ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (Дәріс / Лекция)

№1 дәріс тақырыбы: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Дәріс жоспары:
1. XIX ғасырдағы тарихи жағдай, халық ағарту ісі.
2. Осы кезеңдегі қазақ-орыс әдеби байланыстар жайы.

Әдебиет көркемөнер туындысы ретінде ұлтымыздың гуманистік,эстетикалық, этикалық, басқа да ізгі қасиеттерін танытып, дүниенің көрінген және көрінбеген сырларын ашып,адамның жан әлемін суреттеп, заманның ақиқат қалпын ұлттық мүдде тұрғысынан бейнелейді. Сондықтан, әдебиет тарихының 19 ғасырдағы дәуірі де жүз жыл бойбойына жүргізілген отарлық езгіні, бодандық бұғауына түскен жұрттың жан күйзелісін тақырыптық, идеялық, жанрлық, стильдікалуан өрнектермен бейнелеген азаттық танымындағы саяси-әлеуметтік лирикасы басым әдебиет болды.

№2 дәріс тақырыбы: Дулат Бабатайұлы (1802-1874) шығармашылығы.
Дәріс жоспары:
1. Өмірі туралы мәлімет
2. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы.
3. Шығармаларының тақырыбы, көтерген мәселелері.
4. Дулат шығармаларының жанры және көркемдік ерекшеліктері.

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.
Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен) , ата-баба жайлаған жер-судан , ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға, отаршылар зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан , халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.

№3 дәріс тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы (1803-1840).
Дәріс жоспары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары.
3. Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік,романтикалық толғау ақыны.
4. Ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесінің жырлануы және өз бейнесінің сомдалуы.

Бұқарашылдық идеясымен айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді. Ол-езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескен ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.

№4 Лекция Тақырыбы: Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867).
Жоспары:
6. Өмірі туралы мәлімет.
7. Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.
8. Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.
9. Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.

Махамбет рухында жыр толғап,шаруалар көтерілісіне үн қосқан,
халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі - Шернияз.
Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен.Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады.

№ 5 Лекция Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы (1818-1861).
Жоспары:
1.Шортанбай Қанайұлының өмірінен, шығармашылық жолынан мәлімет.
2.Ақынның ежелгі түркілік-мұсылманшылық әдеби дәстүр тағылымында қалыптасуы.
3.Шортанбайдың патшаның отарлау саясатын реалистікпен әшкерелеуі.
4.Айтыстарындағы сыншыл, өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.

Шортанбай-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астана жұрты, әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

№6 дәріс тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).
Дәріс жоспары:
1.Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы-қазақ поязиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.
2.Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны.
3. Айтыстары (“Сүйінбай мен Тезек”), (“Сүйінбай мен Қатаған” т.б).

№7 дәріс тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898).
Дәріс жоспары:
1.Майлықожаның өмірі мен шығармашылық жолы.
2.Майлықожаның толғау-термелерінің және айтыстарының тәрбиелік мәні.
3.Майлықожа – сауатты білімдар ақын.
4.Ақын шығармаларының жанрлық түрлері.
5.Айтыстары.

Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.
Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.

№8 дәріс тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906).
Дәріс жоспары:
1. Ақын шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.
2. Мұраттың жыршы-ақындығы.
3. Айтыстары.

Мұрат - жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.

№9 дәріс тақырыбы: Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы. (сал-серілер, әнші-ақындар). Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897).
Дәріс жоспары:
- Сал-серілік өнер, ән өлеңдер, өнер тұтастығы жөніндегі ерекшеліктер.
- Біржан салдың өмірі, лирикалық өлеңдері.
- Біржан салдың озбырлық жасаушыларды сынауы.
- Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы.

№10 дәріс тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы (1834-1913).
Дәріс жоспары:
1. Ақан сері - қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық, тағлымын жырлаушы суреткер ақын.
2. Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі тақырып мазмұны.
3. Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері.

№10 дәріс тақырыбы: Сара Тастанбекқызы (1818-1854).
Дәріс жоспары:
1. Өмірі, ақындық шығармашылығы.
2. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын.
3. Ақынның Біржан салмен болған айтысы.

№11 дәріс тақырыбы: Әсет Найманбайұлы (1887-1923).
Дәріс жоспары:
1. Өмірі мен ақындық шығармашылығы.
2. Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.
3. Айтыстары және дастандары.

№12 дәріс тақырыбы: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865).
Дәріс жоспары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
3. Шоқанның қазақ ақындары және қазақ батырларына арналған тарихи еңбектері.

№13 дәріс тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).
Дәріс жоспары:
1. Өмірінен мәлімет.
2. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
3. Ыбырай-ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы.
4. Ыбырай-қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.

№14 Лекция. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (1845-1904).
Жоспары:
1. Шығармашылық өмірбаяны.
2. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.
3. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.

№15 Лекция. Тақырыбы: Мағауия Абайұлының, Ақылбай Абайұлының, Шәңгерей Сейіткерейұлының шығармашылық жолы.
Жоспары:
1. Ақын туралы мәлімет.
2. Мағауияның көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
3. “Еңлік-Кебек”, “Абылай” атты поэмалары.

Іздеу