Дене шынықтыру (Дәріс / Лекция)

№ 1–2.
Лекция тақырып: Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі
Лекция жоспары:
1. Дене тәрбиесі салалары.
2. Дене тәрбиесінің қағидалары.
3. Дене тәрбиесінің еңбек және отан қорғау тәжірибесі мен байланысы.
4. Дене тәрбиесінің сауыттыру қағидасы.

1. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі денені тәрбиелеу ғамалиясының жалпы заңдылықтарын басқару жөніндегі ғылым.
Дене тәрбиесінің ілімі өзінің даму тарихында арнаулы ғылыми салалардың пайда болуына әсерін тигізеді. Олар құбылыстарға терең үңіліп, заңдылықтарын ашып дене тәрбиесінің құралдары мен тәсілдерін жете меңгеруге, дененің сапалық қасиеттерін дамытуға әсер етуші бағыттар мен әдістерді тәжірибе жүзінде іске асыруды көздейді. Қазіргі уақытта арнаулы ғылымдар дене тәрбиесінің даму ғамалиясын зерттеуді өзіне мақсат деп санайды және бұл салалармен байланысты құбылыстардың өзара қатынастарын жете меңгеруге мүмкіндіктер туғызады.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми салалардың жұмысына сүйене отырып, дене тәрбиесіндегі жалпы заңдылықтарды зерттеуші әрі тұжырымдаушы ғылыми пән ретінде қаралады. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі бірлескен жағдайда ғана ғылыми пән болып тұра алады, ал бір – бірінен бөлінген жағдайда өмір сүре алмайды, дамымайды. Бірігіп жұмыс істеген жағдайда бірін – бірі толықтырып отырады, себебі ілім тәжірибе жүзінде қолдау таппаса, ол мақсатына жетпейтін ілім күйінде қала береді.

Лекция № 3.
Лекция тақырып: Дене тәрбиесі іліміндегі зерттеу тәсілдері.

Дене тәрбиесі басқа ғылымдар саласындай зерттеу жұмысын екі түрде өткізеді. Тәжірибе жүзінде (эксперимент немесе құбылыстарды табиғи күйінде анықтау) және өзіндік теория жолымен. Ғылыми зерттеу тәсілдері көп жақты, оның ішінде дене тәрбиесіндегі негізгі қолданылатын тәсілдер талдау мен қорытынды жасау, педагогикалық бақылау, эксперимент және математикалық тәсілдерді қолдану аса үлкен орын алады. Сонымен қоса шектес ғылымдардың әртүрлі салалары да қолданылады мысалы: социология, психология, физиология, биомеханика т.б.

Лекция № 4-5 .
Лекция тақырыбы: Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің жалпы негіздері.
Лекция жоспар:
1. Дене тәрбиесіндегі ұғымдар
2. Дене тәрбиесі және оның жүйесі

Дене тәрбиесінің бастапқы ұғымдары оны басқа пәндердей өзіне тән заңдылықтары жеке дара даму сатысы бар, білім беріп, жалпы тәрбие жұмысын іске асыратын құрама құралдары ретінде құралады. Дене тәрбиесі өз алдына жеке ғылыми және оқулық пән болған соң, өзіне тән ұғымдары да болады. Ол ұғымдар аталған пәннің мазмұнына жан-жақты анықтама беріп, кейінгі сөйлемдерді қысқаша сөзбен тұжырымдайды. Атап айтқанда ол ұғымдар “дене тәрбиесі”, “дене мәдениеті”, “дене тәрбиесінің жүйесі”, “дененің дамуы”, “дененің жетілуі”, “дене тәрбиесінің жаттығулары”, “спорт” т.б.
Осы аталған арнаулы ұғымдарды толық меңгеру үшін оның жалпы мінездемесін, сипатын ғылыми салада және кәсіптік тұрмыста қалыптасқан сөздердің негізіне қарауымызға қажет. Осы тұрғыда “дене мәдениеті” жалпы мәдениет ұғымының түсінігінен басталады.
“Дене мәдениеті” - жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Ол адамзаттың тарихи даму барысында қол жеткен барлық жетістіктермен, адам баласының ойлап тапқан алдыңғы қатарлы құрал тәсілдерін, әдістерін тиімді пайдаланып, соның нәтижесінде адамды жан-жақты дамытып жетілдіру бағытында керекті жағдай жасауы. Бұл ұғым қоғамдағы білім беруді, ғылым мен әдебиетті,техникалық дамудағы барлық мекемелердің алдыңғы атарлы құрал тәсілдерін тиімді пайдаланып, соның нәтижесінде адамды жан-жақты дамытып жетілдіру жетістіктерін қамтиды. Сонымен “дене мәдениеті” дегеніміз қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстардың жиынтығы. Ол өзінің ғылыми білімінің деңгейі, жан-жақты тәрбиенің іс жүзіндегі жетістіктері, жоғарғы спорттық көрсеткіштермен қоғам мүшелерінің жалпы дайындығының өсуі, халық арасында дене тәрбиесін керекті құрал ретінде қолданылуымен мінезделінеді.

Лекция № 6-7
Лекция тақырыбы: Оқыту қағидалары
Лекция жоспар:
1. Саналық пен белсенділік қағидасы
2. Үйрету тәсілдерән ғылыми жолмен негіздеу
3. Беріктік қағидасы
4. Көрнекілік қағидасы
5. Қайталау қағидасы
6. Жүйелік қағидасы

Дене жаттығуларының үйрету әдістемесінде дидактиканың мазмңұның ерекшелігіне мәлім қағидалары толығымен қолданылады. Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерекшелігіне, тәсілдеріне және ұйымдастыру түрлеріне байланысты іске асырылады. Педагогикалық жұмыста өзініің үйрету заңдылықтарына байланысты қағидалар екі түрге бөлінеді. Біріншісі қимыл -қозғалысқа үйрету қағидасы, ал екіншісі дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеуде өолданылатын спорттық жаттығулар қағидасы. Педагогикалық қағидаларды жаттығу жұмысында қимыл әдістерін меңгеруде қолданғандықтан дидактикалық немесе жалпы әдістемелік оқыту қағидалары деп те атайды. Педагогикалық ғылымда қағидалар бастапқы қалыпты жағдайдың басқарушы орталық құрылымы, оқытушы мен оқушының арасындағи іс-әрекеттерді оқыту ғамалиясының заңдылықтар көріністерін көрсетеді. Қағида жәй ғылыми немесе іс жүзінде жүретін нақты фактор ғана емес, сонымен бірге мәселенің нақтылы шешілуі мен факторлардың таралуын педагогикалық көзқараста сәйкестендірілу жағын қамтиды.

№ 8-9 Лекция.
Лекция тақырып: Дене тәрбиесінің құралдары.
Лекция жоспары:
1. Дене тәрбиесінің жаттығулары.
2. Дене тәрбиесі жаттығуларының әдісі.
3. Қозғалыс түрлері.

1. Дене тәрбиесінің жаттығулары.
Жаттығу ұғымы дене тәрбиесінің тәжірибесінде екі жақты мағына білдіреді. Бірінші, дене тәрбиесінің құралы қимыл қозғалыстың түрі болса, екіншісі әдістемелік қағидаларды пайдалана отырып қимыл – қозғалысты қайталау ғамалиясын ұйымдастыру болып табылады. Бұл екі ұғым өзара қарым – қатынаста ғана емес, сол сияқты бір тектес болып келеді. Бірінші жағдайда адамның денесіне немен әсер етуі сөз болса, екінші жағдайда әсер етуін қалай іске асыруға болады. Осы ұғымдарды алдағы уақытта шатастырмау үшін бірінші жағдайды “жаттығулар тәсілі” деп атаймыз.

№ 10-11 Лекция.
Лекция тақырып: Қозғалыс ебділігі мен дағдысына сипаттама.
Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысының мәні ерекше белгілері.
Лекция жоспары:
1. Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысының мәні және ерекше белгілері.
2. Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысының маңызы.
3. Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысының арасындағы айырмашылықтар.
4. Қозғалыс дағдысын тасымалдау.
5. Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысының қалыптасуы.

Қозғалыс ебдейлігі мен дағдысы, қимыл – қозғалысыты игеру процессі нәтижесінде қалыптасады. Б.А.Ашмаринаның айтуынша, қимыл-қозғалысты игеру процессі іскерліктің қалыптасуынан басталады.
Қимыл іскерлігінің белгілері қозғалу әрекетін меңгеру нәтижесінде пайда болады. Бірақта, қимыл ебдейлігі мен дағдысының арасында елеулі ерекшеліктер болады. Олар қозғалысты басқару мінездемесі мен қимылдың әртүрлі меңгерілуіне байланысты. Жаңадан игерілетін қимыл қозғалыстарды алғашқы рет орындаудың өзі орындалатын қозғалыс жөнінде орындаушының аз ғана мөлшерде болса да білімі, қозғалыс тәжірибесі мен жалпы дене дайындығының арқасында қозғалыс тізбегін саналы орындауға мүмкіндік туғызады. Қимыл – қозғалысты басқару арасында байланыс күшейе түседі.Сонымен, қозғалыс іскерлігі дегеніміз, қозғалыс мақсаттарын саналы түрде бақылап, тұрақсыз тәсілдермен орындау.
Қозғалыс ебдейлігінің дене тәрбиесі ғамалиясындағы орынының әртүрлі болуы оның атқаратын қызметіне байланысты. Ол қозғалыс дағдысына айналу кезінде, сатылап өту ғамалиясын қалыптастыруда, тәрбиелеуде ашық көрінеді. Қозғалыс ебдейлігінің оқыту, үйрету, білім беру жөніндегі бағасы өте зор. Осының арқасында белсенді творчестволық ойлау, қимыл – қозғалысты талдап, сұрыптауға бағдарлайды.

Іздеу