Кәсіби оқу орындарда дене тәрбиесінің алатын орны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Дене тәрбиесінің теориялық аспектілері 6
1.1 Дене тәрбиесі пән ретінде 6
1.2 Дене тәрбиесінің қағидалары 11
2 Кәсіби оқу орындарда дене тәрбиесінің алатын орны 16
2.1 Кәсіби оқу орындарында дене тәрбиесінің негізгі
мақсаттары мен міндеттері 16
2.2 Кәсіби оқу орындарында дене тәрбиесінің негізгі бағыттары 20
3 Тәжірибелік бөлім 25
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35


Кәсіби оқу орындары, колледжі жағдайында оқушыларды дене тәрбиесі жағынан дайындау олардың болашақ кәсіби қызметі тиімділігінің алғы шарты, оның жеке басының қалыптасуына, жалпы және кәсіби педагогикалық даму үдерісіне негіз болады. Оқушыларды дене тәрбиесі дайындығы оның бағыты, санасының кәсіби-педагогикалық ұстанымы, кәсіби-педагогикалық іс-шаралар мен операцияларды меңгеру деңгейінің сапалы қасиеттерін айқындайтын жеке басының біртұтас қасиеті. Колледжі студенттерінің кәсіби білім алуының негізін дене тәрбиесі дайындық түзеді. Ол біріншіден, болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болса, екінші жағынан, кәсіби-педагогикалық мәдениетті дамыту деңгейімен, кәсіби маңызды сапалар қалыптасуымен, жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығымен және оның спорттық-педагогикалық қызметінің қажетті жақтарын меңгеруімен анықталатын осы үдерістің нәтижесі.

Дайындықтың педагогикалық салалары, олардың дидактикалық негіздері, әдістері, ұйымдастырылу түрлері, арнайылық ерекшеліктері О.А. Абдуллин [1990], Ю.К. Бабинский [1982], А.А. Вербицкий [1991], Н.В. Кузьмин [1970], Ю.Н. Кулюткин [1990],   В.И. Никитенко [1991],  Л.Ф.  Спирин [1989], Т.А. Стефановская [1998] және т.б. еңбектерінде зерттелді.

Болашақ педагогтың  қалыптасу  үдерісі  кәсіби  дайындық барысы Г.И. Аксенованың [1999], Е.И. Артамонованың [2000], Р.М. Асадулиннің [2000], Е.П. Белозерцевтың  [1990], Ю.В. Варданянның [1999], М.Я. Виленскидің [1990], Л.К. Гребенкинаның [2000], И.Ф. Исаевтың [1993], А.И. Мищенконың [1992], В.А. Сластенинаның [1990], Е.Н. Шияновтың [1991] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Дене шынықтыру білім беру жүйесінде кәсіби  дайындау   мәселелері А.И. Мищенко [1992], В.А. Сластенин [1990], Е.Н. Шиянов [1991], И.П. Андриади [1997], А.Г. Барабанов [1996], Ю.А. Гагин [1996], А.М. Кузьмин [1999], Ж.М. Есіркепов [2008], Е.Л. Караваева [2008], Ж.А. Юмашева  [2009],    А.М. Мамытов [1998],      Л.П. Матвеев [1996], А.А.   Понаморев [1992],    Ж.К.  Холодов  [1996],   В.Т. Чичикин [1995], О.Л. Шабалина [2003] еңбектерінде кешенді зерттелген.

Спорт саласы бойынша колледжі (техникум) жағдайында дайындау мәселелері Е.Л. Караваева [2008], М.Г. Иванова [1999], И.Ю. Сазонов [2001], С.В. Туленков [2000], Г.А. Шишенко [1999], А.И. Чучалина [2001], А.А. Федоров [1998] және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан.

Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша лицелер мен колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау мазмұны мен құрылымын толыққанды ашпайды, оның басты даму бағыттары, педагогикалық шарттары айқындалмаған күйде қалып отыр. Бұл мәселенің ұйымдастырылуында төменде көрсетілгендей сипатты бірқатар қарама-қайшылықтар туындайды: педагогикалық және спорттық-педагогикалық циклдің оқытылуында қажетті деңгейде бапкер-оқытушының кәсіби қызметінің мәні, оның жеке басылық дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы ескерілмеген; антропологиялық құндылықтардың оқыту-тәрбиелеу үдерісі көрсеткіштері және бағдарлары ретінде жүзеге асыру нұсқаулары есепке алынбаған; колледж оқушыларында педагогикалық іс-әрекеттер мен операциялардың жеткіліксіз деңгейде меңгерілуі анықталған, өзінің іс-әрекетін бүтін үдеріс ретінде қабылдауы мен онда педагогикалық заңдылықтардың айқындалуын көре алу мүмкіндігінің қалыптасуы қиындатылған.

Білім беруде, дене шынықтыру мен спортты дамытуда халықаралық спорттық тәжірибе сынағынан өткен заманауи даму бағыттарына сәйкес келетін кәсіби-педагогикалық дайындығының және кәсіби спорттық педагогты дайындауда жаңа тәсілдердің бүтін жүйесіне негізделу қажеттігі сезіледі

Курстық жұмыстың мақсаты кәсіби оқу орындарында дене тәрбиесінің алатын орнын зерттеу

Міндеттері:

  • Дене тәрбиесінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Дене тәрбиесі пән ретінде талдау;
  • Дене тәрбиесінің қағидаларын зерттеу;
  • Кәсіби оқу орындарда дене тәрбиесінің алатын орнын анықтау;
  • Кәсіби оқу орындарында дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін зерттеу;
  • Кәсіби оқу орындарында дене тәрбиесінің негізгі бағыттарын анықтау.

Іздеу