақ өткізу;
- әдіскерлік қызметі - оқыту тәжірибесін қорытындылау, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;
- жоспарлау қызметі - жоспар және оның бағдарламаларын жасау, жұмыс оқу бағдарламаларын, силлабус, оқу-әдістемелік кешен дайындау;
- ғылыми-зерттеу қызметі - жаңа білім алуды іздестіру, білімдерді жүйеге келтіру, ғылыми білімдерді оқу біліміне аудару;
- тәрбие жұмысы - тәрбие ортасын ұйымдастырудағы, студенттерді тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру мақсатында әр түрлі қызметті басқару.

Іздеу