Қазіргі қазақ әдебиеті (Дәріс / Лекция)

Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпал-әсері. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет, бағыттардың өріс алуы. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болуы.
Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылық идеясын насихаттаған «Оян, қазақ!» (М.Дулатов), «Тілек батам», «Жұбату» (А.Байтұрсынов), «Бостандық» (М.Жұмабаев), «Алаш ұраны» (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс табуы.
Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әр түрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдердің де тууы. Мысалы, аталмыш авторлардың «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», «Неге жасаймын», т.б. туындылары.
Сондай-ақ қазаққа тән суырыпсалмалық өнерді Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шипин, Н.Бекежанов, Ш.Қошқарбаев, т.б. ақындардың одан әрі дамытуы. Әсіресе олардың айтыстарында тарихи дерек, драмалық тартыс, психологизм элементтері, әлеуметтік құбылыстардың да жымдасып жатуы.
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Тұңғыш рет Қазақстан автономиялық советтік социалистік республикасының құрылуы. С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С.Шәріпов сияқты қаламгерлердің кеңес өкіметінің идеясын, төңкерістің жетістік-жемісін қабыл алуы. Атап айтқанда, С.Сейфуллиннің «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», «Тергеген болсаң айтайын» (1917), «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар», «Қашқынның ауылы» (1918-1920) өлеңдеріндегі төңкеріс дүрбелеңі, сол кезеңдегі өмір шындықтарының көрініс беруі.
Кеңес өкіметінің халықты жаппай сауаттандыру мақсатында мектептер ашып, ұлт тілінде газет-журналдар шығара бастауы. Мәселен, «Қазақ тілі» (Семей, 1919), «Дұрыстық жолы» (Орда, 1919), «Жаңа өріс» (Ташкент, 1920), «Тіршілік» (Ақмола, 1918-1919) және т.б. басылымдар. Қазақстанның әр жерінде саясат майданы қызып, қазақтың ұлттық, халықтық сезімінің оянуына көмектескен «Бірлік туы» (Ташкент), «Сарыарқа» (Семей), «Ұран» (Орда) газеттерінің шығуы.
Кезінде көркем әдебиетті тек таптық тұрғыдан бағалаудың ықпал-әсерінен қазақ әдебиеті тарихынан орынсыз шеттетілген талантты ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы.
Мағжанның «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Бір күн», «Туған жерім-Сасықкөл», т.б. өлеңдерінде рушылдықты, елді етектен тартқан ескі салт-сананы сынауы, бай мен кедей өмірі арасындағы әлеуметтік керағарлықтың көрініс табуы.

№1 дәріс тақырыбы: 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті
Дәріс жоспары
1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі көркем әдебиет
2.Азатшылдық, ағартушы–демократтық бағыттар
3.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ поэзиясы
4.ХХ ғасырдың бас кезіндегі проза жанры

№2 дәріс тақырыбы: 1941-1945 жылдардағы қазақ әдебиеті
Дәріс жоспары
1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясы
2.Осы кезең әдебиетіндегі прозалық шығармалар
3.Драматургия жанрының дамуы
4.Әдебиеттану сыны мен әдебиеттану ғылымының дамуы

№3 дәріс тақырыбы: 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті
Дәріс жоспары
1.Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ әдебиеті дамуының жаңа кезеңі
2.1946-1960жылдардағы поэзияның дамуы
3.1946-1960 жылдардағы проза
4.1946-1960 жылдардағы драматургия
5.Осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымы мен сынының өркендеуі

№4 дәріс тақырыбы: 1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті
Дәріс жоспары
1.1960-90 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық
2.Ұлттық поэзияның жаңа көркемдік бояулары
3.Қазіргі қазақ прозасында көтерілген тақырыптар
5.30 жылдардағы драматургия

№5 дәріс тақырыбы: Сәкен Сейфуллин (1894-1938).
Дәріс жоспары
1.С.Сейфуллин-қазақ кеңес әдебиетінің көшбасшысы
2.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыбы
3.Сәкеннің прозалық шығармалары
4.Сәкеннің драматургиясы

6 Дәрістің тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938)
Дәріс жоспары
1.Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
2.Б.Майлин помасындағы образдар әлемі
3.Б.Майлиннің лирикалық поэмалары
4.Б.Майлиннің драматургиялық шығармалары

7 Дәріс тақырыбы:Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
1.І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
2. І.Жаснсүгіровтың аұындық ерекшелігі
3. Проза жанрындағы шығармалары
4. І.Жансүгіровтың драмалық шығармалары

8 Дәрістің тақырыбы: Жамбыл Жабаев(1846-1945).
Дәріс жоспары
1.Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2.Жамбылдың ақындық өнері
3.Ж.Жабаев дастандарының көркемдік ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы

9 Дәрістің тақырыбы: Иса Байзақов-суырып салма, әрі жазба ақын
Дәріс жоспары
1.И.Байзақовтың шығармашылық өмір жолы .Ақындық өнері
2.Ақынның поэмалары,шығармаларының көркемдік ерекшелігі шығармашылық өмір жолы.

10 Дәрістің тақырыбы: Мағжан Жұмабаев (1893-1937)
Дәріс жоспары
1.М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2.Ақынның гуманистік бағыттағы шығармалары
3.Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері
4.Мағжан поэмалары
5. М.Жұмабаевтың аудармалары, өзіндік ерекшеліктері
6.Ақынның өлеңдеріндегі образдар өрнегі

11 Дәрістің тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
Дәріс жоспары
1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы
2.Прозалық шығармалары
3.Драмалық шығармалары
3.Ж.Аймауытов шығармашылығының зерттелуі
4. «Шернияз », «Қанапия–Шәрбану» пьесаларындағы адамгершілік

12 Дәрістің тақырыбы : Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Дәріс жоспары
1.М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
2.М.Әуезовтің прозалық шығармаларының мәні мен маңызы
3. М.Әуезовтің драмалық жанрдағы шығармалары
4. М.Әуезов және қазақтың халық әдебиеті
5.«Абай жолы» роман-эпопеясы-әлемдік әдебиеттің озық туындысы
6.М.Әуезовтың зерттеу еңбектері.

13 Дәрістің тақырыбы С.Мұқанов (1900-1973)
Дәріс жоспары
1.С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығы
2.С.Мұқанов–жазушы
3.С.Мұқанов–драматург
4.С.Мұқанов очерктерінің маңызы

14 Дәрістің тақырыбы: Ғ.Мүсірепов (1902-1985)
Дәріс жоспары
1.Өмірі мен шығармашылығы
2.Ғ.Мүсірепов–қысқа әңгіме шебері
3.Ғ.Мүсіреповтің драмалық шығармалары
4.Ғ. Мүсіреповтің «Жат қолында » романындағы ағартушы–демократтар бейнесі

15 Дәрістің тақырыбы: Ғабиден Мұстафин(1902-1985)
Дәріс жоспары
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. Жазушының өндіріс тақырыбындағы шығармалары

16 Дәрістің тақырыбы: Қасым Аманжолов(1911-1955 )
Дәріс жоспары
1.Ақынның өмір жолы
2.Өлеңдерінің тақырыптары.
3.«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының көркемдік ерекшелігі
4.Аудармалары.
5.Қазақ әдебиетінен алатын орны

17 Дәрістің тақырыбы :Әбділда Тәжібаев (1909-1998)
Дәріс жоспары
1.Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы
2.Ақынның поэмалары
3.Аудармалары
4.Ғылыми–теориялық зерттеу еңбектері
5. Драмалық шығармалары

18 Дәрістің тақырыбы : Асқар Тоқмағанбетов (1905-1983)
Дәріс жоспары
1.А. Тоқмағанбетов–ақын, жазушы, мысалшы, сықақшы,фельетоншы
2. А. Тоқмағанбетовтің өмірі мен шығармашылығы
3.А.Тоқмағанбетовтің поэмалары
4.А.Тоқмағанбетовтің сатиралық шығармалары
5.Проза жанрындағы еңбектер

19 Дәрістің тақырыбы : Тайыр Жароков (1908-1965)
Дәріс жоспары
1.Т.Жароков өмірі мен шығармашылығы
2.Т.Жароков–циклді өлең жазу дәстүрін қалыптастырушы
3.Т.Жароков–эпик ақын
4.Т.Жароков аудармалары
5.Ақын мұрасының зерттелуі

20 Дәрістің тақырыбы : Жұмағали Саин (1912-1961).
Дәріс жоспары
1.Өмірі мен шығармашылығы
2.Поэмалары, тақырыбы мен идеясы
3.Қазақ поэзиясына партизан соғысы тақырыбын енгізуі

21 Дәрістің тақырыбы : Ғали Орманов (1907-1978)
Дәріс жоспары
1.Ғ.Орманов өмірі мен шығармашылығы
2.Ақынның лирикалары
3.Ақынның философиялық лирикалары
4.Ғ.Ормановтың әңгіме, очерктері, аудармалары

22 Дәрістің тақырыбы : Хамит Ерғалиев (1916-1997)
Дәріс жоспары
1.Өмірі мен шығармашылығы
2.Поэмалары тақырыбының әр алуандығы
3.Ақын лирикасына тән азаматтық асқақтық, эстетикалық дүниетаным
4.Әңгіме, очерк , публицистикалық мұралары
5.Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын аударуы

23 Дәрістің тақырыбы :Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)
Дәріс жоспары
1. Нұрпейісов өмірі мен шығармашылығы
2. Романдарының жанры, поэтикасы
3. Очерктері мен әдеби сын мақалалары
4. Ә.Нұрпейісовың А.Чехов, М.Горький, Назым Хикмет, испан жазушысы А.Кэсонның пьесаларын аударуы
6. Шығармашылығының зерттелу жайы
7.«Қан мен тер» романындағы образдар жүйесі.
8.Тәңірберген образын жасаудағы авторлық концепция.
9.«Қан мен тер» романы және психологиялық талдау.
10.Ақбала характерінің жасалу жолдары (сыни көзқарас).

24 Дәрістің тақырыбы : Жұбан Молдағалиев (1920-1988)
Дәріс жоспары
1.Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
2. Ақын поэзиясындағы азаматтық әуен мен нәзік лиризм
3.Жұбан–эпик ақын
4.Поэзиясындағы тақырып алуандығы

25 Дәрістің тақырыбы :Ілияс Есенберлин (1913-1983)
Дәріс жоспары
1.І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
2.Проза, поэзия, драматургия саласындағы еңбектері
3.І.Есенберлин–қазақ прозасының көрнекті өкілі
4.І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы
5..Романдарының көркемдік ерекшеліктері.

26 Дәрістің тақырыбы: Тахауи Ахтанов ( 1923-1998)
Дәріс жоспары
1. Т.Ахтанов өмірі мен шығармашылығы
2. Т.Ахтанов-ақын, жазушы, драматург, аудармашы
3. Т.Ахтановтың әдеби-сын очеркі, сын мақалалары
4.Т.Ахтанов шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны.
5. «Боран» романындағы психологизм және көркем характер.
6. «Боран» романындағы тоталитарлық жүйенің көрінісі.
7.«Шырағың сөнбесін» романындағы дәуір шындығы.

27 Дәрістің тақырыбы: Қ.Мырзалиев (1935)
Дәріс жоспары
1. Қ.Мырзалиев өмірі мен шығармашылығы
2. Қадыр лирикасының сыршылдығы
3. Қадырдың аудармалары

28 Дәрістің тақырыбы: М.Мақатаев (1931-1976)
Дәріс жоспары
1.М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
2.М. Мақатаев поэмалары
3.М.Мақатаев прозасы
4.М.Мақатаев аудармалары
5.М.Мақатаев лирикасындағы адам және табиғат.
6.М.Мақатаев лирикасындағы көркемдік ізденістер.

Іздеу