Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын талдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Каспий теңізі жөнінде жалпы мәліметтер 5
1.1 Каспий теңізі жөнінде тарихи мәліметтер 5
1.2 Каспий теңізінің физико географиялық жағдайы 13
2 Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын талдау 20
2.1 Каспий теңізінің экологиялық проблемаларының қайнар көзі 20
2.2 Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу жолдары 24
3 ҚР Каспий теңізін қорғауға арналған мемлекеттік бағдарламалар 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


Кіріспе

Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.

Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді. Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.

Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде – континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және солтүстікте желдің жылдамдығы 24 м/с-тан асып кетеді.

Шілде және тамыз айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін, оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен). Су деңгейінің соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған мекендер бар.

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде адамның антропогенді ықпалынан Каспий тңізінің экологиялық ахуалы нашарлап бара жатыр. Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтык экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы. Яғни Каспий теңізінің Қазақстан экономикалық дамуы үшін зор маңызы бар. осыдан зерттеу жұмысының өзектілігі байқалады.

Зерттеудің мақсаты: Каспийдің экологиялық проблемаларын зерттеу.

Зерттеу міндеттері

  • Каспий теңізі жөнінде жалпы мәліметтерді зерттеу;
  • Каспий теңізі жөнінде мәліметтерді анықтау;
  • Каспий теңізінің физико географиялық жағдайын зерттеу;
  • Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын талдау;
  • Каспий теңізінің экологиялық проблемаларының қайнар көзін анықтау;
  • Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу жолдарын анықтау;
  • ҚР Каспий теңізін қорғауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды талдау

Іздеу