Әдебиет теориясы (Дәріс / Лекция)

Дәріс тақырыбы: Әдебиет теориясы-ғылым, әдебиеттану ғылымындағы жетекші сала
Жоспары
1.Әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері.
2.Әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктері.
3.Әдебиеттану теориясының басқа ғылымдармен байланысы.
4.Қазақ ұлттық әдебиет теориясының қалыптасу тарихы

Әдебиет теориясы-әдебиеттану ғылымының ең негізгі саласының бірі. Әдебиет теориясының зерттеу обьектісі-сөз өнері, негізгі міндеті-әдебиет сүйгіш қауымға сөз өнерінің эстетикалық табиғатын таныту.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиетттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

Дәріс тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері
Дәріс жоспары
2.Өнердің сөз өнері ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
2.Көркем образ-көркем таныту құралы
3.Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні
3.Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырлары, олардың бірлігі

Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық.
Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан тыс, адам өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденген үстіне дәлелденуде. Сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне дейін көтеріледі
Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қандай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тірщілігінің мәні мен мағынасын баяндайды. Кез келген әдеби шығарманы алсақ, толғандыратын нәрсе-адам тағдыры, адамгершілік сыры.
Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал-күйі, кескін-кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне суреткердің сол адамдардың өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекеті басталады.

№4 дәріс тақырыбы: Өнердегі типтілік мәселесі
Дәріс жоспары
1.Өнердегі типтілік мәселесі.
2.Типтік көріністердің өнер үшін мән-маңызы
3.Типтендіру-өнердің басты заңдылығы

№5 дәріс тақырыбы: Типтендіру түрлері
Дәріс жоспары
1.Типтендіру түрлері, ерекшеліктері.
2.Типтендірудің тарихи жағдайға қатыстылығы

№6 дәріс тақырыбы: Типтік бейне
Дәріс жоспары:
1. Типтік бейне ерекшелігі.
2.Типтілік пен көркемдік шарттары.
3.Классикалық әдеби типтер және олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздері, көркемдік-танымдық маңызы.

№7 дәріс тақырыбы: Көркем шығарма және оның құрылысы
Дәріс жоспары
1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.
2. Өнер туындысының мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі.

№8 дәріс тақырыбы
Дәріс жоспары: Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін
1.Мазмұн мен пішіннің элементтері.
2.Мазмұн мен пішіннің бірлігі жайлы толғамдар.

№ 9 дәріс тақырыбы: Көркем шығармадағы сюжет
Дәріс жоспары
1.Көркем шығармадағы сюжет мәселесі.
2.Сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялық функциясы.
3.Сюжет және фабула туралы ой-пікірлер.

№10 дәріс тақырыбы.Сюжет және көркем тартыс
Дәріс жоспары
1.Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы.
2.Сюжет түрлері. Сюжеттік желілер.
3.Сюжет және көркем тартыс.
4.Тартыс-характер таныту, даралау тәсілі.
5.Тартыс туралы пікірлер.
6.Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері.

№11 дәріс тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері
1.Әдеби жанрлар теориясы.
2.Әдебиетті текке, түрлерге бөлу принциптері.
3.Жанр-тарихи категориясы.
4.Роман-эпопеяның жанрлық табиғаты.
5.Лирикалық жанрлар, оның түрлері.
6.Драмалық жанрлар, ерекшелігі.

№12 дәріс тақырыбы: Әдеби процесс
Дәріс жоспары
1.Әдеби поцесс-әдеби даму.
2.Әдеби даму және дәстүр жалғастығы.
3.Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі.
4.Әдебиеттегі көркемдік дәстүрлер, олардың сөз өнерінің дамып, өсуіндегі мән-маңызы.
5.Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы.
6.Әуезовтың тарихи роман дәстүрі.

№13 дәріс тақырыбы:Көркемдік әдіс.Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп
Дәріс жоспары
1.Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі.
2.Көркемдік әдіс туралы толғамдар.
3.Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар.
4.Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық.

№14 дәріс тақырыбы: Әдеби дамудың формалары
Дәріс жоспары
1.Әдеби дамудың формалары.
2.«Сыншыл реализм», социалистік реализм».
3.Қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер

№15 дәріс тақырыбы: Батыс Еуропа эстетикасы тарихынан (ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ.)
Дәріс жоспары
1.Классицизм эстетикасы.
2. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.
3.ХVІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасындағы әдебиет теориясы жайлы толғамдар. 4.Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.
5.Модернистік әдебиет түрлері

Іздеу