Қазақша күрес (Реферат)

Кіріспе 3
1 Қазақша күрес тарихынан 4
2 Қазақша күрестің ережелері 7
3 Қазақша курес спорт түрін дамыту бойынша шаралар 9
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15


Кіріспе

Қазақ халқының ұлтық спорты халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мəдени жетістіктерінің маңызды саласы. Қазақтың ұлтық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған ергілікті жерлерде: ауыл, аудан, обылыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды.

1930 жылы Алматыда бірінші рет колхозшылардың республикалық спортакиядасы өткізілді. Мұнда қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өтті.Ал 1944-1947 жыладр аралығында қазақтың ұлтық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың үлтық спорт түрлері басқа əлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын сақтап, нығайтуға, икемді де епті, күшті де төзімді болып өсіп-жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді.

  1. Қазіргі кезде арнайы жарыстар өткізіліп жүрген қазақ халқының ұлттық спорт түрлері мыналар:
  2. жорға жарысы
  3. Бəйге
  4. жамбы ату
  5. күміс алу
  6. көкпар
  7. қыз қуу
  8. аударыспақ
  9. қазақша күрес
  10. тоғызқұмалақ
  11. бестас

Қазіргі кезде қазақ халқының ұлтық спорт түрлері мен қимыл қозғалыс ойындары республикамыздағы барлық мектеп жəне жоғары оқу орындарының бағдарламаларына бүкіл əлемдік спорт түрлерімен қатар енгізіліп, кеңінен пайдаланып келе жатыр. Өйткені қазақтың ұлтық ойындарын мектеп жасынан біліп жəне жақсы ойнай алуына өте жоғағы үлес қосады. Қазақтың ұлтық ойындары қазіргі кездегі дамуына келетін болсақ, жоғарғы оқу орындарында жəне жоғарғы оқу орындары арасында көптеген жарыстар болып жатыр. Қазақстан біріншілігіне де өте көп студентер арасынан қатысып жатады. Қазақтың ұлттық спорт түрлері қазіргі кезде өте жақсы дамып келе жатыр десекте болады.

Іздеу