Қазақ тілінің стилистикасы (Дәріс / Лекция)

1 Дәрістің тақырыбы: Стилистика ғылымы туралы түсінік
Жоспары
1.Стилистиканың ғылым, пән ретінде қалыптасуы, даму тарихы
2.Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері
3. Стилистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы

Стилистика-тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы. Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы-тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады. Стилистика саласына синтаксистен-кітаби тілменсалыстырғанда ауызекі сөйлеу тілі конструкцияларының айырмашылқтары; белгілі бір жағдайға байланысты шағын аяда қолданылатын конструкциялардың қолданылуы мен қызметін анықтау;

2 Дәрістің тақырыбы: Тілдің стилистикалық құрылымы
Жоспары
1.Функционалды стиль туралы ұғым
2. Стиль-стилистиканың негізгі ұғымы
3.Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы

Стиль-тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функциональдық түрі. Стильдің ерекшеліктеріне: ф)тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы; ә)шектелген және арнаулы лексикалық құрам; б)өзәне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері; в) өзіне тән фразеология; г)өзіне тән синтаксистік конструкциялар; ғ) әр стильге лайық мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады.

3 Дәрістің тақырыбы: Стилистикалық мағына, оның табиғаты
Жоспары
1.Стилистикалық парадигматика мен синтагматика
2. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар
3.Стилистикалық синонимдер

Парадигматика-парадигматикалық қатынастарды, оларды топтастыруды, олардың таралу саласын қарастыратын тіл білімінің саласы; лингвистикалық топтардың-парадигматикалардың жиынтығы ретінде ұғынылатын тілдік жүйе. Парадигматикалық қатынастар тілдік қолданыста, мәтін ыңғайында әрдайым бірдей бола бермейді; олар айтушының санасы мен жадында сақталған ұғым мен тілдік элементтердің арақатынасының көрінісі болып табылады. Олар бұл элементтердің сәйкестігін не грамматикалық тұлғаларға қарап, не мазмұнға қарап, тіпті осылардың (тұлға мен мазмұнның) екеуіне де қарап байланыстыруы мүкін. Парадигматикалық қатынастардың да (парадигматика сияқты) тілдің деңгейлері мен ярустарында жататыны белгілі. Лексикалық парадигматикада лексемалардың арасындағы қатынастарды қарастырады. Айталық, ондай қатынастар жағдайында лексемалардың бір-біріне қарама-қарсы болуы да, жақындығы болуы да әбден мүмкін.

4 Дәрістің тақырыбы: Стилистикалық норма
Жоспары
1.Стилистикалық норма, оның ерекшелігі
2.Норма белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар
3.Стилистикалық норма-тарихи категория
4. Стилистикалық қате туралы ұғым

5 Дәрістің тақырыбы:Стилистиканың зерттеу әдістері
Жоспары
1.Стилистикалық талдау, нақтылы әдіс-тәсілдері
2. Сөздіктер мен анықтамалардағы стилистикалық белгілер
3.Бейтарап не стилистикалық бояу
4. Стилистикалық талқылау
5.Стилистикалық эксперимент, тілдік әдістер

Стилистиканың өзіне тән зерттеу әдістері бар: семантика-стилистикалық, салыстырмалы, статистика-стилистикалық және диахрондық-синхрондық әдіс. Стилистиканы зерттеу мен оқып-үйренудің теориялық та, практикалық та мәні өте зор. Алдымен, лингвистикалық ой-өрісті өсіретінін айта кету керек. Кейінгі жылдарға дейін тілді функциональдық тұрғыдан зерттеуге көңіл бөлінбей келді. Екінші жағынан, тілдің даму процесіндегі, қазақ тілінің кең қолданыста бола алмаған жайларының орын алғаны да рас. Ал қазіргідей, бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, көп жанрлы көркем әдебиет туындылары, баспасөз материалдары, әр саладағы ғылыми, публицистикалық еңбектер дүниеге келіп жатқанда, ондағы тілдік құралдардың қолданылуы қандай дәрежеде екекнін айтуға әбден болады, демек, мұндай зерттеулер оқырмандарды да сөзді талғап қолдануға үйретеді. Стилистика-статистикалық әдісті қолдану барысында экстралингвистикалық факторлардың тілге деген ықпалын жақсы байқауға болады. Сол сияқты, диахрондық әдісті қолдану нәтижесінде психология, әлеуметтану, ғылымтану сияқты салалармен стилистиканың тығыз байланыстылығы көзге түседі. Стилистика өз тұрғысынан тіл мәдениеті, практикалық стилистика, редакциялау әдістемесі, сондай-ақ мектепте тілден сабақ оқыту әдістемесі т.б. теориялық және практикалық пәндердің теориялық негізін қалайтыны сөзсіз.

6 Дәрістің тақырыбы: Фонетикалық стилистика
Жоспары
1.Дыбыстау стильдері
2.Дыбыстаудың түрлері
3.Акцентологиялық варианттар, олардың стилистикалық салалары
4. Интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері

Интонация термині екі түрлі мағынаны білдіреді: тар және кең мағына. Тар мағынасында алғанда әуен, әуен сызығы, тонның қозғалысы деген мағынаны білдіреді. Терминнің кең мағынасы интонациямен қоса, екпін, кідіріс, қарқынды білдіреді. Терминді тар және кең мағынаға бөлу шартты түрде алынған. Дегенмен де, осылайша шартты бөлуге қарамастан біз интонацияны тар мағынасында алып қараймыз, әрбір суперсегменттік тәсілдің стильжасамдық рөлін білу үшін жеке-жеке қарастырамыз.
«Функция» дегеніміздің өзі не, оның маңызы қандай? «Функция» термині туралы 1958 жылы Прага тілтаным мектебінің өкілдері Б. Гавранек бастаған тілтанушылар лингвистика тұрғысынан ғылыми түрде алғаш түсінік берген. Олардың пікірінше, «функция» тілдің міндетін атқарады. Сондай–ақ, ғалымдар функционалды тілмен функционалды стильдің айырмашылығын көрсетеді. Функционалды стиль кез келген ойды жеткізуде нақты мақсатта сипатталды да ойды жеткізу функциясын атқарады, функционалды тіл тілдік амалдардың нормалық жалпы міндеті ретінде анықталып тілдің функциясын атқарады. «Функция» латынның «жетілдіру» деген сөзінен алынған, тілдік тұрғыдан ол белгілеу, сипаттау, талқылау, ой-түрткі болу дегенді білдіреді, бұл аталғандардың барлығы бір – бірін толықтырып тұрады.

7 Дәрістің тақырыбы : Лексика-фразеологиялық стилистика
Жоспары
1. Лексика-фразеологиялық стилистиканың мүмкіндігі
2. Диалектизмдерді, жаргон сөздер мен арготизмдерді қолдану
3. Тарихи, көнерген, жаңа сөздердің стилистикалық мүмкіндігі
4. Қазақ фразелогиясының стилистикалық байлығы
5. Синоним, омоним, антоним, паронимдер, олардың бейнелілік жақтары, қолданыс аясы

Лексика, лексикология және стилистика-бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп-әдетте тілдегі барлық сөзқорын айтады. Лексикология сол сөздің құрамды тексеретін ғылым, яғни тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шет елдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексикасы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы, мына бір үзінділерге көңіл аударсақ, Білігі артық Қарашаш. Тексеру бізге парыз. Сөйлеп көр тіл мен жақ. Сөзіңнің бәрі хақ. Білік, парыз, хақ белгілі сөздер. Қолданылуы жағынан әр түрлі стильдерге бірдей емес. Лексикология мен стилистиканың бір-бірімен байланысты, олардың әдетте өз ара тығыз қарым-қатынаста болатыны осыдан. Парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Парыз сөзін кез-келген сөзбен қосақтауға келмейді.

8 Дәрістің тақырыбы: Сөз таптарының стилистикасы
Жоспары
1.Сөзжасамның стилистикалық құралдары
2.Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы
3. Сөз таптары категориялары мен формаларының стилистикасы

9 Дәрістің тақырыбы: Синтаксистік стилистика
Жоспары
1.Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары
2.Жай сөйлем стилистикасы
3. Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы
4. Күрделі синтаксистік тұтастық
5. Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі

10 Дәрістің тақырыбы: Функционалды стильдер
Жоспары
1. Функционалды стильдердің пайда болу себептері
2.Функционалды стильдердің концепциясы
3. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы, оларды топтастыру принциптері

11 Дәрістің тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі
Жоспары
1.Ауызекі сөйлеу стилінің қолданыс аймағы мен қызметі
2.Ауызекі сөйлеудің стильдік белгілері
3.Ауызекі стилінің тілдік белгілері

Тіл-қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше зор.
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады.
Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады.
Тіл мен сөз әрқашан да диалектикалық бірлікте қаралады.
Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған жөн. Тіл құрайтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды тіл жүйесі деп атаймыз. Тіл жүйесінсіз сөйлеу болмайды. Тіл жүйесі арқылы адамдар өзара пікір алысады.

12 Дәрістің тақырыбы: Ресми-іскери стиль
Жоспары
1. Іскери стильдің қолданыс аймағы мен стильдік белгілері
2. Іскери стильдің түрлері
3. Ресми-іскери стильдің тілдік белгілері

Қатынас құралының бұл түрлері күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады.

13 Дәрістің тақырыбы: Ғылыми стиль
Жоспары
1.Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері
2.Өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуы
3.Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері

Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ стилінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттелу объектісі болатын –зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына,яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік; сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз-неологизмдер-туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдпну нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, менеджмент, банк, демеуші, нарықтық экономика т.б. бір кезде ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айналып отыр. Сол сияқты ғарыш, ғарышты игеру, ғарыш бағдарламасы, несиелік технология сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.

14 Дәрістің тақырыбы: Көсемсөз стилі
Жоспары
1. Көсемсөз стилінің қолданыс аймағы мен қызметі
2. Көсемсөз стилінің белгілері
3. Көсемсөз стилінің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері
4. Көсемсөз стиліндегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар

Публицистика (латын тілінен аударғанда көпшілік, әлеумет)-қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.
Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса батауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда 18 ғасырда ең бірінші газет жарық көреді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхаты» сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.

15 Дәрістің тақырыбы: Көркем әдебиет тілі
Жоспары
1.Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі
2.Көсемсөз стилінің функционалды стильдер жүйесіндегі орны
3.Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз-ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігіне бойынша, өз ойын тіл құралы арқылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар-жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жинақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма-өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Көркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні-портреті жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Содан типтік образдар жасалады.

Іздеу