Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы (Дәріс / Лекция)

I ТАРАУ. ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ БЕЛЕСТЕРІ
1 лекция. Шығыс елдеріндегі тарихтану дәстүрі
Жоспары:
1. Қосөзен, Иран және Египет жерінде тарихи білімнің қалыптасуы
2 Қытайдағы тарихи сананың ерекшеліктері
3. Мұсылман тарихнамасыныц негізгі бағыттары

Адамзат пайда болған сәтте ақ, оның тарихы да дүниеге келеді. Әр елдің, әр халықтың, әр мемлекеттің өткені мен бүгінгісі тарих болып қалыптасты. Бірі папируста, бірі тасқа қашалып, бірі қағазға жазылса, қайсыбірі ауызша түрде ұрпақтан үрпаққа берілді. Тарих алдымен білімге айналды, одан бертін келе ғылымға айналды міне, осыдан бастап оның зерттеу объектісі пайда болды. Жазу өнері шыққан кезден бастап қоғамдағы кейбір зиялы адамдар өз замаңцастары, өмір сүрген ортасы, әміршілер мен кейбір белгілі адамдар жөнінде жазбаша деректер қалдырды.
1. Қосөзен, Иран және Египет жерінде тарихи білімнің қалыптасуы. Б.з.д. 539 жылы парсылар Месопатамияны жаулап алған соң, бірқатар вавилон жазбалары пайда болды. Оларда Кир патшасының мемлекет тұрғындарын вавилон патшасы Нобонидтың езгісінен құтқарып алғаны жөнінде айтылды. Вавилон хроникасында Кир қала тұрғындарына бейбітшілікті сыйға тартып, храмдар мен Вавилон халқын өз қамқорлығына алғандығын айтады. Мазмүны жағынан осы жазбаға ұқсас, вавилон абыздары құрастырған «Цилиндр Кира» атты жазба бар.

2 лекция. Еуропа елдерінде тарих ғылымының пайда болуы және дамуы
Жоспары:
1. Тарих гылымыныц Антиика дәуірі
2. Орта гасырда тарих ғылымының дагдарысы
3. Тарих гылымының рационалды және агарту дәуірі
4. Қазіргі замандаеы Еуропа тарихнамасы

1.Тарих гылымының Антика дәуірі. Антика тарихнамасы - бұл антика дәуірінде жазылған, грек және латын тілдеріндегі тарихи шығармалар. Бұл кезеңнің хронологиясы б.з.д. 1000 жылдан - б.з. 500 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Алғашқы кезде тарих көркем прозаның жанры ғана болды. Оның пайда болған жері - грек мәдениетінің орталығы кішіазиялық Иония, яғни Милет. Біздің жыл санауымызға дсйінгі VIIғасырда Греция жерінде мұндай шығармалар әдеби жанрдың бір түріне айналды. «Тарихтың атасы» аталған Грек тарихшысы Геродот, одан кейінгілер Фукидид, Полибий т.б. өз шығармаларында болған оқиғаларды шындыққа сәйкес жазуға тырысып, кейбір процестердің себебін, ішкі мәнін анықтауға талаптанды. Дегенмен, олардың тарихи еңбектері баяндау әдісімен жазылып, заманының белгілі адамдарыньщ өмірін баяндаумен шектелді.

3-лекция. Қазақ тарихтану дәстүрі.
Жоспары:
1, Шежіре тарихтану дәстүрінің негізгі әдісі
2. Орта гасырдағы тарихи сана
З. ХV111-ХХ гасырлардагы тарихи шыгармаларга шолу
4.Қазіргі замандагы қазақ тарихнамасы (жалпы шолу)

Қазақтың тарихтану дәстүрі өзінің бастауын сонау көне замандарда пайда болған дастандардан, батырлар жырларынан, халықтың мақал-мәтелдерінен алады. Өкінішке орай, ғылымда, әсіресе, кеңес заманында қазақта жазбаша тарих болған жоқ деген пікір қалыптасты. Тек қана XIXғ. аяғында Алтай-Моңғолил жерлерінде руникалық жазулар оқылғаннан кейін қалыптасқан пікірге күдікпен қарай бастадық. Осы кезде Білге қаған, Тоныкөк жазуларын оқығаннан кейін, біздің тарихтану дәстүрінің ортағасырда пайда болғандығын түсіндік.
Қазақ халқы туралы тарихи ой-пікірдің дамуының келесі бір кезеңі ислам дінінің Қазақстанда етек ала бастауымен байланысты. XIғ. түркі тайпалары, олардың тілі, шаруашылығы, рухани өмірі жөнінде талай шығарма пайда болды. Әл Фарабидің, Махмуд Қашқаридің, Ахмет Игунакидің, Ходжа Ахмет Яесауидщ, Жусіп Баласагунидің еңбектері осыған дәлел. Бертін келе, таза тарихи тақырыптарға арналған шығармалар жарық көрді. Бұл кітаптардың біразы араб, парсы тілінде болса, көпшілік бөлігі түркі тілінде жазылды. Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири атымен тығыз байланысты. 1499 жылы туып, 1551 жылы дүниеден өткен Мухаммед Хайдар Дулати келер ұрпаққа «Тарих-и-Рашиди» атты шығарма қалдырды. Көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х. Дулатидің «Тарих-и Рашида» атты әлемге әйгілі еңбегі алғаш рет қазақ оқырмандарына қолжазба нұсқасынан тәржімаланып, 2003 жылы ұсынылды.

2 Тарау. Тарих ғылымының теориясы
1-лекция. Тарихи таным.
Жоспары:
1.Тарихи танымның ерекшелігі
2.Тарихи танымның принциптері

1. Тарихи танымның ерекшелігі. Қазіргі күнге дейін тарихшылар мен философтар арасында, тарих ғылым ба немесе әдеби еңбектің бір түрі ме деген сұраққа тартыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Соңғысын әсіресе, постмодернистер қолдайды. Тарихшылар өз тірлігін жасайды, тарихи еңбектер жазады, кейде өз полемикаларына “сценистерді”(тарих ғылым деген қолдайды) және “антисценистер”(тарихтың ғылым еместігін дәлелдеушілер) араластырады. Бұлардан басқа үшінші ортақ пікір бар, ол тарихи ғылым, бірақ жаратылыстану ғылымдарымен салыстырғанда өзінің ерекшелігі бар.
Позитивистер гуманитарлық ғылымдармен нақты ғылымдардың әдістерінің арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ деген ойды қолдайды. Шынымен, олар басты рөлді қоғамның дамуының функциясын ашатын ғылым деп әлеуметтануды ерекшеледі, бірақ тарих позитивті білім беруге жарамды деп санады.
Жоғарыда айтып кеткендей, неоконтевистер позитивистерге қарсы шықты, олар тарихтың басты мақсаты заңдылықтарды ашу емес, тарихты қалыптастыратын қайталанбас ерекше құбылыстарды зерттеу деп санады. Марксистік әлеуметтануға қарсы шығып қоғамда заңдылықтарды тану идеясын қолдады.
Қазіргі кезде тағы да тарихи зерттеуде жаратылыстану ғылымдардың әдістерін қолданудың дұрыстығы қарастырылып жатыр ( математикалық әдіс, хаос теориясы және т.б.). Қазіргі ақпараттандыру ғасыры әр түрлі ғылымдардың тармақтарын бір бірімен жақындастыруда. Сонымен қатар, қазірде ғылым болып есептелетін түсініктің өзі өзгерді. 17 ғасырдың көзқарасы заманға сай жетілдірілді.

2-3 лекция.Тарих ғылымының функциялары.
Жоспары:
1. Әлеуметтік ес функциясы
2. Ғылыми танымдық функциясы
3. Тәрбиелік функциясы
4. Саяси-идеологиялық функциясы

1. Әлеуметтік ес функциясы. Адамзат қоғамындағы қай ғылымның болмасын өзінің атқарар қызметі, өзінің мәртебелі міндеттері болатындығы белгілі. Жаратылыстану ғылымдарының қндірісті дамытуға, оған жаңа технология енгізу үшін істеп жатқан іс-шараларын айтпаса да түсінікті. Ал қоғамтану ғылымдарының қаншалықты пайдасы бар? Міне, осы сұрақ ғалымдарды сонау ерте заманнан-ақ ойландырып келеді
Тарих ғылымы пайда болған кезден ақ белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкес келгені анық. Кез келген ғылыми танымның әлеуметтік мәні болады. Ал тарих ғылымының қоғамдағы әлеуметтік рөлі ерекше. Әсіресе, XIX ғасырдың орта шенінде тарих ғылымының беделі, оның қоғамдағы орны және қажеттілігі тым жоғары болды. Бұл уақытты кейде тарихтың «алтын ғасыры» деп те атайды. Ол кездегі тарихи білім және ғылым қоғамдық қажеттілікке байланысты дамыды. Тарихшылар өз ғылымын қолданбалы дәрежеге дейін көтерді. Олар ел басқарып отырғандар, саясаткерлер мен саясатқа әсер етуші беделдіазаматтар тарихи заңдылықтарды білуі қажет деп ойлады. Блімсіздік, әсіресе тарихи үрдістер менқоғамның даму заңдылықтарын ескермеу әлеуметтік катастрофаға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.

4 лекция. Тарихи факт және оның түрленуі (интерпретация).
Жоспары:
1.Тарихи факт түсінігі
2.Тарихи факт және оның ғылыми категориясы

1. Тарихи факт түсінігі. Кез –келген ғылымның негізінде фактілер жатыр. Ал, біздің тарихи ғылымда фактілерді табу, оның талдау, оған әртүрлі мағына беру зерттеу ісінің негізгі міндеті. Тарихшыға өз ісінің маманы болуы аз. Оның ғылымда өз концепциясы болуы керек. Тарихи факт түсінігі жөнінде ғылымдар арасында қалдыптьасқан ортақ пікір жоқ. Ғалымдардың бір тобы тарихи фактіні зерттеу жұмысының «тірі клеткасы» деп жоғарғы баға берсе, екінші бір тобы тарихи факт зерттеушінің қолындағы өзінің түсінігінеше пайдаланатын ой пікір дейді. Бұдан тарихи факт зерттеуші қолындағы ойыншық екен деген ой тумаса керек. БІрінші топтағы ғалымдар тарих фактіні сол күйінде пайдаланса, екіншілері оларды өзінше түрлендіріп, зерттеу барысында өз еркінше пайдаланады. Содан болар, ғылымның даму процесінде бір тарихи оқиға жөнінде әртүрлі парадигмалар қалыптасып отыр.

5 лекция.Тарихи уақыт ұғымы.
Жоспары:
1. Тарихи уақыт ұғымы.
2. Еуропа тарихын кезеңдеу.
3. Қазақ тарихының кезеңдері.

1. Тарихи уақыт ұғымы. Тарихи құбылыстар белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақыт аралығында өтетіндігін біз жоғарыда атап өттік. Тарихи уақытты біз әр түрлі түсініктермен есептейміз. Секунд, минут, сағат, тәулік, аптағ ай, жыл, ғасыр, заман, дәуір, кезең, деген терминдерді жиі кездестіреміз.бірәқ көбіміз осыларға мән бере бермейміз. әрине, алғашқылары цифрмен өлшенеді. Ал, кейінгі үшеунің мағынасына әркім әр түрлі мазмұн береді.
Тарихи хронология деп аталатын арнаулы пән бар. Оны сіздер бірінші курста оқыдыңыздар. Бүгінгі міндетіміз осы уақыт өлшемдерінетеориялық жағынан қарастыру.

III. ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІ.
1 лекция. Тарихи зерттеулерде жалпы ғылыми әдістерді пайдалану.
Жоспары:
1. Масштабты әдістер
2. Нақтылы танымдық нәтиже беретін әдістер

Белгілі бір зерттеу мақсатында барлық ғылым саласында пайдаланылатын әдістерді жалпы ғылыми әдістер деп атайды. Олардың тарихи зерттеуде көмегі әрқилы . кейбір тарихшылар өз зерттеулерінің эмпирикалық және теориялық деңгейлерінде нақты бір нәтиже алу үшін кеңінен пайдаланады. Ал, енді кейбіреулері тек өте кең арналы танымдық мақсаттарды шешу үшін пайдаланады. Сонымен, жалпы ғылыми әдістер екі топқа бөлінеді екен. Бірінші топқа бақылау және ээксперимент, баяндау және өлшеу, анализ және синтез, индукция және дедукция кіреді. Екінші топқа жататындары тарихи және логикалық, нақтылы және абстракция, модельдеу және интуиция әдістері.

2 лекция. Тарихи зерттеулерде ғана пайдаланатын әдістер.
Жоспар;
1. Тарихи-генетикалық және ретроспективтік әдіс
2. Синхронды,хронология, дихронды әдіс
3. Тарихи – салыстыру әдісі
4. Тарихи- типологиялық әдіс
5. Тарихи – жүйелілік әдіс
6. Нақтылы- проблемалық әдіс

1. Тарихи- генетикалық және ретроспективті әдіс.
Тарихи зертеулерде кенінен пайдаланатын әдіс. Мұны пайдалана отырып, тарихшы қоғамдық процесті пайда болғанынан бастап оның жойылған кезіне дейін зерттейді. Обьектінің бүкіл мазмұны, қасиеті, функциялары өз кезегінде қарастырылып, оның эволюциясы, дамуы корсетіледі. И.Ковальченко мұны формасы жағынан баяндау, мазмұны жағынан аналитикалық, индуктивтік деп атайды. Бұл әдіс қоғамдық процесстін себеп-салдарлық себептерін, оның пайда болуын анықтайды. Тарихи оқиғаның ерекшеліктері мен нақтылық жағын ашуға көп көңіл аударылды. Яғни, генетиқалық әдіс процесті пайда болуынан бастап ыдырағанша зерттейді.

3-лекция.Тарихи зерттеулерде математикалық әдіс пен компьютердің мүмкіндігін пайдалану.
Жоспары:
1.Клиометрия әдісін тарихи зерттеулерде пайдалану.
2.Тарихи зерттеулерде компьютердің мүмкіндігін пайдалану.
3.Қазақстан тарих ғылымында жаратылыстану ғылымдарының әдісін пайдалануға ұмтылыс.

Соңғы жылдары қоғамның саяси-әлеуметтік мәселелерін зерттеген кезде сандық анализ әдісін пайдаланып жүр. Бұл әдісті алғаш рет 19 ғасырдың басында француз тарихшысы Ф.Симман пайдаланған болатын. Аз уақытта бұл әдісті басқа да Батыс Еуропа ғалымдары пайдалана бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары тарихшылардың лабораториясында электронды есептеу машиналары пайда болды. 1960 жылдары Америка елдерінің университтері мен колледжерінде тарихи мәліметтерді жинайтын «Саяси зертеулердің концорцимуы» құрылды. Осыған байланысты жаңа саяси тарих, жаңа әлеуметтік тарих, жаңа экономикалық тарих деп аталатын тарих ғылымының салалары пайда болды.

4 лекция.Тарих ғылымындағы баяндау әдісі (тарихи нарратив)
Жоспар:
1.Тарихи нарратив
2.Тарихи шығармалардың сипаты мен түрлері
3.Тарихи нарратив жөніндегі Х.Уайттың түсінігі
4.Баяндау әдісі туралы С.Кизюковтың ұғымы

Тарихи ғылымындағы әрі жиі кездесетін,әрі негізгі әдіс –бұл баяндау. Кез келген зерттеуші үз жұмысының нәтижесін не монография ,не диссертация ретінде аяқтайды.Мұнда автор өзі қарастырған тарихи оқиғалар мен процестерді баяндай келе,талдау жасап қорытындылайды.Автордың кәсіби деңгейі,оның әдеби шығарма жазудағы шеберлігі,тақырыптың ерекшелігі,жазылған дерек көздерінің мөлшері баяндау әдісінің әрқилы болуына әсер етеді.

5 лекция. Зерттеу бағдарламасы және тарихи зерттеудің негізгі кезендері.
Жоспары:
1.Зерттеу обьектісін таңдау және зерттеу міндеттерін анықтау.
2.Зерттеудің деректік негіздерін жасау,әдістерін таңдау.
3.Тарихи құбылыстың рекконструкциясы.Зерттеудің эмпирикалдық деңгейі.
4.Зерттеуді теориялық деңгейі.

1.Зерттеудің обьектісін таңдау және зерттеу міндеттерін анықтау.Кез-келген тарихи зерттеу жұмысының өз обьектісі болады.Кейбір тарихшы өзінің зерттеу обьектісі етіп өткен заманның белгілі-бір уақиғасын тандап алуы мүмкін.Екінші бір өз шығармасын тарихи тұлғаның тағдырына арнайды.Үшіншісін қоғамдық саяси құбылыстар қызықтыруы мүмкін.Мәдени құбылысқа арналған зерттеулер де жеткілікті.Көп спекторлы,қоғамдағы болған құбылыстарды жан-жақты шешу бір тарихшының немесе тарихшылар табының қолынан келе бермесі белгілі.
Сондықтан зерттеу процесінің бастар алдында тандап алынған ғылыми проблеманы шешу жолдарын анықтап алу қажет. Зерттеу обьектасы әлі белгісіз.Олардың сұрақтары арқылы белгілеу қажет.Зерттеу мақсатын анықтағаннан кейін,соған жететін міндеттер реін топтап алу дұрыс.Жұмыс барысында міндеттер қатары өзгеріске ұшырауы мүмкін.Кейбір міндеттер орындалмай,немесе басқа бір міндет пайда болып жатады.Бұл заңды құбылыс-зерттеуші шығармашылық поцесінде өз міндеттерін жинақтап,ықшамдап немесе толықтырып отырады.

Іздеу