Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Атмосфера туралы ұғым 5
2 Атмосфераның ластануы мен ластану көздері 7
2.1 Атмосфераны ластаушы заттар 12
2.2 Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы 18
2.3 Атмосфераның шумен ластануы 19
3 Атмосфераның ауа ластануының зардаптары 21
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27


Кіріспе

Мақсаты: атмосфералық ауаның ластануының есептеуін талдау

Міндеті:

  1. Атмосфера туралы ұғым
  2. Атмосфераның ластануы мен ластану көздері
  3. Атмосфераны ластаушы заттар
  4. Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
  5. Атмосфераның шумен ластануы
  6. Атмосфераның ауа ластануының зардаптары

Өзектілігі: ауаның ластануы адамның денсаулығына экожүйенің қалыпты жұмыс істеуіне тағы да көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді. Ауа бассейнінің мөлдірлігінің өзгеруіне атмосферадағы  көмірқышқыл газының үлкен әсері бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшері 0,4 % артып отыр, қазіргі кездегі атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0,032 %.

Кейбір есептеулер бойынша атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері әр 23 жыл сайын 2 еселеніп отырады. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулені – жылу сәулесін сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температурасының жоғарылуына әкеліп солғуы мүмкін. Атмосферадағы озонның мөлшері (көлем бойынша) 2х10%, бірақ ол Жер бетін күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтік қасиеті бар.

Атмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Күкірт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлініп отыр. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар мен ада организміне зиянды әсер етеді.

Атмосферада күкірт (ІV) оксиді күкірт (VI) оксидіне дейін тотығады да, су уларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылы атмосфералық жауын-шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады.

Қышқыл жаңбырлар су экожүйелеріне зиянды әсерін тигізеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, сөйтіп үлкен экономикалық шығын келтіреді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады, ал селенмен уланған организм өлімге ұшырайды. Атмосферада күкірт (ІV) оксиді күкірт (VI) оксидіне дейін тотығады да, су уларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылы атмосфералық жауын-шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады.  [1, 24-31 б.].

Ғалымдардың есептеуі бойынша әр мың жұмыс істеп тұрған автокөлік транспорттары тәулік сайын ауаға 180-360 кг көмірқышқыл газын, 45-135 кг азот оксидін және де күкіртті ауаға шығарады. Сол есептеулер бойынша соңғы жүз жыл ішінде  адам әрекеті  арқылы атмосфераға 360 млн тонна көмірқышқыл газы шығарылады деп есептелді.

Мамандардың есептеулері бойынша, Франция мемлекетінде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ-3%, Жапонияда-8% құрайды  [2, 12-15б.].

Жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс 27 беттен, мазмұнынан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу