Дене шынықтыру сабақтарында күш дене сапасын дамыту әдістерімен амалдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Күш дене сапасын дамыту 5
1.1 Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың
күш дене сапасын дамытудың негізі ретінде 5
1.2 Күш дене сапасы түсінігі, түрлері 7
2 Дене шынықтыру сабақтарында күш дене сапасын дамыту
әдістерімен амалдарын сиппаттау 13
2.1 Дене шынықтыру сабақтарында күш дене сапасын дамыту 13
2.2 Тәжірибелік бөлім 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық  басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.

Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кездегі Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып саналады.

Дене жаттығуларының үйрету әдістемесінде дидактиканың мазмңұның ерекшелігіне мәлім қағидалары толығымен қолданылады. Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерекшелігіне, тәсілдеріне және ұйымдастыру түрлеріне байланысты іске асырылады. Педагогикалық жұмыста өзініің үйрету заңдылықтарына байланысты қағидалар екі түрге бөлінеді. Біріншісі қимыл -қозғалысқа  үйрету қағидасы, ал екіншісі дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеуде өолданылатын спорттық жаттығулар қағидасы. Педагогикалық қағидаларды жаттығу жұмысында қимыл әдістерін меңгеруде қолданғандықтан дидактикалық немесе жалпы әдістемелік оқыту қағидалары деп те атайды. Педагогикалық ғылымда қағидалар бастапқы қалыпты жағдайдың басқарушы орталық құрылымы, оқытушы мен оқушының арасындағи іс-әрекеттерді оқыту ғамалиясының заңдылықтар көріністерін көрсетеді. Қағида жәй ғылыми немесе іс жүзінде жүретін нақты фактор ғана емес, сонымен бірге мәселенің нақтылы шешілуі мен факторлардың таралуын педагогикалық көзқараста сәйкестендірілу жағын қамтиды.

Дене тәрбиесі жүйесінде көптеген басқа да қағидалар бар, олар заңдылықты тек қана педагогикалық істе ғана бейнелейді. Дене тәрбиесінің ілімінде оларды « дене тәрбиесінің қағидалары » деп атайды. Оқыту барысында балаларға ең алдымен қимыл - қозғалыстарды саналы түрде үйретіп, оны қайталап жасатып дененің қимыл - қозғалыс жасайтын мүмкіншілігін білу. Оқыту тәсілінің үйлесімді болуы ақыл - ойдың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізіп, қағиданы жүзеге асыруда балалардың  білімді жүйелі түрде игеруі қарастырылады. Сабақ мазмұнының дұрыстығына көз жеткізіп, пайда болған сұрақтарға жауап беру, көп жағдайларда оқушыларды дене тәрбиесімен белсенді түрде айналысуына көмегін тигізеді. Оқушылар оқыту кезіндегі іс әрекеттен өзінің алдына қойылған мақсатты түсіне білуі және оны саналы түрде орындауы тәрбиелік бағытта өтуі керек. Мұғалім әрқашанда өз алдына қоғамдық маңызы бпр бір мақсатты қоюы мүмкін, ал оқушының мақсаты жекелеген жаттығуларды жақсы баға алып орындаумен шектеледі. Кей жағдайларда мұғалім мен оқушының мақсаттары сәйкс болуы да кездеседі. Мысалы: мұғалім өз алдына бақылау сабағын өткізуді мақсат етіп қойса, ал оқушылар бақылау сабағына күні бұрын дайындалады. Осындай сәйкестілік әрқашанда қиын жағдайлардан мақсатқа жету үшін іс әрекетті уақытында орындауды тәрбиелеуге қоғамдық маңызы ьар мақсаттарға жету жолында жақсы нәтижелерін береді.

Курстық жұмыстың мақсаты күш дене сапасын дамыту әдістерімен амалдарын сиппаттау

Міндеттері: күш дене сапасын дамытудың теориясын зерттеу; дене шынықтыру сабақтары  оқушылардың күш дене сапасын дамытудың негізі ретінде талдау; күш дене сапасы түсінігі, түрлерін анықтау; дене шынықтыру сабақтарында күш дене сапасын дамыту әдістерімен амалдарын сиппаттау.дене шынықтыру сабақтарында күш дене сапасын дамыту

Іздеу