Женіл атлетика (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Женіл атлетиканы дене шынықтыру жүйесі
саласында алатын орны 6
1.1 Жеңіл атлетика тарихынан 6
1.2 Мектепте дене шынықтыру жүйесі саласында
жеңіл атлетиканың алатын орны 7
2 Жеңіл атлетика үйірмесін ұйымдастыруда
жылдамдық сапасын жетілдіру 15
2.1 Жеңіл атлетика үйірмесін ұйымдастырудың негіздері 15
2.2 Жеңіл атлетика жаттығулары арқылы оқушылардың
жылдамдық сапасын жетілдіру 19
3 Тәжірибелік бөлім
Жеңіл атлетика жаттығулары 20
Қорытынды 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі 40
Қосымшалар 43


Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жеңіл атлетика үйірмесін ұйымдастыруда жылдамдық сапасын жетілдіруді зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Женіл атлетиканы дене шынықтыру жүйесі саласында алатын орнын зерттеу;
  • Жеңіл атлетика тарихынан ақпарат талдау;
  • Мектепте дене шынықтыру жүйесі саласында жеңіл атлетиканың алатын орнын анықтау;
  • Жеңіл атлетика үйірмесін ұйымдастыруда жылдамдық сапасын жетілдіру жолдарын іздестіру;
  • Жеңіл атлетика үйірмесін ұйымдастырудың негіздерін талдау;
  • Жеңіл атлетика жаттығулары арқылы оқушылардың жылдамдық сапасын жетілдіру жолдарын іздестіру;
  • Тәжірибелік бөлімде жеңіл атлетикадан жас ерекшелік бойынша мектеп секцияларының жұмысын ұйымдастыру әдістемесін құрастыру.

Іздеу