Қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау 5
1.1 Экологиялық бағалау рәсімі 6
1.2 Экологиялық бағалау қағидаты 16
2 Жұртшылықтың экологиялық бағалауды әзірлеу рәсіміне қатысуы 18
2.1 Экологиялық бағалауды жүргізуге қатысушылар міндеттері 22
2.2 Экологиялық бағалаудағы жалпы ережелер 22
2.3 Экологиялық бағалауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27


Кіріспе

Қоршаған орта - атмосфералық ауаны, жердiң озондық қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiк әлемiн қоса алғанда, табиғи объектiлердiң жиынтығы, сонымен қатар олардың өзара әрекеттесуi нәтижесiндегi климат. Ал, әсер - адамдардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн, топырақты, жер қойнауын, ауаны, климатты, ландшафты, тарихи ескерткiштер мен басқа да материалдық объектiлердi, осы факторлар арасындағы өзара байланысты қоса алғанда қоршаған орта үшiн көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң кез келген зардабы; ол сондай-ақ мәдени мұра мен әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға тигiзiлген зардаптарды да қамтиды, осы факторлардың өзгеруiнiң нәтижесi болып табылады. Экологиялық бағалау бойынша құжаттаманы әзiрлеушi - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды жүзеге асыратын, аталған қызметтi жүргiзуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген тиiстi лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға.  Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға ықтимал, жағымсыз әсерi мен оларға байланысты зардаптарды болдырмау мақсатында оның қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарына, сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiне сәйкестiгiн анықтау.

Экологиялық тәуекел - табиғи объектiлер мен факторлардың кез келген (қасақана немесе кездейсоқ, бiртiндеген және апатты) антропогендiк өзгерiстерiнiң қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына қолайсыз зардаптарының ықтималдығы;

Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаға тигізілетін әер түрі, сипаттамасы мен дәрежесі және игеру жағдайында, салуда, іске қосу мен регламеттік режимде және апаттық жағдайда болжамалы объектілер реципиенттерінің жиынтығы: апаттылықа арнайы баға беру; экологиялық қауіпті бағалаудың варианттарын тексеру.

Тақырыптың мақсаты: Жаңа территорияларды меңгеру, өндіріс кәсіпорындарын орналастыру, шаруашылық және азаматтық объектілерді жобалау, салу немесе қайта салу үшін қандай шаруашылық бастамасы болса да жобалау және жобалау алдындағы құжаттар дайындалғанда осы құжаттарда «Қоршаған ортаны қорғау» деген бөлім, оның ішінде міндетті түрде «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау (ҚОӘБ)» бөлімшенің болуы қажет. Ұсынылып отырған шаруашылық бастамасының мақсаты мен қажеттілігі, түрі және оларды іске асыру жолдары; аймақтық экодаму мақсаттарында сәйкестілігі.

Тақырыптың міндеті: Экологиялық бағалауды әзiрлеудiң нысаны, талқылаудың толықтылығы, қолданылатын материалдардың көлемi, экологиялық ғылыми-зерттеу және жобалық-iздестiру жұмыстарының деңгейi және нақтылануы жобалау сатысына, сонымен қатар адам денсаулығына және қоршаған ортаға көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнiң ауқымдылығы мен қарқынына байланысты болады. Экологиялық бағалау материалдары жасалу деңгейi жобалау сатысына сай келетiн құжат түрiнде ресiмделедi.Олар жобалау алдындағы және жобалық құжаттардың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс екі бөлімнен, негізгі бөлімі үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу