Мектепте дене мәдениетін қалыптастыру (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Дене мәдениетінің теориялық аспектілері 6
1.1 Дене мәдениеті ұғымы 6
1.2 Дене мәдениетінің түрлері, формалары 10
2 Мектепте дене мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері 14
2.1 Мектепте дене мәдениетін қалыптастыру әдістемесі 14
2.2 Мектепте дене мәдениетін қалыптастыруда ұлттық спорт ойындарын қолдану жолдары 18
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен тәжірибесінде  жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері дене белсенділігінің тұжырымдамасы (В.К.Бальсевич, Б.А.Тойлыбаев, О.А.Аяшев, Ж.К.Оңалбек, Оразов Ш.Б.), дене мәдениеті бойынша білім берудің мазмұны, құралдары мен әдістері туралы түсініктер (Б.А.Ашмарин, Л.П.Матвеев  және т.б.); жеке тұлғаның дене мәдениетінің теориясы (М.Я.Виленский, В.М.Выдрин, В. И.Столяров) дайындалған.

Қазіргі уақытта мектептегі  және жоғары оқу орнындағы  дене тәрбиесі  бойынша білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған  технологиялары жобаланып, дене мәдениетінің мәні мен интеграциялану бағыттары (Л.П.Матвеев, Ю.М.Николаев, А.Б.Нұрлыбекова) зерттелуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына интеграцияланған  валеологиялық білім берудің мәні мен мазмұны туралы зерттеулер  (И.И.Брехман, В.В.Колбанов, Ж.З.Торыбаева және т.б.) де бар.

Сонымен қатар денсаулық, салауатты өмір салты  мәселесі бойынша мамандар қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға және оқушылардың аурушаңдығын төмендетуге ықпал ететін,  мұғалімдердің  дене мәдениетін қалыптастыратын факторлардың  өз  деңгейінде  зерттелмегендігін  алға тартады. Болашақ  мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі дайындалмаған.  Теорияда  педагогикалық  білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлыққа  сәйкес мұғалімнің денсаулықты қалыптастырушы функциясына байланысты  мәселелер  қазіргі  уақытқа  дейін өз шешімін таппаған. Қазіргі мұғалім  оқыту  іс-әрекетін жүзеге асырумен  қатар   үнемі  жұмысқа  қабілеттіліктің жоғары деңгейін  сақтауы қажет, өйткені  баланың оқуы мен оның денсаулығының сақталуы осыған байланысты. Білім беруді ізгілендіру және гуманитаризациялау, рухани тәрбиенің басымдылығы идеяларының  аясында  дамыта отырып оқыту мен тәрбиелеудің  қазіргі денсаулық сақтаушы және денсаулық қалыптастырушы технологияларды жүзеге асыру тұрғысынан   мұғалімдердің  тұлғалық – кәсіби дамуы процесіндегі педагогикалық интеграциялаудың мәні жөніндегі мәселе әлі  толығымен  ашылған жоқ.

Курстық жұмыстың мақсаты дене мідениетінің түрлері мен фораларын зерттеу

Міндеттері:

  • Дене мәдениетінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Дене мәдениеті ұғымын ашу;
  • Дене мәдениетінің түрлері, формаларын талдау;
  • Мектепте дене мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу;
  • Мектепте дене мәдениетін қалыптастыру әдістемесін ашу;
  • Мектепте дене мәдениетін қалыптастыруда ұлттық спорт ойындарын қолдану жолдарын анықтау.

Іздеу