Мәнерлеп оқу және шешендік өнер (Дәріс / Лекция)

№1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Шешендік өнердің тарихы
жоспары
1.Шешендік-қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері
2.Шешендіктанудың-өте көне заманда қалыптасқан ғылым саласы
3.Шешендік өнер жайлы еңбектер

Адамның кім екендігін айқындайтын сан алуан сапалық қасиеттердің ішінде шешенге аса қажетті сапалық белгілер болатыны белгілі.
Қандай адамды шешен дейміз? Бұл орайдағы пікірлер әр түрлі. Бірі қалай сөйлегеніне байланыссыз, әйтеуір көпшілік алдында сөз сөйлеуші адамды шешен деп есептейді, бірі шын мәнінде жақсы сөйлей білетін адам шешен деп танылады.
Сөздіктерге жүгінсек, «оратор» сөзі орыс тілінде 18 ғасыр басында пайда болған. Ол латын тіліндегі «говорить» сөзінен шыққан. Ал қазақтарда тым әріден бары байқалады. Шешендік өнердің негіздерін саралап, пайымдау белгілі бір дәрежеде шешендік өнердің қалыптасу тарихына және қазақ шешендік сөздерінің табиғатын тануға жетелейді.


№2 дәріс тақырыбы: Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихы
жоспары
1.Қазақтың шешендік өнерінің бастаулары
2.Қазақтың шешендік өнері- ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы
3.Би-шешендер-шешендік өнердің негізгі өзегі
4.Шешен, билердің демократтық, халықтық сипатын ашудағы пікірлер
5.Қазақтың шешендік өнерінің зерттелуі

Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де, оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Мәметова, Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер 1 ғана кезең, яғни ХҮІІ –ХІХ ғасыр арасын қамтиды, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи-әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.


№3 дәріс тақырыбы: Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
жоспары
1.Шешендік өнер-ғылым, ерекше жанр, сөз өнері
2. Шешендік сөздердің негізгі белгілері, оған қойылатын талаптар
3.Қазақ шешендік сөздерінің мазмұнына қарай жіктелуі

Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбы мен мазмұныныа, айтылу орнына қарай 5 түрге бөледі:а)шешендер жиынды ауызға қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде-саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері-билік шешен сзі де аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі-қошеметшешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені- білімір шешен сөзі деп аталады; д) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі-уағыз деп аталады

№4 дәріс тақырыбы: Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты
жоспары
1.Сөзді әсерлі жеткізу тәсілдері
2. Шешендік сөздердің бүгінгі жіктелуі
3. Академиялық шешендіктің басты белгілері

Тілдің жұмсалу дәрежесінің әр дәуірде әр түрлі болып келетіні сияқты шешендік те өзінің атқаратын функциясына және нақтылы жағдайға байланысты өзгешеленіп отыратыны белгілі. Қай елдің шешендік өнеріне баға берсек те, біз әрқашанда сол өнерді туғызған, жандандырған тарихи дәуірлерді есепке алуымыз керек. Әрбір тарихи дәуір шешендерге белгілі бір міндеттерді жүктеді және өзінің талабына көндірді.
Қазақ халқының басынан кешкен қоғамдық формациялары сол халықтың әдебиетінде, мәдениетінде, сөз өнерінде ізін қалдырып отырды. Қазақ халқы б.д. дейінгі бірнеше жылдар бұрын өмір сүрген сақтар мен ғұндардың ұрпақ жалғасы десек, қазақ жері алғашқы адамдардң пайда болған мекені десек, көне түркі шешендігі, әдебиет пен мәдениеті қазақ халқына да тиесілі.


№5 дәріс тақырыбы: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы
жоспары
1.Шешендік өнердің ғылым салаларымен байланысы
2. Шешендік сөздер мен ақын, жыраулар шығармаларындағы үндестік
3. Ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздердің үлгілері

Орта ғасыр ескерткіштерінің тарихи, теориялық мәні түркологияда бір ғасыр бойы жан-жақты айтылып келеді. Түркі тілдес жазба мұралардың табыла бастаған, ғылыми тұжырымдар айтыла бастаған, мерзімді еске алсақ, оның үш жүз жылға барары белгілі. Басқа түркі халықтары сияқты қазақ халқының тарихына қатысты орта ғасыр жазба мұралары қазақ шешендік сөздерінің қалыптасуында елеулі рөл атқарған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарынды шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырған кемеңгер ғалым Аристотельден кейінгі екінші ұстаз-Әл мұғаллим ас-сани атанған Әл-Фараби де заманында талантты да білімді, шешен тілді ақын болған. Әл-Фарабидің өз заманында аты әйгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар аз емес. Ақын Аян Нысаналин Әл-Фарабидің төрт жолды, он шақты өлең шумақтарын қазақ тіліне аударып, жариялады.

№6 дәріс тақырыбы: Шешендік өнерді меңгерту жолдары
жоспары
1.Шешендік сөздердің үлгілерін, түрлерін жіктеу қабілетін қалыптастыру жолдары
2.Ғылыми баяндамалар, реферат, хабарламалар жасаудың мәні
3.Дәрісханадан тыс жұмыстың түрлері
4.Шынайы шешенге тән қасиеттер
5.Шешен сөйлеу мәдениеті

Қазіргі шешендіктің мазмұны бай. Бұған ғылыми тақырыптағы шешен тілді мақалалар мен баяндамалар, саяси тақырыптағы үгіт-насихат шолуллар, әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптағы мадақтаулар, сот ісіндегі айыптаулар мен діни мазмұндағы уағыздар кіреді. Қазіргі шешендер де сан салалы мамандық иелері көркем тілді жазушылар мен журналистер, анық ойлы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, сезімтал да сергек сот қызметкерлері мен дін жолын ұстағандар. Қазіргі шешендік сөздердегі ортақ қасиет-тілдік-стильдік тұрғыдан публицистикалық сипаттың басымдылығы.
Шешендік сөздердегі тұспалдау атайтын сөздер алынып отырған атаулардың ұғымдық белгісіне сүйенеді. Бейнелі атауларда ұғым заттардың қасиеттерін салыстыру тәрізді логикалық тәсілге сүйеніп анықталады.
Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» деген толғауында «сен бұзау терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын» дегенінде ыдыс-аяқ атаулары болып табылатын шөншік, талыс сөздерінің қолданылуында мынадай ұғымдық белгілер таңдалып алынады: 1.шөншіктің бұзау терісінен жасалатындығы

 

 

Іздеу