Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі (Дәріс / Лекция)

І модуль. Тақырыбы «Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту пәні, оның қарастыратын мәселелері»
№1 Дәріс тақырыбы: Шағын жинақталған мектепте қазақ тілін оқыту тарихы.
Жоспары:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту тарихы.
2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілі дамуының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды.Қазақстанда педагогика тарихы,сондай-ақ,қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол ұлы орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындады,мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын,халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.

№2 Дәріс тақырыбы: Еліміздегі шағын жинақталған бастауыш мектептердің тарихына қысқаша шолу.
Жоспары:
1. Еліміздегі шағын жинақталған бастауыш мектептердің тарихына қысқаша шолу.
2. Қазіргі кезеңдегі шағын жинақталған мектептердің даму жағдайы.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептердің жағдайы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын онан әрі жақсарту, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеттері жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі болатын. Ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысында жедел шешімді керек ететін проблемалар жеткілікті еді. Соның бірі — шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптың оқу ісімен байланысты туындады.

№3 Дәріс тақырыбы: Шағын жинақталған бастауыш мектептер үшін қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер.
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектептер үшін қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы бағдарламалар
2. Шағын жинақталған бастауыш мектептер үшін қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы оқулықтар,әдістемелік әдебиеттер.
Дәрістің мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілінен білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

№4 Дәріс тақырыбы: Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясының мақсаты мен міндеттері.
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы.
2.Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытудың технологиясы жөнінде сөз еткенде академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясында оқу үрдісінің ақпараттық моделі параметрлер түрінде орналасқан, яғни жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде оқу үрдісін бүтіндей не жеке күйінде сипаттайтын оқу үрдісі заңдылықтарын жобалау кезеңінде ғана емес, жүзеге асыру кезеңінде тұрақты,жалпыланған түрде бейнелей алатын бес параметр сұрыпталып алынады.Яғни педагогикалық технология құрамы мыналардан тұрады:

№5 Дәрістің тақырыбы: Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жайы.
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудағы қазіргі кезеңдегі міндеттер.
2. Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытудың қазіргі кезеңдегі маңызы.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда, бүгінгі күн талабында оқу үрдісіндегі міндет оқушыларды жан-жақты технологияны меңгеріп шығу үшін жасалып жатқандықтан биік тұлғалы оқушылар шығарудың мәні бізге өте зор. Осы мақсаттармен оқытылатын шапшаң оқытудың оқушыларға берер ғылыми сауаттылығы ерекше. Себебі ана тілінің әр сөзінің байлығы бұлақ көзіндей осыны бастауыш сыныптан терең меңгеріп білім дәмін тартып қазақ сөзінің терең ойлы мағынасын білмеген оқушы 11 жыл оқыса да қазақша терең білімді сауаттымын дей алмайды. Сондықтан да қазақ тілінің теңіздей шалқыған,тұнық тілдік байлығын өткір тілді, ұтымды ой Жас бүлдіршіндерге 1-4 сыныптан бастап санасына дән тұқымындай егуіміз қажет.

№6 Дәріс тақырыбы. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мазмұны мен көлемі.
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мазмұны.
2.Қазақ тілін оқытудың көлемі.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілінен берілетін білімнің мазмұны мектеп бағдарламасында белгіленеді.
Бағдарлама жасаудағы негізгі методикалық проблемалар: 1) ана тілінен қандай теориялық мағлұматтар беріп,практикалық дағдылар мен іскерліктерге үйретуге болатынын анықтау; 2) жекелеген тақырыптардың қайсысын қайсысынан кейін оқыған жөн; 3) ұсынылған материалдарға қанша сағат бөлінетінін белгілеу болып есептеледі.

ІІ модуль. «Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру жолдары»
№1 Дәріс тақырыбы. Сабақтың құрылысы мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жоспары:
1. Сабақтың құрылысы .
2. Сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша құрамы өзгермейтін оқушылармен өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.
Мұғалімнің мақсаты
• Әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу.
• Таным процесінің жүйесін бұзбау
• Оқушылардың жаңа білімдерді қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте сақтауларын ынталандыру.
• Барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу.

№2 Дәріс тақырыбы. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын сабақтары
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда өздік жұмыс .
2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын сабақтары.
Дәріс мәтіні
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда өздік жұмыс – оқушылардың білім, іскерлік, оларды практикада қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы қатысынсыз өткізілетін іс-әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, өз ісімен зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзөгені байқамауға үйретеді.
Өздік жұмыстар сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде бар. Бекіту және қайталауға 60%, 20% жаңа материалды мегеруге, 20% бақылауға беріледі.

№3 Дәріс тақырыбы. Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардын өздіктерінен орындайтын жұмыс
түрлері.
Жоспары:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлері.
2.Қазақ тілі сабағында орындауға арналған өз бетінше жұмыстың кейбір үлгілеріне талдау жасау.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,оқушылардың білімді терең және есте сақтай алатындай игеруі өз бетінше жұмыс істегендегі оның ойлау қабілетінің нәтижесі.Сондықтан білімді бекіту мен оны қолдану өзіндік жұмыстар арқылы қол жетеді. Бірақ оқушылардың саналы ойлау дәрежелері әртүрлі болғандықтан,өз бетінше жұмыс істеуді саралап ұйымдастыру қажеттігі байқалады.

№4 Дәріс тақырыбы. Шағын жинақталған бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелігі.
Жоспары:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелігі.
2.Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық ерекшеліктері
Дәріс мәтіні:
1.Шағын мектептерде “Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп,жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс”,- делінген “ Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында”.Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі- еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, қазіргі мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет- балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру,творчестволық белсенділігін арттыру.

ІІІ модуль. «Байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері»
№1 Дәріс тақырыбы. Шағын жинақталған мектепте ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу жұмыстарын ұйымдастыру.
2.Байланыстырып сөйлеуді ұйымдастыру жолдары.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте,мектеп босағасын жаңа аттаған жас жеткіншектердің тілін дамыту,сөздік қорын молайтып,ауызекі және жазбаша тілдерін дамытуда байланыстырып сөйлеу жұмысының маңызы зор. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыра алсақ,оқу сапасы артады,оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымы кеңейіп,басқалармен қарым-қатынас кезінде өзін еркін ұстауға үйренеді.
Шағын жинақталған бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу жұмысы ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Оқушылар тіл заңдылықтарын қолдана білуге,ауызекі сөйлеу,ойын жазбаша бере білу біліктерін,каллиграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруге үйренеді.Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп,ана тілінің жұмбақ сырларын біліп,сөйлеу өнерін игеруге талпынады.

№2 Дәріс тақырыбы. Шығарма жүргізудің әдістемелік ерекшелігі.
Жоспары:
1.Шығарма және оның мазмұны,мақсаты мен міндеттері.
2. Шығарманың мазмұны мен түрлері.
Дәріс мәтіні:
1.“Шығарма” деген сөздің мағынасы кең шағын комплектілі бастауыш мектеп оқушыларының орындайтын жазба жұмысы-шығарма-оқушылардың әдебиет пен қазақ тілінен алған білімін жетілдіру үшін, не өз ойын, дүние танымдық көзқарасын сол уақытқа дейін аталған білімімен ұштастыра отырып,еркін түрде баяндауы үшін мұғалімдердің бағыттауымен сыныпта не үйде жазған өзіндік еңбегі.Одан оқушылардың жазып отырған тақырыбына өзіндік көзқарасы,ойы,пікірі,өзіндік топшылауы айқын көрініп тұруы тиіс.Яғни ол-оқушының шығармашылық ісі,өзінің төл еңбегі.Сондықтан да оқушылардан көркем сөз шеберлерінің еңбектерімен үнемі терең танысып,одан көркемдік ләззат алып,сол шығармамен байланысты өзіндік пікірін,ойын өзіндік тұрғыда жаза да,айта да алатындай дәрежеге жетуі талап етіледі.

№3 Дәріс тақырыбы.Мазмұндама жүргізудің әдістемелік ерекшелігі.
Жоспары:
1.Мазмұндама жазуға үйрету.
2. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектепте мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жақыннан алысқа көшу принципі бойынша жүргізіледі. Сондықтан бұл мазмұндама бастауыш сыныптарда былай жүргізіледі:

№4 Дәріс тақырыбы. Мәтіннің негізгі белгілері,құрылысы,түрлері.
Жоспары:
1.Мәтін және оның құрылымы,белгілері.
2.Мәтіннің мүшеленуі.
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған бастауыш мектептерде мәтін тек соңғы он жылдықтарда ғана қолға алынып,зерттеле бастады.Сондықтан мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жағынан зерттейтін тіл білімінің саласы,мәтін лингвистикасы жетіле бастады.
Мәтін көбінде сөйлеудің жазудағы немесе баспадағы нәтижесі деп те анықталады.Мәтін кез-келген көлемдегі тиянақты ой деп қаралды.Сөйлеудің нәтижесі ретінде текі сөйлем бар жерде мәтін мәселесі туындайды.
Шағын жинақталған бастауыш мектепте мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда ғалымдардың пікірлері түрліше.Біреулер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп атаса,көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін мәтінге жатқызады.

№5 Дәріс тақырыбы. Оқушылардың білім дәрежесін бақылау және тексеру.
Жоспары:
1. Оқу үлгерімі мен оқуға қабілеттілікті диагностикалау
2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
Дәріс мәтіні:
1.Шағын жинақталған мектептерде оқу үлгерімі мен оқуға қабілеттілікті диагностикалау. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.

Іздеу