Қоғам және экологиялық бағалау рәсімі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экологиялық бағалау 4
1.1 Қоғам және экологиялық бағалау рәсімі 5
1.2 Экологиялық бағалау қағидаты 15
2 Қоғамның экологиялық бағалауды әзірлеу рәсіміне қатысуы 17
2.1 Экологиялық бағалауды жүргізуге қатысушылар міндеттері 21
2.2 Экологиялық бағалаудың жобалық құжаттамалары 21
2.3 Экологиялық бағалауда қолданылатын негізгі түсініктер 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26


Кіріспе

Жаңа территорияларды меңгеру, өндіріс кәсіпорындарын орналастыру, шаруашылық және азаматтық объектілерді жобалау, салу немесе қайта салу үшін қандай шаруашылық бастамасы болса да жобалау және жобалау алдындағы құжаттар дайындалғанда осы құжаттарда «Қоршаған ортаны қорғау» деген бөлім, оның ішінде міндетті түрде «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау (ҚОӘБ)» бөлімшенің болуы қажет. Экологиялық бағалау дегеніміз - жобаны іске асырғанда әсердің барлық әлеуеттік түрлерінің сипаттамасы мен қауіптілік дәрежесін алдын ала анықтау және оны экологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптарына баға беру; шаруашылық тұрғысынан дамыту мәселесі туралы дайындық және шешім қабыдау үшін экологиялық талаптар ретті түрде тіркеледі.

Экологиялық бағалауда шешімнің варианттылығы, территорияық ерекшелік және тұрғындардың мүддесі ескеріледі.

Ол үшін тапсырма беруші мамандар мен осы мәселені жетік игерген ұжымдарды ұйымдастырып жобаға қатыстырады. Экологиялық бағалауды жүргізу үшін көп жағдайларда арнайы инженерлік- экологиялық іздулерді өткізу қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаға тигізілетін әсер түрі, сипаттамасы мен дәрежесі және игеру жағдайында, салуда, іске қосу мен регламеттік режимде және апаттық жағдайда болжамалы объектілер реципиенттерінің жиынтығы: апаттылықа арнайы баға беру; экологиялық қауіпті бағалаудың варианттарын тексеру.

Тақырыптың мақсаты: Экологиялық бағалау маңызылығын түсінген 27 мемлекет және Еуропалық экономикалық қоғамдастық 1991жылы Финяндияның  Эспо қаласында  «Қоршаған ортаға әсерді шекаралық контексте бағалау туралы» конвенция қабылданған. Негізгі ережелер-  жағымсыз әсерді бақылау жөніндегі стратегялық, заңдық және әкімшілік шараларды қабылдау, жағымсыз әсер туралы хабарлайтын жүйелерді енгізу; экологиялық бағалау әдістерін жақсарту жөнінде зерттеулер жүргізу және т.б.   

Тақырыптың міндеті: Экологиялық бағалаудың рәсiмiнiң нәтижелерi бойынша табиғи ортаның ахуалын одан әрi оқып-үйрену және қоршаған ортаға әсердi егжей-тегжейлi бағалауды өткiзу, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары жүйесiн әзiрлеу бойынша ұсынымдарды қамтитын қоршаған ортаның ахуалын шолуды құрайды. Негізгі ережелер-  жағымсыз әсерді бақылау жөніндегі стратегялық, заңдық және әкімшілік шараларды қабылдау, жағымсыз әсер туралы хабарлайтын жүйелерді енгізу; экологиялық бағалау әдістерін жақсарту жөнінде зерттеулер жүргізу және т.б.   

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс екі бөлімнен, негізгі бөлімі үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу