Қазіргі қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы (Дәріс / Лекция)

№ 1 дәріс тақырыбы: Теоретик ғалымдардың пікір- тұжырымдары
Дәріс жоспары
1. Поэзия өнері туралы
2. Поэзия - әдебиеттің көне саласы

Поэзия (грек poiesis, poieo-жасаймын,тудырамын)-өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды, олардың сапасында өзіндік ерекшелік бар. Поэзиялық шығармаға сезім күйі,әсерлілік тән,ал прозалық туындыларда баяндау,бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын қолдануда елеулі өзгешеліктер бер. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет-өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімді әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан,қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген.Сөз өнердегі ертегі-аңыздар қара сөз түінде түрінде келгенімен,поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен проза бөліп қараудың мәні зор.

№ 2-4 дәріс тақырыбы: Қазақ поэзиясының бүгінгі өкілдері. Ақындық шеберлік
Дәріс жоспары
1. Поэзиядағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
2. Ізденістер мен жетістіктер
3. Поэзиядағы символдық белгілер

Ақын-поэзиясының туындыларды (өлең,жыр дастан,поэмаларды) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында ақын ұжымының жырау,жыршы,өлеңші сияқты ұжымдардың ауқымы кең болған.Ол өлең жыр, дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да. Нағыз Ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан.
Ондай жағдайда өлең, жыр домбыра немесе қобыз сияқты аспаптар сазына қосылып айтылған. 20 ғасырдың басынан бастап осы дәстүрлерді жалғастырушылар «халық ақыны» деп аталатын болды. Қазақ халқының Жамбыл,Нұрпейіс,Кенен т.б., Ақындары жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастандарды жатқа айтқан.
Қазақстанда қазіргі заманғы жазба әдебиетінің қалыптасуына орай Ақынның тұлғасы да мүлде өзгерді. Жазба әдебиет өкілдері дәстүрлі қазақ поэзиясынан нәр ала отырып,өз шығармаларындағы өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі жағынан жаңасатыға көтерілді.

№ 5-6 дәріс тақырыбы: Қазақ теоретик ғалымдары поэзия туралы
Дәріс жоспары
1. Қазіргі поэзиядағы көркемдік ізденістер
2. З. Ахметов қазақ өлеңінің құрылысы туралы
3. Поэзиядағы әдіс пен тәсіл, ағым
4. Түр мен мазмұн жаңалығы
5. Поэзиядағы азаматтық тақырып

Поэзиядағы көркемділік-өнер шығармаларының өзіндік ерекшелігі, эстетикалық сұлулығы- дүниені, болмысты сипаттап сөйлетудегі суретшілік, бейнелік, өрнектілік. Көркемділік келісім жоқ жерде, өнер шығармасы өмір сүрмейді. Көркемділік-өнер туындысының сапалық көрсеткіші. Көркемділіктің бастау бұлағы, қайнар көзі- суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте А.Байтұрсынұлының көркем сөз табиғаты тұрғысындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол : “Сөз өнері-адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілге. Ақыл ісі-ондау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі- меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау; көңіл ісі,-түю, талғау. Тілдің міндеті -ақылдың андуын андағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау”

№7-8 дәріс тақырыбы: Лирика. Лирикалық поэзияның дамуы. Лириканың түрлері. Тақырыптық, көркемдік сипаты
Дәріс жоспары
1. Лирикалық поэзияның дамуы
2. Лириканың түрлері.
3. Лиризм. Тақырыптық, көркемдік сипат. Көңіл- күй лирикасы
4. Лирикадағы бейнелілік

Лирика (грек. Lyra- лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын) -көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі- адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығарма өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімін, нақты ойын, көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік толғаныстар лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман мұраттары көрсетілген. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қауныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді.

№ 9-10 дәріс тақырыбы: Табиғатты жырлау дәстүрінің қалыптасу негіздері. Табиғат лирикасы және дәстүр жалғастығы
Дәріс жоспары
1. Ақындардың табиғат тақырыбындағы туындылары
2. Ақындардың көркемдік ізденістері
3. Поэзиядағы жаңалықтар, бейнелеу құралдарының дамуы, ұйқас табиғаты, әуезділігі, ырғақ құрылымы, мазмұны

Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан бажайлауға болады. Өйткені қашанда адамзат табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аудармай қоймаған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл-күйін астастыра жырлаған.
Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді.

№ 11 дәріс тақырыбы: Лирикалық кейіпкер және ақын шеберлігі
Дәріс жоспары
1. Әдебиеттану ғылымындағы лирикалық кейіпкер
2. Ақындардың табиғат тақырыбындағы өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер

Әр ақынның табиғат тақырыбындағы өлеңдері негізінде лирикалық кейіпкер ерекшелігі, болмыс-бітімі жан-жақты көрсетіледі.
Пейзаждық лириканы сөз еткенде оны лирикалық кейіпкерден бөліп қарай алмаймыз. Жалпы лирикалық кейіпкер үғымын эдебиеттану гылымына 1940 жылы Ю.Тынянов енгізгені белгілі. Бұл мәселеге кейін белгілі әдебиет теоретиктері көңіл бөлді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында да лирикалық кейіпкер мәселесі туралы жазылган еңбектер бар. Осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған зерттеуші Т.Шапай лирикада "лирикалык тұлға", "лирикалық кейіпкер", "лирикалық қаһарман" атаулары қолданылатынын көрсете келіп: "Лирикалық тұлға - ақынның бүкіл шығармашылығы контексінде айқындалатын бейне болса, лирикалық кейіпкер жеке фрагментаралық тексте, кез - келген жеке өленде көрініс тапқан авторлық дербес сананың көркемдік бір тұрпаты", - десе," лирикалық қаһарман атауын орыс әдебиетінде қолданатын "лирический герой" терминінің тура аудармасы деп орынды көрсетеді.

№ 12 дәріс тақырыбы: Табиғат бейнелері және лирикалық кейіпкер
Дәріс жоспары
1. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер сезімі мен қиялы
2. Ақындардың лирикалық кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктері

Табиғат лирикасындағы бейнелілік мәселесі қарастырылады. Әр ақынның табиғат лирикасындағы қолданыстары, жасалу жолдары, стильдік ерекшеліктері жеке-жеке талдана келіп, сол арқылы қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының сипаты танылады.
Табиғатты, оның көріністері мен құбылыстарын бейнелеуде айқындаулардың орны ерекше. Айқындаулар сөзге әр беріп, ажарландырып, реңк үстеп, сәуле шашып, оқырман сезіміне ерекше әсер береді. Қазақ эдебиеттану ғылымында айқындауды А.Байтұрсынов көріктеу, лақаптау деп, олардың түрлерінен мысалдар келтірсе, кейін Қ.Жұмалиев, З.Ахметов З.Қабдолов, Р.Сыздықова, С. Негимов т.б. көңіл бөлген.

№ 13 дәріс тақырыбы: Теңеудің табиғат лирикасындағы қолданысы
Дәріс жоспары
1.Әдебиеттану ғылымында теңеу туралы әдебиетші ғалымдардың пікір-тұжырымдары
2. Қазақ теңеулерінің жасалу жолдары

Адамзат баласы табиғатынан тылсым жаратылыспен тығыз байланысты. Сондықтан да табиғат бар жерде адам, адам бар жерде табиғат сөз болады. Ауыз әдебиеті үлгілерінде табиғат пейзаж түрінде жеке суреттелмесе де, тұрмыс-салт, басқа да жырларда табиғат көрністері, бөлшектері көрініс беріп отырған.
Қазақ табиғат лирикасындагы бейнелі сөздердің өміршеңдігін, үлттық сипатьн, қызметін таныту үшін ақындар шығармаларына тоқталамыз.
Поэзияда пейзажды суреттеуде басқа да көркемдік тәсілдер тәрізді белгілі бір заттың, құбылыстың сыр - сипатын, белгісін, қасиетін, ерекшеліктерін басқа бір затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы керемет әсерге бөлейтін, айрықша ажар дарытатын теңеу түрлері мол кездеседі. Әдебиеттану ғьлымында теңеу туралы аз сөз болып жүрген жоқ. Белгілі эдебиет теоретиктері Потебня А.А., Абрамович Г.Л., Поспелов Г.Н., қазақ ғылымында Байтұрсынов А., Ахметов 3., Жұмалиев Қ., Қабдолов 3., Жұмагалиев Қ., Қоңыров Т., Кәрібозұлы Б. т.б. ғалымдардың теңеу туралы ой-тұжырымдары бар. Белгілі ғалым Т.Қоңыров орыс тілі мен әдебиетінде теңеуге катысты 100-ге тарта ғылыми еңбектердің жарияланғандығын айта келіп, қазақ теңеулерінің жасалу жолдарын көрсетіп, нақты мысалдармен дәлелдейді. Пейзажды суреттеуде теңеуді шебер қолданатын ақындардың бірі - С.Мәуленов. Оның табиғат тақырыбындағы туындыларында теңеулер жиі кездеседі. Поэзияда теңеулерді пайдалана отырып, ақын табиғаттың келісті көріністерін елестетеді. Әсіресе поэзияда мол қолданылатын -дай жүрнақты теңеулерді автор түрлі образдарды елестетуде, сурет әсерлілігін туғызуда шебер пайдаланады.

№ 14-15 дәріс тақырыбы: Ауыстырудың табиғат лирикасындағы қолданысы
Дәріс жоспары
1. Пейзажды суреттеудегі тәсілдердің бірі - ауыстыру
2. Табиғатты суреттеуде ақындардың ауыстыруларды орынды қолдануы (С.Мауленов, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, О.Асқар, М.Айтқожина т.б.)
Дәріс жоспары
1. Ауыстырулар бойынан дәстүр жалғастығы, заман келбеті, ұлттық сипат, ақындық қолтаңбалардың танылуы
2. Поэзия әлеміне келген ақындардың табиғатты жырға қосуы
3. Ауыз әдебиетінен бастау алған табиғатты суреттеу – мәңгілік тақырып

Пейзажды суреттеудегі айрықша тәсілдердің бірі - ауыстыру. Ауыстырулар - тек қазақ әдебиетінде емес, әлемдік эдебиетте образ жасаудың ерекше бір түрі. Ол әдебиеттану ғылымында әркез сөз болып келеді. Белгілі әдебиеттанушы галымдар қүбылтудың өзге түрлері тәрізді ауыстыруға да үлкен мән берген.
Қазақ әдебиеттану ғылымында метафораға алғаш "ауыстыру" атауын ұсынған А.Байтұрсынов болатын. Белгілі әдебиет зерттеушілері де ауыстыруға анықтама беріп отырады.
Ауыстырулар ауыз әдебиетімен бірге жасасып келе жатқан бірден-бір тәсіл болса, пейзаждық лирикада да ауыстырулардың орны ерекше. Ақын С.Мәуленовтің табиғат тақырыбындагы өлендерінде сөзді ауыстырып колдану жиі кездеседі. Мәселен, "Күн" өлеңінде ақын күнді символдық бейне ретінде алады: "Мен сәулелі күн едім". Сонымен қатар, автор пейзажды суреттеуде есім сөздерді атау тұлғасында немесе көптік жалғауын жалғап, ауыстырып қолданады. Мәселен: "Анар - жүлдыз, ақық ай, арайлы аспан", "Жарқылдайды алдымызда: Аспан - қала, Жұлдыз - шамдар", "Аққулар - қыздар ағады жүзіп", "Шағалалар - найзағайлар жарқылдап". Үзінділердегі ауыстырулар суреттеліп отырган көріністі, құбылысты бейнені әсерлі, бейнелі, дәл елестетіп, оқырманды ерекше сезімге бөлейді. С.Мәуленовтің ауыстыруларында суреттелініп отырған заттың өзіндік ерекшелігі ғана аңғарылмай, ақынның бейнелі, заман айнасын танытарлық сөз қолданыстары көрінеді.

 

Іздеу