Аударманың жалпы теориясы (Дәріс / Лекция)

Дәрістің тақырыбы: Аударма туралы
Жоспары
1. Аударма туралы түсінік
2. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі
3. Аудару заңдылықтары туралы пікірлер

Кез келген ұлт тарихтың қай кезеңінде болсын дүниежүзілік қоғамдық даму процесінен оқшау өмір сүре алмайды. Қай ұлттың тарихын алсақ та ол ажырау, тоғысу жолдарынан, басқа ұлттармен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас жолдарынан тұрады. Ал қарым-қатынастың басты құралы тіл екені баршаға аян. Ұлтаралық қарым-қатынасқа келсек, әр тілде сөйлейтін адамдардың арасында дәнекер керектігі өзінен-өзі белгілі. Міне, осы тұста адамдардың қажеттігі туады. Осы тұрғыдан келгенде, аударманың тарихы тым әрі, тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді.

Дәрістің тақырыбы: Аударма ұғымы
Жоспары
1. Аударма- көпмағыналы сөз
2. Аударманың қолданылатын тұстары

«Аударма»-көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/ жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың талмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Әдебиеттерде аудрманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен бұл екі ұғым (үдеріс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үдеріс десек, оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып тұрады. Гер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұғарым-тұжырымдар жасауға болады.

Дәрістің тақырыбы: Аударманың қоғамдық қызметі
Жоспары
1. Аударма-адам қызметінің бір түрі
2. Аударманың қоғамдық қажеттілігі
3. Тілдік дәнекерлік, оның түрлері

Табиғатта бір ғана жақты зат та, құбылыс та жоқ. Бұған келіссек, біз аударма деп жүрген ұғымда қатып қалған, қасаң тұрақтылық болмаса керек. Аударманы қарым-қатынас құралы дей отырып, біз одан өзге тілдегі хабарларды осы тілге жеткізудің әр түрлі тәсілдерін, амалдарын, қалыптарын, түрлері мен пішіндерін күтуіміз керек. Өйткені қарым-қатынас ешқандай стандарттық қалыпқа көнбейді. Мұндай жағдайда басты мақсат-өзге тілдегі айтылған /жазылған ақпаратты мүмкіндігінше түсіну, байыптау, парықтау. Мұнан шығатыны-тілден тыс адам жоқ, адамнан тыс тіл жоқ, ал адам болса, оның негізгі бір қыры-қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы екендігі. Ал аралық дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау-ұлтаралық қажеттілік. Осы айтылған ойлар тұрғысынан келсек, аудармаға оның қоғам тағайындаған қызметі жағынан, коммуникативтік мәнділігінің мөлшері жағынан да анықтама беруге тура келеді. Өйткені жақсы аудару үшін екі тілді білу жеткіліксіз. Ол үшін табиғаты күрдлі, қайшылықты аударма заңдылықтарын білу керек, аударма мен аудармашыға қоғам тарапынан қойылып отырыған талаптарды білу қажет.

Аудару үстінде түпнұсқада берілген ойды дәл жеткізу үшн тілдік құралдардың түр-түрін іздеуге таңдап, табуға тура келеді. Бұл – аударманың шығармашылық сипаты бар еңбек екенін көрсетеді. Шығармашылдық сипат көркем аудармаға тән емес, сол сияқты аударма қоғамдық - саяси, публицистикалық, ғылыми шығармалар да да, тіпті қарапайым құжаттың өзіне де, ауызекі сөйлеуде де шеберлікті қажет етеді.
Аударма теориясын шығаршылдық істен, өнерден айырмасы да бар, ол – ғылыми пән. Адамзаттың басқа іс - әрекеттері секілді аудармада теориялық негіздеуді қажет етеді. Аударма теориясының міндеті – түпнұсқа мен аударманың арақатынасын анықтау, белгілі бір әдісті, форманы неге таңдап алу қолданғанын түсіндіру, ғылыми айғақтарға сүйене отырып аударманың жекелеген жайттарын бақылауынан туған нәтижелерді қорыту, аударма жүзесіне көмектесу. Аударма предметінің объективтілігі сонда, ол – аударманың нақты мүмкіндіктерін анықтайды, басқаша айтқанда, аударма төңірегінде не бар екенін көрсетіп береді. Бірақ аударма болашағында не болатынын болжамайды, екінші сөзбен айтқанда, оның жүйелеуші, жалпылап қорытушы сипаты бар, алдын – ала сәуегейлену – аудама теориясына жат құбылыс. Мұнымен қатар аударма теориясының белгілі бір ғылыми ұғымдағы, санаттары бар, олар белгілі бір нақты жағдайға байланысты үзінді түрінде айтылған ойлар емес, жүйелі түрде айналымда қолданылып отыратын санаттар.

Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясының міндеттері
Жоспары
1. Аударманың шығармашылдық сипаты
2. Аударма теориясының жүзелік маңызы

Аудару үстінде түпнұсқада берілген ойды дәл жеткізу үшн тілдік құралдардың түр-түрін іздеуге таңдап, табуға тура келеді. Бұл – аударманың шығармашылық сипаты бар еңбек екенін көрсетеді. Шығармашылдық сипат көркем аудармаға тән емес, сол сияқты аударма қоғамдық - саяси, публицистикалық, ғылыми шығармалар да да, тіпті қарапайым құжаттың өзіне де, ауызекі сөйлеуде де шеберлікті қажет етеді.

Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы
Жоспары
1. Аударма теориясының салалары
2. Аударматанудың тіл білімі ғылымдарымен байланысы
3. Аударма теориясының өзіндік ерекшелігі
4. Аударылымпаздық туралы түсінік

Бұдан бұрын тыс аударманың көп қырлы құбылыс екенін осымен байланысты оның әдеби, тарихи, мәдени, психологиялық теориялары да бар екенін айтқан болатынбыз. Енді аударманың лингвистикалық теориясының салаларына келейік.
«Аударманың жалпы теориясы негіздерінің» А.В.Федоров аударма теориясын лингвистикалық тұрғыдан қарай отырып үлкен үш салаға бөледі:
1. Аударма теориясының тарихы;
2. Аударма тілімен жұмыс істеудің жалпы міндеттері мен шарттары;
3. Материалдың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты аударманың міндеттері мен шарттары, жеке, нақты аударманы талдаудың принциптерін жасау, жеке стильге байланысты жұмыстар.

Дәрістің тақырыбы Аударманың толыққандылығы туралы
Жоспары
1.Аудармадағы «формализм» мәселесі
2.Аударма толыққандылығының маңыздылығы
3. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары

Аударма төңірегіндегі әдіснамалық, жүзелік тәжірибенің молая түсуіне, ақыл – ойдың қарыштап дами түсуіне байланысты аударма сөздердің де «бара –барлығы» дами түсуге тиісті. Осыған орай аударманың негізгі ұғымы болып саналып жүрген «бара –барлықты» даму күйінде алып қайта қарап отыру қажет болып тұрады.
Осы тұста аудармадағы «формализм» туралы мәселені де айта кету артық болмас. Формализм ұғымы аударма саласында шетелдік мәтінді көбінесе әріпқойлықтықпен, дәлме –дәл, сөзбе-сөз жеткізуге байланысты қолданылып келеді. Сөз жоқ, әріпқойлық әрқашан не түпнұсқаның мазмұн – мәнін бұзып жібереді, не аударма тілдің дұрыстығын бұзады, әйтпесе екеуінің де өңін өзгертіп жіберуге қасыл. Бұл – толық мәнінде пішінді айрудың көрінісі ретінде, тіпті , кең аяны қамтиды. Аударуда тұтас шығарманың қасиеті, өзгеше сипаты,стильдік ерекшеліктері ғана алынуы сияқты құбылыстар да формализмнің көрінісі болып табылады. Айталық, бір тілдегі архаизм екінші тілге қайтсе де архаизм түрінде, немес варваризм түрінде жетіледі. Ал аударма тілдің стильдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып пішінді мазмұнды аша түсетін құрал ретінде жеткізу ешқашан да жатқызылмауы тиіс.

Дәрістің тақырыбы : Аударманың лексикалық мәселелері
Жоспары
1. Лексикалық бірлікті аударудың негізгі заңдылықтары
2.Аудармадағы лексикалық вариант
3.Баламасыз лексика және жалған баламалар

Тіл арқылы ойын жарыққа шығаратын адам, әдетте, жаңа сөз жасамайды, сол тілде бар, сол тілдің сөздік құрамында бар сөздерді өзінше қолданады, шебер шешен болғанның өзінде сол тілдің байлығын бар мүмкіндігінше пайдаланады. «Жаңа сөз жасадым» деген адамның өзі қолдануда бар сөздердің элементі негізінде, не сол тілде бар сөздерге ұқсастыру аркылы жасай алады. Олай болмаса, жаңа сөз дегеніміз «абракадабра» (сандырақ) болып шығар еді. Бұған дәлел ретінде белгілі сөз туындатушы Ісләм Жарылғаповтың аудармашылдық тәжірибесінен мысалдар келтірейік. Салыстырыңыз: аялдама - остановка ( қазақы оймен салыстырыңыз: көрме - выставка) ; балмұздақ - мороженое (Қазақы ұғым бал қаймақпен салыстырыңыз.); жағажай - пляж (қазақтың «қонақжай» деген сөзімен салыстырыңыз); телефондау - телефонизировать (қазақтың «арқандау»деген сөзімен салыстырыңыз.) т.с.с.

Дәрістің тақырыбы : Аудармадағы ұлттық реалия мәселесі
Жоспары
1. «Реалия» туралы түсінік
2.Реалия сөздердің зерттелуі
3. Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі

«Реалия» - латын сөзі, зат, нәрсе деген ұғымды білдіреді. Ал біз қарастырып отырған аяда ол белгілі бір ұлттың, елдің өзіне ғана тән тұрмыстық, материалдық, рухани, тарихи-қоғамдық құбылыстары мен заттарының тура мағынасындағы (номинативтік) атаулары деген ұғымда қолданылады. Әңгіме тура мағына туралы болғандықтан, мұны аудару ешқандай қиындық келтірмейтіндей де сияқты. Алайда мұның аударматануда ерекше сөз болуына себеп болар жайттар баршылық. Ол, біріншіден, бір халықтың өмір салты екінші халықта айна-қатесіз қайталануы мүмкін емес; екіншіден, ол сөз контексте тэуелсіз болып тұруы мүмкін; үшіншіден, ол сөзде ерекше бір стильдік бояу болуы міндетті емес. Міне, сондықтан ұлттық реалияны бейнелейтін сөздерді келесі бір тілде жеткізудің өзіндік шарттары, өзіндік тәсілдерінің болуы - заңды құбылыс.

Дәрістің тақырыбы: Жалқы есімдерді, лақап аттарды, фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару
Жоспары
1.Жалқы есімдерді, лақап аттарды аудару және оларды фонетикалық жағынан қалыпқа келтіру
2.Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары

Қазақ аудармасының тарихында жалқы есімдерді мүмкіндігінше аудару үрдісі де болған. Мысалы: Пушкин - Зеңбіреков, Лев Толстой - Арыстан Жуанов, сондай-ақ Н.Гогольдің кейіпкерлері: Собакевич - Итбаев, Ноздрев -Тұмсықов (Қ.Тайшықов аудармасы), Яичница - Уыз кұймақ (М.Дэулетбаевтың аударуы); А.Чеховтың «Лошадиная фамилия» шығармасындағы Овсов - Сұлыбаев (А.Ахметовтің аударуы). Соңғы сөзді Бекмұхамедов сол күйінде қалуын ұсынса, С.Талжанов Сұлыбаев деген баламаны дұрыс аударылған деп табады, өйткені, ғалымның пікірінше, кейіпкердің есімінің «сұлымен» байланыстьшығы шығарманың идеясымен үндес. Мұнан шығатын мәселе - сол жалкы есімді басқа тілге жеткізудің жолы қандай екенін іздеу.

Дәрістің тақырыбы: Аудармадағы грамматикалық мәселелер
Жоспары
1.Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтар
2.Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу

Кез келген тілде баска тілдерге де ортақ бір универсалийлердің (ортақ эмбебаптықтың) болуы - заңды құбылыс. Дей тұрғанмен түпнұсқа тіл мен аударма тілде грамматикалық сәйкестіктердің болуы сиректеу кездеседі. Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға аударма теориясында ерекше орын берілуі де осыдан.
Түпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты - түпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай ерекшеліктерге, мысалы, грамматикалық формалардың ықшамдылығы, сөйлем құрылымындағы, синтаксистік күрделі бірлікті құрастырушы сыңарлар арасындағы жарыспалылық белгілі бір сөз табын неғұрлым жиі қолдану т.б. сипаттар жатады. Осы сияқты фамматико-стилистикалық бірліктерді аудару не болмаса аударма тілде бар аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.

Дәрістің тақырыбы: Аудармадағы трансформациялық процестер
Жоспары
1 Аудармадағы трансформациялық процестер
2.Аудару процесінде кездесетін әрекеттер

Аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармышадан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Іздеу