Қазақстан тарихы (Дәріс / Лекция)

1 дәріс.
ХIХ ғ. Қазақстанның тарихына қатысты тарихи деректер мен тарихнаманың ерекшелігі
Жоспары:
1. ХIХ ғ. Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы және Қазақстанның ХIХғ.тарихына қатысты деректер мен тарихнаманың құндылығы
2.Қазақстан тарихына қатысты деректер және олардың құрылымы
3. ХIХ ғ. екінші жартысына қатысты тарих деректердің маңызы

2 дәріс.
Қазақстанда ХIХ ғ қазақтардың қоныстануы және олардың сандық көрсеткіші
Жоспары:
1.Қазақстанда қазақтардың жалпы саны туралы ХIХ ғ деректердің сипаты
2.Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің жалпы саны туралы ХIХ ғ деректердің құндылығы

3 дәріс
Қазақстанның ХIХ ғасырдағы этнографиялық құрылымы
Жоспары:
1.ХIХ ғасырдағы ұлы жүздегі ру- тайпалардың этнографиялық құрылымы
2.ХIХ ғасырдағы орта жүз ру-тайпаларының этнографиялық құрылымы
3.ХIХ ғасырдағы кіші жүз ру-тайпаларының этнографиялық құрылымы және төре, қожа, төлеңгіт, құлдар т.б.туралы мағлұматтар

Ұлы Жүз.
Ұлы Жүз 11 ру-тайпадан құралып, оның құрамы негізінен көнеден келе жатқан қаңлы, дулат, үйсін тайпасынан тұрды.Қазақстанның этникалық тарихында зерттеулер бойынша ежелгі үйсіндер мен қазақ халқының құрамындағы үйсіндермен тікелей генеологиялық тығыз байланыс бар екендігі анықталған. Бұл байланыстың тарихы сонау б.з.д. 1 мың жылдыққа қарай әкетеді.

Орта Жүз
Орта жүздің барлық тайпалары ежелден-ақ этникалық құрылым ретінде белгілі болды. Орта ғасырдағы әлеуметтік-саяси тарих Орта жүздің ру-тайпаларының өзара қатты араласуына әсеретті. Зерттеушілер тайпалардың бұлай мықтап араласуына моңғол шапқыншылығы мен ХVI-ХVIII ғасырда қазақ-жоңғар арасындағы жойқын алапат соғыстардың әсері болғанын атап өтеді, дегенмен жалпы алғанда тайпалардың ежелден келе жатқан мекен ету аймағы территориясы моңғолдарға дейін белгіленіп болған еді. Шығыста –керейлер, батыста –наймандар, одан әріректе арғындар, қыпшақтар орналасқан.

Арғындар тарихта әртүрлі этнонимдік модификацияда белгілі еді, ғұн, арғын(ақ), аргу атпен белгілі болған арғындар қазақ арасындағы тайпалардың ең көп бөлігін қамтып, Орталық және Солтүстік Қазақстанның ұланғайыр бөлігін алып жатты. Арғындардың рулық құрылымы бес ата Мейрам, жеті ата «жеті момынды» құрады.Сондай-ақ арғын конфедерациясына шартты генеалогиялық құқы бар тарақты кіреді.

Наймандар –өзінің бастауын ежелгі оғыз одағы «сегіз оғыздан» таратады. Шыңғысханға дейін наймандардың өз алдына жеке этносаяси бірлестігі болып, территориясы Моңғолиядан Қара Ертіс пен Жетісуға дейінгі аралықты алып жатты. Моңғолдардан жеңілгеннен кейін наймандар батысқа ығысып, сол кезеңде олардың көптеген ірі топтары Орталық және Солтүстік, Оңтүстік өңірде өмір кешті.

Керейлер - біздің тарихымыздың бір мыңыншы жылдығында Моңғолия мен Алтай тауларында, Оңтүстік Сібірде, Қытайдың батыс аудандарын мекендей отырып, жылнамаларда Орталық Азияда ең алғаш несториан дінін ұствнған ру-тайпа болып саналады. Керейлердің билеушілері кезінде Шыңғысханның саясатын қолдағанымен, кейінірек оның күш көрсетуімен жан-жаққа ығыстырылды.

Уақ-керейлерге туыстас болып келетін ноғайлы дәуірінің көптеген батырлық жырларында, кездеседі. Уақтар саны ең аз болып келетін, ХIХ ғасырда Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды мекен етті. Уақтар екі рулық одақтан тұрып, М.Тынышбавевтың мәліметтері бойынша ХIХ ғасырдың аяғында олардың саны 70000 жеткен.

Қыпшақтар - ортағасырлық тарихта, Еуразия жазығында керемет көзге түскен түркі тайпаларының бірі. Шығыс тарихшысы Рашид-ад-дин , сондай-ақ Әбілғазы Баһадүр олардың отаны оңтүстік – сібірдің орманды – аласы деп санаған, себебі «қыпшақ» термині ағаштың өзегі дегенді білдіреді. ХI ғасырда саяси аренадан оғыздарды ығыстырып, қыпшақтар қазақ даласының негізігі бөлігінің билеушісіне айналды.

Қоңыраттар ХIХ ғасырдың басында жазғы жайлаулары Торғай өзені, Телікөл маңына дейін жеткен. Ежелгі дәуірде қоңыраттар моңғол тайпаларымен тустық қатынаста болып, тарихта Шыңғысхан қоңыраттармен туыс болып шыққан.

Кіші Жүз
Кіші Жүз үш ру-тайпалық бірлестіктен тұрып, әрқайсысының генеологиялық иерархияда өзіндік орны болды. Ең ірісі болып, алты тайпаның бірлестігінен құралған-әлімұлы. Әлімұлы Батыс Қазақстанның оңтүстік бөлігін иемденді. Оларадың пайда болып қалыптасуының әртүрлі нұсқасы бар.

Төрт-қара төрт рудан тұрады. ХV-ХVIIғасырда бұл рулардың негізігі бөлігі Оңтүстік қалаларының тағдырында айықша роль атқарды. Солардың бірі –Орта Азияның белгілі билеушісі Жалаңтөс Баһадүр Самарқанд шаһарында таңғажайып сәулет өнері туындыларын салдыруымен белгілі. Төрт –қараның қыстаулары –Сырдария, Қуаңдария, Жаңадарияда орналасты.

Байұлы - барлық қазақ жүздеріндегі ең көп санды ру-тайпалық бірлестік болып саналады. ХIХ ғасырдың соңындағы мәліметтерге қарағанда байұлының саны шамамен 1030000 тақау болған. Бұл ру-тайпалық бірлестіктің кейбір рулары Хорезм мен Бұқар хандығының, сондай-ақ Бөкей Ордасының территориясында мекен етті.

Адай - ең көпсанды, жауынгер, батырлығымен белгілі тайпа. Көптеген зертеушілер Батыс Қазақстаның ежелгі тұрғындары дай тайпаларымен адайларды байланыстыруы негізсіз емес.

Қожалар-қазақ қоғамында мұсылман дін иелерінің негізін құрады. Өздерінің генеологиясын пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у.) тен таратады.Көптеген қожа қауымдары Қазақстанның оңтүстік өңірінде, Ташкент – Түркістан оазисінде орналасқан. Орталық аймақтарға Қаратау арқылы өткендіктен, олардың бір атауы қаратаулықтар.

Төлеңгіттер-төренің қарамағындағылар өздерінің бостандығынан бас тартып, оның қорғанышы мен билігін мойындағандар бола білді.Олардың қатарында бұқарлықтар, ташкенттіктер, қарақалпақтар, башқұрттар, қалмақтар болды.

4 Дәріс
Қазақстанның ХIХ ғасырдағы этникалық құрылымы
Жоспары:
1. ХIХ ғасырдағы ұлы жүздегі ру-тайпалардың этникалық құрылымы
2. ХIХ ғасырдағы орта жүз ру-тайпаларының этникалық құрылымы
3. ХIХ ғасырдағы кіші жүз ру-тайпаларының этникалық құрылымы және төре, қожа, төлеңгіт, құлдар т.б.туралы мағлұматтар

5 дәріс
ХIХ ғ Қазақстанда қалыптасқан территориялық байланыстар
Жоспары:
1. ХIХ ғ Қазақстанда қалыптасқан территориялық байланыстар және оның сипаты
2.Солтүстік-орталық аймақтағы ру-тайпалар және ХIХ ғ 40-50-ші жылдары отаршылдыққа қарсы қозғалысқа қатысқан ру-тайпалар
3.Аймақтың батыс бөлігіндегі ру-тайпалар арасындағы ахуал
4.Аймақтың солтүстік бөлігіндегі ру-тайпалар арасындағы ахуал
5.Аймақтың орталық шығыс бөлігіндегі ру тайпалар арасындағы ахуал

6 дәріс
ХIХ ғ Қазақстанда қалыптасқан территориялық байланыстар
Жоспары:
1.Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ру тайпалар арасындағы ахуал
2.Оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтағы территориялық байланыстың қалыптасуы

7 дәріс
Патшалы Ресейдің боданына айналуына байланысты Қазақстанның ХIХ ғасырдағы қоғамдық саяси құрылысы
Жоспары:
1.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» және оның мәні
2.1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы » және оның сипаты
3.Оңтүстік Қазақстандағы саяси ахуал
4.«1867-1868жылғы Уақытша ереженің» мәні
5.1891жылғы «Дала ережесі»

8 дәріс
1.ХIХ ғ. Қазақстанда мал шаруашылығы мен егіншіліктің даму сипаты.
2.Өнеркәсіп пен қалалардың даму деңгейі
Жоспары:
1. ХIХғ.қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы және оның сипаты
2. ХIХғ.қазақтардың егін шаруашылығы және оның дамуы
3. ХIХғ.қазақтар арасында қосалқы кәсіптің қалыптасып, дамуы
4. ХIХғ.өнеркәсіп пен қалалардың даму деңгейі

9 дәріс
ХIХғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті
Жоспары:
1.ХIХғ.қазақтардың материалдық мәдениетінің дамуындағы ерекшеліктер
2.ХIХғ.қазақтардың рухани мәдениетінің дамуының өзіндік ерекшелігі
3.ХIХғ.қазақтарда әдебиеттің, өнердің, музыканың дамуы

10 дәріс
ХIХ ғ. қазақ даласындағы ағартушылық және қазақтардың діни наным-сенімі
Жоспары:
1. ХIХ ғ.қазақтардың оқу-ағарту саласының дамуы
2. ХIХ ғ.қазақтардағы діні наным-сенімдер

11 дәріс
Отарлық езгіге қарсы бағытталған ХIХ ғ ұлт-азаттық көтерілістер.
Жоспары:
1.Исататай Тайманов және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
2.Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық қозғалыс
3.Жанқожа Нұрмұхамедүлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1853-1858 ж)

Іздеу