Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы (Дәріс / Лекция)

№ 1 дәріс тақырыбы «Жас физиологиясы және мектеп гигинасы»
жоспары:
Жоспар :
1. Физиология пәні ғылымы, зерттеу негіздері
2. Физиология ғылымының ұстанымдары
3. Физиология ғылымының әдістері

1.«Жас физиологиясы және мектеп гигинасы» пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу. Бұл пәннің педагогика және психология пәндерімен байланысы және оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы туалы.
Жас физиологиясы педагогикалық барлық ғылымдардың теориярлық негізін жасайды, әсіресе мектеп гигинасының ғылыми негізін жасайды. Мектеп гигинасының оқушылар денсаулығын күшейту мен сақтау үшін маңызы ерекше, әрі дені сау қалыптасқан жастарды тәрбиелеудегі орныда бөлек. Бұл пәндердің бір-бірімен баланыстары және даму сатыларына сипаттама.
Физиология – организмінің барлық құрылымдық дәрежесінде жүріп жататын жасушалардың терілердің органдардың жүйелердің және органның қызметі немесе тіршілік әрекеті жөніндегі ғылым. Қазіргі кезде адам және жануарлар физиологиясы туралы көптеген мәліметтер жиналады. Соның нәтижесінде физиологиядан жеке бір тармағын құрған жас ерекшелік физиологиясы.


№2 дәріс тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы жалпы заңдылықтары.
Жоспары:
1. Организм және орта
2. Өсу және даму
3. Гомеостаз және организм қызметінің реттелуі. Өздігінен және Гуморольдық реттелу
4. Жас кезеңдері

1. Организм және орта. Орыс физиологиясының негізін салушы И.М. Сеченов мынандай қорытынды жасаған: «организмнің тіршілігін қолдайтын сыртқы орта, сондықтан организмнің ғылыми анықтамасына, оған әсерін тигізетін орта да кіруі тиіс. Шындығын айтқанда, табиғат пен әлеуметтік ортадан тыс адамның болуы мүмкін емес».И.П.Павлов Сеченовтің ойын одан әрі дамытты: адам сыртқы ортамен тығыз байланыста болып тұратын бір тұтас организм және оның сыртқы ортамен біркелкі тәуелді жағдайы әр уақытта сақталмақ.
Организм біртұтас, оның барлық тканьдерінің, органдарының және системаларының құрылысы мен қызметі өзара байланысты. Қандай болмасын бір орган немесе системаның құрылысы мен қызметі өзгерген жағдайда, басқа органдардың құрылысы мен қызметі де өзгереді.

№3 дәріс тақырыбы: Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғарғы нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері.
Жоспары:
1. Нерв жүйесінің маңызы
2. Нерв құрылымдарының морфологиясы
3. Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу,түрліше организм реакцияларын ұйымдастыру, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі.
4. Нейронның құрылысы мен қасиеттері
5. Тітіркену, тітіркендіргіш, қозу, қозғыштық тежелу ұғымдары.
6. Нерв талшығы және оның қасиеттері

Жүйке жүйесінің құрылымы. Адамның жүйке жүйесі аса күрделілігімен ерекшеленеді. Ол жүйке ткандарынан тұрады, ал жүйке ткандары – жүйке жасушаларынан – нейрондардан түзіледі. Жүйке жасушалардың жинақталуынан және оның қысқа талшықтары – дендриттерден сұр түсті ми заты құралады.
Орталық жүйке жүйесі жұлыннан және мидан тұрады. Жұлын омыртқаның қуысында орналасқан және жүйке ткандарынан тұратын жуан жіп түрінде кездеседі. Жұлынды көлденең жарып көретін болсақ, оның сырт жағының шеттерінде ақ зат орналасқан (жүйке талшықтарының жинақталуы), ал іш жағынан – сұр зат (жүйке жасушаларының өз денесінің жинақталуы). Жұлында туа біткен шартсыз рефлекстердің орталығы орналасқан. Ол адам денесінің бұлшық-ет қозғалысын реттеп отырады. Жүйке жолдары арқылы қозу перифериялық жүйке соңы бас миға жеткізіледі және бас мидан бұлшық еттерге, теріге және басқа органдарға жетеді.
Бас ми бас сүйегінің қуысында орналасқан. Адамның бас миы ең жоғары сатыдағы жануарлардың, адам тәріздес маймылдардың миымен салыстырғанда өте күрделі құбылыс болып табылады. Ең алдымен, адамдарда үлкен жарты шарлар алабы ерекше дамыған.
Бас ми бір-бірімен байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің ішіндегі негізгілері төмендегілер: артқы ми, орта ми, аралық ми және алдыңғы ми.

№ 4 дәріс тақырыбы: Шартты рефлекс туралы ілім
Жоспары:
1.Шартты рефлекс туралы ілім.
2.Шартты рефлекстердің жасалу механизімдері.
3.Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы.
4.Рефлекстердің жіктелуі.
5.Шартты тежелу және оның түрлері. Шартты тежелудің балалардағы ерекшелігі.
6.Балалардағы шартты тежелудің жасалуының ерекшелігі- тәрбиенің физиологиялық негізі. Әр жастағы шартты рефлекстер ерекшелігі.

1.Орыс физиологиясының атасы И.М.Сеченов ( 1829-1905) алғаш рет бас мидың материалистік физиологиясын құрудың жолдарын белгіледі. 1963 жылы оның «Бас ми рефлекстері» атты белгілі еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде сол кездегі физиологияның алдыңғы қатарлы жетістіктеріне және өз зерттеулеріне сүйене отырып, адамның психикалық қызметі қандайда бір материалдық емес жанның көрінісі болмай, тек қана ми қызметінің нәтижесі болып табылады деп айтқан екен.
«Адамда психикалық және физиологиялық қозғалыс, - деп жазды ол, - пайда болу тәсілі бойынша рефлекстер». И.М.Сеченовтың бастаған мидың рефлекторлық қызметін зерттеу жұмысын И.П.Павлов қатаң эксперименталдік негізге құра білді, рефлекс ұғымына жаңа мазмұн береді, шартты рефлекстерді алудың механизмін ашты, жаңа ғылыми пән – жоғары жүйке қызметі физиологиясын негіздеді, психологияның ғылыми-жаратылыстану негізі, ірге-тасы болып табылады.

№5 дәріс тақырыбы: Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі
Жоспары:
1.Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі
2.Динамикалық стереотип. Әдет және дағды негізі, әр күн режймнің физиологиялық негізі. Оның қалыптасу механизімі және оқу мен тәрбие жұмысындағы маңызы
3.Сөз стереотиптерінің сөйлеу даму үшін маңызы. бірінші және екінші сигналдар (болмыстық) жүйелер. Олардың өзара әрекетерінің жас ерекшеліктері. Ес, эмоция және мотивация физологиясы туралы.
4.Жоғарғы нерв әрекеті. Оның типтері, пластикалығы. Оқушының ЖНӘ типтерін жеке жұмыс барысында ескеру.

1.Зейіннің физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик А.А.Ухтомскиийдің ұсынған доминанта принципі қағидасының мәні зор.Бұл принцип бойынша,мида әр уақытта да қозудың үстемдік ететін орталығы болады.Ол өзіне миға бара жатқан барлық қозуларды шақырады және осының арқасында оларға үстемдік етеді.Осындай орталықтың пайда болу негізі тітіркендіргіштің күші ғана емес,сонымен қатар бүкіл жүйке жүйесінің толық жағдайына байланысты.Сонымен,доминанта деп бір уақытта адам санасынаәсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға әсер етуін айтады.Академик А.А.Ухтомский зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің біреуінің ішінен біреуінің жеңіп шығып,күшті әсер етуі.Бас ми алаьында қозудың бірнеше орталығы пайда болады.Бұл жағдайда қозудың әрьір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу жағдайында болады.Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық,күрес туындайды.Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп,үстемдік етеді,академик А.А.Ухтомский оны доминанта деп атаған.

№1 дәріс тақырыбы: Анализаторлардың (сенсорлық жүйелердің) жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы
Жоспары::
1. Анализаторлар туралы түсінік
2. Көру анализаторы
3. Есту анализаторы
4. Тері анализаторы
5. Бүлшың ет анализаторы
6. Дәм, иіс сезу анализаторлары

1.Анализатор туралы түсінік Сезім мүшелері арқылы үлкен ми сыңарлары қыртысының тиісті аймақтарына қоршаған ортадан үнемі хабар келіп тұрады. Ми қыртысының басқа учаскелеріне ағзаның әр түрлі мүшелерінен импульстері келеді. Ағзаның қалыпты тіршілігі үшін оған әсер ететін көптеген тітіркендіргіштерді дәл және айқын ажыратып талдау қажет.
Рецепторларда тітіркендірулерді талдау басталады. Олардың әрбір тобы белгілі бір тітіркендіргіштерді сезеді. Мысалы, көру мүшелерінің рецепторлары әдеттегі жағдайда жарыққа, есту мүшелерінің рецепторлары дыбысқа тітіркенеді.
Рецепторларда пайда болған импульстер афферентті нейрон арқылы орталық жүйке жүйесіне өтеді және өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысының тиісті аймағына жетеді. Бұл кезде тітіркендіруге қыртыс аймақтарында талдау жасалады.

№2 дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері
Жоспары:
1.Адам қанқасы. Буындардың құрлысы мен қызметтері.
2.Қанқа сүйектері. Қанқаның қалыптасуы мен олардың иілістері. Қанқаның фунционалдық.Тұлға және сымбатты тәрбиелеу. Бас, қол-аяқ, ми сауыты және бет сүйектерінің дамуы.
3.Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрлысы мен қызметтері. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі ет массасы мен ет күші. Қозғалыс актілерінің дәлдігі мен жылдамдығының, төзімділігінің жас ерекшеліетері.
4.Дене еңбегінің шамасына әр түрлі жастағы организім реакциясының ерекшеліктері. Әр түрлі ет жұмыстары кезіндегі шаршау және оның ерекшеліктері. Қозғалысдағдыларының дамуы, жасқа сәйкес қозғалысты үйлестіруді жетілдіру. Оқушылардың қозғалыс режимі, гиподинамия және гипокинезиямен күрес.
5.Дене бітімі. Дене бітімінің қалыптасуы. Оның бала мен жасөспірімдердің өсіп дамуындағы маңызы. Омыртқа жотасының дефермацияларына қарсы амалдар. кезіндегі дене қалпын дұрыс ұстау. Дұрыс дене келбетін сақтаудағы және қалыптасудағы жаттығудың, дене тәрбиесінің рөлі.
6.Партада дұрыс отыру. Мектеп жиһаздарына, шеберханаларына, класс бөлмесіне және оқу- тәрбиелеу құрал- жабдыұтарына қойылатын гигиеналыық талаптар.

№3 дәріс тақырыбы: Ас қорыту органдары
Жоспары:
1. Ас қорыту органдарының құрылысы мен ұызметі.
2. Ауыз қуысындағы ас қорыту.
3. Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің рөлі.
4. Тістер. Т істің алмасуы. Кариесті- тіс кант-құртын болдырмау үшін күрес.
5. Қарындағы ас қорыту. Ас қорытудағы бауыр мен ұйқы бездерінің рөлі. Ішектің сіңіруі және моторлық функциялар.
6. Қорғаныс ас қорыту рефлекістер. Ішек-қарын ауруларын болдырмау жолдары, профилактикасы.

Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Асқорыту мүшелеріне – ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас.

№4 дәріс тақырыбы: Зат пен энергия алмасуы- организмнің тіршілік әрекетінің негізі.
Жоспары:
1. Зат пен энергия алмасуы- организмнің тіршілік әрекетінің негізі.
2. Анаболизм, катаболизм.
3. Зат алмасудағы ферментердің рөлі. Организмдегі зат алмасудың негізгі эпаттары.
4. Энергия алмасуының жас ерекшеліктері.
5. Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ету.
6. Жасқа сай организімнің белоққа деген қажеттілігі.
7. Әр түрлі жастағы май және көмір су алмасуының ерекшеліктері. Баланың өсуі мен дамуындағы судың алмасуының ерекшеліктері баланың өсуі мен дамуындағы судың, тұздың, микроэлементтердің витаминдердің маңызы.

№5 дәріс тақырыбы: Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы.
Жоспары:
1. Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы.
2. Дұрыс тамақтанбауға байланысты туатын аурулар.
3. Рахит пен артық салмақ қосу да тамақтанудың бұзылу нәтижесі. Гиповитаминозбен және авитаминозбен күресу, олардың прафилактикасы.
4. Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын ұйымдастырудағы қойылатын гигиналық талаптар.
5. Үйлесімді тамақтанудың өсудегі, дамытудағы, денсаулықты нығайтудағы маңызы.
6. Тамақтанудың нормасы.
7. Тамақтанудың тәртібі мен реті.

№1 дәріс тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері қан айналу органдары
Жоспары:
1. Организмнің ішкі ортасы- қан, тканаралық сұйықтық, лимфа.
2. Қан жүйесі, қанның жасалуы, оның тасмалдық және қорғаныстық функциялары.
3. Қан ұюы.
4. Қан топтары.
5. Қан құю.
6. Қан аздық және оның балалар мен жасөспірімдердегі болдырмаудың профилактикасы.
7. Қанды тексеру- денсаулықтың бірден- бір басты диогностикалық көрсеткіші.

№2 дәріс тақырыбы: Жүректің құрлысы мен қызметтері.
Жоспары:
1. Жүрек етінің қасиеті.жүрек қызметінің циклдері.
2. Қан айналудың жалпы сызбанұсқалары.
3. Туа болатын жүрек ақаулары.
4. Қан және лимфа тамырлары.
5. Әр түрлі жастағы жүрек жиырылуының жиілігі.
6. Пульс және оның сипаты.
7. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерістері гипотония және гипертония.
8. Жүрек-тамыр жүйесі оның жұмысының реттелуі және жас ерекшеліктері.
9. Жүрек-тамыр жүйесінің дене еңбегі шамасына реакцияның жас гемодинамикалық көрсеткіштерінің өзгерісі.
10. Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы. Жүрек пен тамыр жұмыстарына әсер ететін факторларды ескеру.

№3 дәріс тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері, оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар
жоспары:
1. Балалық кезеңдегі тыныс оргондарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.
2. Мұрынның қосалқы қуыстары.
3. Тыныс қозғалыстары. Тыныс жиілігі мен тереңдігі, өкпенің тіршілік симдылығы,
4. Тыныстың минуттық көлемі, газ алмасу және осы проиетірлердің жас ерекшеліктері. Спирометрия.

№4 дәріс тақырыбы: Тыныстың типтері
Жоспары:
1. Тынысты ерікті реттеудің жас ерекшеліктері.
2. Қоршаған орта ауасының денсаулықты сақтаудағы рөлі және оқу бөлмелеріндегі ауаның сандық және сапалық тиісті мәндері.
3. Оқу бөлмелеріндегі ауаның физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгерістері.
4. Оқу бөлмелеріндегі, шеберханалардағы, оқу барысындағы газ алмасуға қойылатын гигиекналық талаптар және олардың физологиялық негіздері.
5. Жасанды желдету (вентиляция). Мектептегі жылу және жылу беретін құрал-жабдықтарға гигиеналық талаптар.

№5 дәріс тақырыбы: Сыртқы шығу органдарының жас ерекшеліктері. Бүйрек қызметтері.
Жоспары:
1. Зәр шығару жүейесі. Бүйректің қызметі мен құрылысы
2. Зәр шығару жүйесіндегі аурудан сақтандырудағы жеке бас гигиенасының рөлі.
3. Терінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктерінің қорғаныш қызметі.
4. Дене температурасын тұрақты ұстаудағы терінің рөлі.
5. Теріге ерекше күтім жасау ережелері. Шаш пен тырнақ гигиенасы
6. Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

Іздеу