Саясаттану (Дәріс / Лекция)

Саясат қоғамдық құбылыс ретінде
1.Саяси ғылымның пәні.
2.Саяси әдісі мен міндеті.

Саясаттану АҚШ-та, Францияда және Германияда мейлінше дамыған, себебі бұл елдерде саясаттану дәстүрі өзінің тұп тамырын сонау 19 ғасырдан таратады, бұларда саясаттанушылардың іргелі мектептері қалыптасқан. Саясаттанудың кең қанат жаюында ЮНЕСКо үлкен роль атқарады, бұл ұйым саяси ғылымды білімнің дербес саласы ретінде жариялап, 1948 жылы Парижде оның мазмұнын кұрайтын төмендегі аспектілерін айқындады:
Саясаттанудың әдістері философиямен және басқа ғылымдармен іштей байланысты, бұл әдістерді теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады. Теориялық әдістердің ішінен мыналарды: ойшылдық эксперементті, математикалық нысандандыруды, гипотетикалык-дедуктивтік әдісті, абстрактіліктен нақтылыққа жету әдісін, тарихи сипаттама жасау әдісін бөліп көрсеткен жөн, бұлардың бәрі ғылымның методологиясына жатады. Жалпы ғылыми әдістерге салыстырмалық, жүйелік, құрылымдық-атқарымдық әдістер жатады.

Саяси ғылымның даму тарихи және негізгі кезендері
1.Саяси ілімдердің пайда болуы мен дамуы.Батыс дәстүрі.
2.Жиырмасыншы ғасырдағы шетелдік саясаттану.
3.Қазақстандағы саяси ой.

Саясаттанудың түп тамыры сонау тарих түкпірінде, қоғамның тапқа бөлінуінен және мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастау алады. Ол ежелгі Шығыс ( Мысыр, Вавилон, Үнді, Қытай, Парсы) және Батыс (Греция, Рим) халықтарының тағдырымен байланысты. Өзінің ерте сатысында саяси-құқықтық көзқарас әлді дербес білім саласы ретінде қалыптаспаған еді және, жалпы алғанда, сол кезде өмір сүрген мифологиялық-философиялық дүние танымның құрамдас бөлігі ғана болды.
Қазіргі заманғы саясаттану, сәулет өнерінің туындысымен салыстырып айтар болсақ, аса қуатты іргетасқа тұрғызылған сан қырлы және күрделі ғимарат болып табылады. Батыс саясаттануын зерттеудің көптеген жолдары бар, мысалы, оны елдер бойынша зерттеуге болады. АҚШ-тың, Францияның, ГФР-дің саяси ғылымының дамуы және оның қазіргі жағдайын терең зерттелінді. Бугінгі таңда проблемалық зерттеулер ең нәтижелі бағыттрадың бірі болып табылады.Әр түрлі проблема, мысалы, биліктер, лидерлік, саяси тәртіптер, партиялық жүйелер зерттелуде.
Қазақстанда саяси ойдың дамуы осы кезге дейін жан-жақты зерттелген жоқ. Ол әр түрлі бағыттар мен мектептер арқылы дамыды, ең алдымен саяси-құқықтық ойларды зерттеуге бағытталды. Аса көрнекті саяси ойшылдардың бірі, ұлы ғалым –философ, математик, астроном Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) болды. Ол Отырар қаласында туды. Әл-Фараби математика, физика, астрономия, медицина, әлеметтану философия және т.б. ғылым салаларын терең зерттеп, жүзден астам ғылыми еңбектерді мұра етіп қалдырды.

Саяси билік
1.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдары.
2.Биліктің қызметтері мен жіктелуі.
3.Биліктің легитимдігі.
1. Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Саясаттың негізгі мәселесі – билік. Ал мазмұны – билік үшін курес және билікті жургізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун 1332-1406 адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшының ең ірі қоғам қайраткері Бертран Рассел 1872-1970 физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп айтқан. Амер-ң әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс 1902-1978 экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса. Саяси жуеде билік те соншалыкты орын алады деген. Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы үш деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1. жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдары басқару органдары кіретін өте ірі деңгей;
2. орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік - әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер- кіретін орта деңгей;
3. адамдар, топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жургізу мумкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау ушін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқамыз.

Саяси жүйе
1.Саяси жүйе туралы ұғым
2.Саяси жүйенің құрылымы
3.Саяси жүйенің жіктелуі

1.Саяси жүйенің құрылымы
Жүйе ұғымын жиырмасыншы ғасырдың 20-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи 1901-1972. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайданалады.
Саяси жүйелер теориясы шамамен жуықта жиырмасыншы ғасырдың 50-60 жылдарында пайда болды. Бұл теорияның жұрт таныған негізін салушылар американдық саясаттанушылар Д.Истон мен Г.Алмонд болып табылады. Осы заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымының екі мәні бар:
а.саяси жүйе теориялық, ойлау құралы болып табылады. Оның көмегімен әр алуан саяси бірегей құбылыстардың қасиеттері анықталып, сипатталады. Осы турғыдан бұл санат саяси шынайлықтың өзін бейнелеместен, саясатты жүйелі талдаудың құралы болып табылады;
б. саяси жүйе – бұл қоғамдағы биліктің қалыптасуы мен қызмет істеуінің нақты күрделі тетігі. Бұл тетікке мемелекет, партиялар, саяси бірлестіктер, БАК, электорат және т.т жатады.
Зертеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды:
1.саяси институттар;
2.саяси қатынастар;
3.саяси ережелер;
4.саяси мәдениет.
Саяси институттарға – ұйымдар, мекемелер- мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлтық, кәсіби, жас молшеріне қарай байланысты пайда болатын коптеген әлеуметтік мақсат – мүдделерін білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.
3. Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.

Демократия
1.Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
2.Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы.
3.Демократияның алуан түрлері

1.Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия деген сөз гректің демос халық және кратос билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағнаны білдіреді.
Қазыр бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.мемлекеттің тұрпаты – типі- мен жалпы саяси жүйесі;
2.мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген үйымның ұйымдастырылу түрі;
3.қогамдық құрылымның мұраты және соған сәйкес көзқарастар.
2.Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің коп түрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады:
Алуан түрліліктің элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж.Локк пен Ш.Л.Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
Саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелегі- биліктің араласуы, сінуі, яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп – бөлініп кетуі.
Сонғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат илік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.

Мемлекет
1.Мемлекеттің пайда болуы және мәні.
2.Мемлекеттің белгілері.
3.Мемлекеттің ішкі қызметтері.
4.Мемлекеттің сыртқы қызметтері.

Саяси режимдер.
1.Саяси режимнің ұғымы
2.Демократиялық саяси режим
3.Авторитарлық саяси режим
4.Тоталитарлық саяси режим

Саяси режим – елдегі саяси –өмірдің сипаттамасын анықтайтын, саяси еркіндіктің дәрежесі мен билік органдарының қызметіндегі құқықтық негіздер дәрежесін көрсетіп беретін қоғамның саяси жүйесінің қызмет атқару тәсілі болып табылады. Саяси режим – белгілі бір мемлекет түріне тән қатынастардың жиынтығы. Бұл билік басындағылардың қолданатын әдістері мен тәсілдері, мемлекеттік билік пен қоғамның қалыптасқан қатынастары, үстем идеологияның нысандары, әлеуметтік және таптық өзара қарым-қатынастары, әлеуметтік және таптық өзара карым-қатынастар, саяси мәдиниет пен сана сезімнің ахуалы.
Бұл биліктің бастау қөзі ретінде халық мойындаған, олардың мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге қатысуына құқық беретін және азаматтарды кең көлемде, жеткілікті дәрежеде құқық пен бостандық құзырымен қамтамасыз ететін саяси жүйенің қызмет істеуі мен қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілдері. Демократиялық саяси режим саяси режимнің ең жоғарғы түрі болып табылады. Оның аса манызды ерекшелігі – халық билігінің жеке адамдардың бостандығымен нақты сәйкес келуі.
Авторитарлық саяси режимнің негізгі сипаттамалары мыналар: ол ортаталық пен жергілікті жерлерде бір адамның немесе жекелеген топтардың қолына шоғырланады;
- билікті бөлудін заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі принциптері жоққа шығарылады;
- «Күш көрсету» құрылымдары қоғамның бақылауына алынбайды және олар тек қана саяси мақсаттарға пайдаланылады;
- - жеке адам билікпен өзара қатынаста қауіпсісздік кепілдігінен айырылады;
- азаматтар мен қоғамдық- саяси ұйымдардың саяси құқықтары қатаң бақылауға алынады:
- мемлекеттік басқару жүйесі көсемнің немесе хунтаның жеке билігіне бағындырылады да басқарушы авторитарлы партияның аппараты төңірегінде шоғырландырылады.
Тоталитарлық саяси режим - әрбір адам мен тұтастай алғанда қоғам өмірінің барлық жағына абсолютті – тотальды- бақылау орнатуға тырысатын саяси режим. Ол саяси режимнің түрі ретінде жиырмасыншы ғасырда пайда болды. «Тоталитаризм» түсінігі алғаш рет 1920 жылы итальяндық зерттеушілер Дж.Амендол мен П.Габетти итальян фашизмінің лидері Б.Муссолинидің диктатурасына сиппатама беру үшін қолданды. Осы үакыттан бастап Италияда, бұдан соң КСРО-да – сталинизм жылдарында- және гитлерлік Германияда 1933 жылдан бастап тоталитарлық құрылым қалыптаса бастады.

Қоғамның саяси жүйесіндегі саяси партиялар
1.Саяси партияның ұғымы мен мәні, функциялары және партия жүйесі.
2.Қазақстандағы саяси партиялар.

Бастапқы кезде «партия» - бұл латынның «partus» - бөлік сөзінен шыққан, өздерінің ұстанымдарын қорғайтын жария топтарды білдіретін. Партия феодалодық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни он жетінші гасырдың соңы мен он сегізінші ғасырдың басында қалыптаса бастаған еді. Федалдық мемлекетке қарсы әрекеттегі буржуазиялық, жаңа таптық қогамның өмірге келуі секілді фокторлар осы үрдістердің тезірек қалыптасуына ықпал етті. Он тоғызыншы ғасырда нақты пайда бола бастаған қоғамдық дамудың тенденциялары саяси партиялардың қалыптасуына елеулі ықпал етті. Алғашқы партиялар өзіндік клубтар түрінде құрылған еді Олар парламеттік фракцияның немесе әлде бір баспасөз органының, саясаткердің төңірегіне топтасты.

Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуына «реси емес қозғалыстардың», үйірмелер мен клуб түріндегі қозғалыстардың құрылуы негіз болды.
Бастапқы кезде клубтық құрылымдар кезеңі – 1986-1989 ж.ж.- жастардың саяси клубтарын, ресми емес бірлестіктерді, жасыл майданды және басқа да экологиялық топтарды құру арқылы басталған еді. Осыдан соң жалпы ұлттық қозғалыстар -1989-1990 ж.ж.- «Невада- Семей қозғалысы», «Мемориал», «әділет», «желтоқсан», «Қазақ тілі», тәуелсіз кәсіподақтың «Бірлесу» қоғамдары құрылды.

Саяси идеология
1.Саяси сана және саяси идеология
2.Қазіргі идеологияяның негізгі түрлері

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер,түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дуниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделері, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея – «бейне және «логос» деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдибиетке француз ғалымы және философы А.Дестют де Траси кіргізді. Ол идеологияны идеялар,олардың қалай пайда болатындығы және әрекет етендігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялармен көзқарастар жүйесін айтады.

Саясаттағы қоғамдық мүдделер, жанжалдар мен пәтуаластық – консенсус. Саяси субъектілік.
1.Саяси субъектілік
2.Саяси элита

Саяси процесс - барлық жеке адамдар мен әлеуметтік қауымдастықтардың және олардың да қызметтерінің нәтижесі. Бірақ кімді-кім өзінің қоғамдағы орнын танып-біліп, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен мүдделерді басшылыққа алып отырып, оларды жүзеге асыру жолындағы күреске катынасқан кезде ғана субъекті деңгейіне көтеріле алады.
Кез келген әлеуметтік құрылымның қажетті құрамдас бөлігі артықшылыққа ие жоғары тұрған жік немесе басқару міндетін жүзеге асыратын жік – элита болып табылады, ол жалпы мемлекеттік шешімдерді қалыптастырады және оларды үстем таптың атынан оның басым бөлігінің, сондай- ақ адамдардың қалған бөліктерінің мүдделері үшін қабылдайды деп дәлелдейтін көзқарастар бар. Үстем таптың билеуші элитаға деген көзқарасы айқын. Олардың арасындағы өзара байланыстың үш негізгі түрі бар:
1.түптеп келгенде, саяси процестін мүдделердің әлеуметтік топтар арасында таралуына, үстем таптардың мүдделеріне тәуелді болуы;
2.билеуші элиталардың үстем мүдделерінің көзқарасын нығайтуға ұмтылуы;
3.үстем мүдделер мен билеуші элиталар тәжиребесі арасында тактикалық мәселелерге де, ұлттың ортақ мүдделер маңызының артуына байланысты да белгілі бір келіспеушіліктің тууы.

 

Іздеу