Атмосфераға антропогендік ықпалдың әсері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Атмосфераға антропогендік ықпалдың әсері 5
1.1 Атмосфералық ауаның құрылымы мен құрамы 5
1.2 Адам ағзасына тигізетін әсері 11
2 Атмосфералық ауаны ластайтын зиянды заттар 14
2.1 Атмосферлық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштар 14
2.2 Атмосферадағы улы заттардың концентрациясын есептеп, талдау 23
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 30


Кіріспе

Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атайммз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар. үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Атмосферанын табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэроплалктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-га жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрғын үйлерді жылыту жүйелері. ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердін химиялық қүрамы отын-энергетика ресурстарынын және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосферага бөлінетін 52 Гт әлемлік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы қүрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың қүрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады

Тақырыптың өзектілігі: Атмосфералық ауа сарқылмайтын табиғи байлық болғанымен, қазіргі таңда антропогендік әсердің күшеюі нәтижесінде атмосфералық ауаға өте көп мөлшерде зиянды ластаушы заттар шығарылуда. Бұл өз кезегінде бүкіл биосфераның тұрақтылығын бұзумен қатар, тікелей адам денсаулығына зиянын тигізуде.

Тақырыптың мақсаты: Атмосфералық ауаға шығарылатын негізгі зиянды ластаушы заттардың көзін көрсетіп, олардың шекті рауалы концентрациясын есептеп, талдау.

Тақырыптың міндеті:  Атмосфералық ауаға шығарылатын негізгі зиянды ластаушы заттардың мөлшерін есептеп, нәтижесіне талдау жасау.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс үш бөлімнен, негізгі бөлімі екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу