Атмосфераны ластайтын заттектер (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы 5
1.1 Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы 5
2 Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру 12
2.1 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы 12
2.2 Улы шығарындылардың атмосферада таралуы 23
2.3 Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 32


Кіріспе

Атмосфера әртүрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұд ең тығызды қабат болып саналады. Жоғарғы биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады. Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Атмосфера қабатының нақты шекарасы анықталмаған. Жер серіктері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіңгі қабатын экзосфера.  Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігінде шашырай бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді. Атмосфераның химиялық құрамы 90км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90км-ден жоғары жатқан атмосфера  қабаттарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық құрамы да тұрақсызданады.

         Табиғаттың негізгі биогеохимиялық циклдеріне қатысатын атмосфераның ең маңызды газды компоненттері болып үш газ – оттек, көмірқышқыл газы және азот саналады. Атмосфераның озон мен иондардан тұратын қабаттары космостық және рентген сәулелердің әсерін төмендетеді, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелердің және т.б. төменгі қабатына өтуін шектейді.

         Оттек адамзатқа және жан жануарларға, былайша айтқанда, тіршілікке қажетті заттегі. Себебі бұл газ бұлардың бірінің дем алуына қажет. Мысалы, тамақсыз адам 5 аптаға, сузыз 5 күнге дейін өмір сүре алады, ал ауасыз 4-5 минут қана. Адам тәулігіне 23-24л ауаны пайдаланады.

         Организмде жүретін барлық биохимиялық тотығу процестеріне ауаның оттегі қатысады десек қателеспейміз. Біздің денеміздегі әр клеткамызда оттек болғандықтан ауаның сыртқы салмағын анғармаймыз, өзімізді жеңіл ұстаймыз, егер организмде ол жетіспесе, сонда ғана оны сезіне бастаймыз, мысалы судың астында немесе таудың биігінде. Ауаның әжептәуір салмағы бар екеніне жоғарыда тоқталғанбыз. Орта есеппен адам денесіне түсетін салмақ 1471000 Н немесе 15тонна. Ауаның салмағы тығыздықпен қатар температураға да байланысты келеді.

         Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде жер бетіндегі ластаушы заттар атмосфера ұшырап, соның салдарынан қоршаған ортаға зиянын тигізіп отыр. Сол ластаушының ең бірінші түрі ол антропогендік жолмен ластануы. Бұл қазіргі өзекті мәселенің біріне айналып отыр.

Тақырыптың мақсаты: Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шартты және метеорологиялық режимінің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфера әртүрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады.

Тақырыптың міндеті: Атмосфера адамзатқа және жан жануарларға, былайша айтқанда, тіршілікке қажетті заттегі. Себебі бұл оттек бұлардың бірінің дем алуына қажет. Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерінің кең масшабта жағуға байланысты атмосфераға бос оттегінің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарлауда. Жалпы айтқанда, табиғаттағы барлық тірі, өлі организмдер бір-бірімен тығыз байланыста. Сондықтан адамдар барлық қоршаған ортаны  қорғау тұрғысынан сақтауымыз керек.

      Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс үш бөлімнен, негізгі бөлімі екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады

Іздеу