Жоғары сынып оқушыларында дене шынықтырудың мазмұны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Дене шынықтырудың теориялық аспектілері 5
1.1 Дене шынықтыру физиологиялық аспектілері 5
1.2 Дене шынықтырудың дене тәрбиесі саласында алатын орны 8
2 Жоғары сынып оқушыларында дене шынықтырудың мазмұны 9
2.1 Жоғары сынып оқушыларында дене шынықтырудың
негізгі бағыттары 9
2.2 Сыныптан тыс дене шынықтыру 17
3 Тәжірибелік бөлім 28
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кіріспе

Арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, спортшылар әлемде кездеспейтін рекордтарды жасайды. Оның себебі арнаулы түрде жаттығу мен ағзаның ерекше әсерінен екіні анықталады. Адам ағзасында шек жоқ екені бақалды. Әдетте жай уақытта жасай алмайтын нәрселерді қиналған, күйзелген кезде адам тез жасайды да өзі қайран қалады. Адам ағзасы – 86 градусқа жететін суықтыққа +50 градус ыстыққа шыдай алады. Мүндай жағдайға шыдау үшін арнаулы жаттығулар жасау керек. Денені шынықтыру дегеніміз – кез келген физикалық жаттығу. Оның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады. Осы принциптер мен факторларының зиянды ірекетін жеңе лады. Дене шынықтырумен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан. Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп, оның буына қаныққан адамдар далаға шығып алып қарға аунап, қайтадан ысты моншаға түсіп буға оранған. Мұның өзі денсаулықтың негізі еді.

Сондықтан да орыс адамдарының дені әрқашанда сау болған. Қазақтар күндіз-түні далада мал бағып, денесін үнемі шынықтырып жүрген. Белгіл бір жағдайларда адам өз ағзасының ауа-райының қолайсыз әсерлерімен және айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынан қорғаныс қабілетін күшейте түседі. Бұған жүйелі және ұтымды түрде жасалған валеологиялық жаттығулар жасаумен қол жеткізуге болады. Ағзаны шынықтыру деп осыларды айтуғка болады. Әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақтылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктер түсіндіреді. Өйткені суыққа деген жоғары сезімтілдылық қалыпты жағдай бойынша тұмаумен (грипп) қосақталып келіп, ағзаны нашарлатады. Ең алдымен тыныс жолдары қабынып, мұрыннан үзіксіз су ағады. Ағзаның температурасы кенеттен жоғарылайды.

Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажеті жоқ, сондай-ақ, ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарылататын және сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етге қабілеттіліктің төмендеуі деп түсініу керек.

Курстық жұмыстың мақсаты жоғары сынып оқушыларында дене шынықтыру сабақтарын жүргізу ерекшеліктерін зерттеу

Міндеттері:

  • Дене шынықтырудың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Дене шынықтыру физиологиялық аспектілерін талдау;
  • Дене шынықтырудың дене тәрбиесі саласында алатын орнын анықтау;
  • Жоғары сынып оқушыларында дене шынықтырудың мазмұнын талдау;
  • Жоғары сынып оқушыларында дене шынықтырудың негізгі бағыттарын зерттеу;
  • Сыныптан тыс дене шынықтыру түрлерін зерттеу;
  • Тәжірибелік бөлімде дене шынықтыру сабағының жоспарын жасау

Іздеу