Қазақстан Республикасы орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе ` 3
1 ҚР Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ететін басқа заңдар 5
2 Орман пайдалану түрлер» мен орман пайдалануды
жузеге асыру 7
3 Орман қорының мемлекетік есебі, мемлекеттік орман кадастры
және мемлекеттік орман мониторингі 9
4 Орман қорын қорғау мен пайдаланудың экономикалық тетігі 19
5 Орман дауларын шешу тәртібі 26
6 Орманға келтірілген зиянды реттеу және орман заңдарын
бұзған үшін жауаптылық 27
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


Кіріспе

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау өте жауапты мемлекеттік маңызы бар мәселе, оны дұрыс шешу тек қазіргі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақтардың хал-ахуалдарына да тікелей әсер етеді.

Осы мәселелер ішінде Қазақстанда орман ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану, қайта өндіру және республика аумақтарының ормандылығын арттыру мақсатында суармалы алқаптар мен оның аймақтарында орман жолақшаларын орналастыру негізінде еліміздің түрлі ландшафтарында орман өсірудің маңыздылығы зор.

Табиғи ресурстармен қамсыздандырылу жекелеген аймақтардың дамуын ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның, қазіргі және болашақ ұрпақтардың дамуын алдын ала анықтайтындығын ескере отырып, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының міндеттерін шешудің өзіндік жолын табуы тиіс, сол арада оның тұрақтылығы мен экологиялық императивке сәйкестігі есепке алынуы керек.

Тұрақты дамуға көшу қазіргі заманғы адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының және табиғи ресурстарды, соның ішінде орман ресурстарын басқарудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгертуді білдіреді. Орман пайдалану процесіндегі табиғи және әлеуметтік жүйелердің интеграциясы қоғамның өндіргіш күштерін дамытудың объективті қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен қатар, табиғи ортаның біртіндеп нашарлауы алаңдаушылық туғызуда, өйткені бұл проблема адамның тіршілік әрекетінің нашарлауына, экологиялық проблемалардың шиеленісуіне алып келеді.

Тұрақты дамуға көшу орман пайдаланудың шығындары мен нәтижелерін экожүйелік тәсіл негізінде салыстыру қажеттілігін алдын ала анықтайды. Ресурсты пайдаланудың тиімділігін білмей, орман басқару мен орман пайдалануға қатысушылар арасында экономикалық объективті өзара қарым-қатынас орнату мүмкін емес.

Орман ресурстарын пайдаланудың экологиялық-экономикалық тиімділігіне қатысты проблемалар жиынтығына аймақтық ерекшеліктер де кіреді, оның үстіне Семей өңірінің табиғатты пайдалану саласындағы экологиялық-экономикалық проблемалары ядролық полигонның салдарынан аса ауыр жағдайда болып отыр. Орман пайдаланудың өзгерген жағдайлары мен ормандардың қазіргі жағдайы тұрақты дамуға бағытталған орман басқарудың жаңа тәсілін іздестіруді қажет етеді.   

Проблеманың өзектілігін мына жағдай ақындайды: Қазақстанның қоршаған ортасының экологиялық жағдайын анықтайтын ормандарды тұрақты қарапайым және ұлғаймалы ұдайы өндіру процесі экономикалық тұрғыдан мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарияланған тұрақты даму стратегиясының аясында жүзеге асырылатын орман ресурстарын басқару мен шаруашылық игеру тиімділігіне, орманды ұтымды пайдалануға байланысты. Орманның негізгі үлесін мемлекеттік меншікте қалдыра отырып, мемлекет орман шаруашылығына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Алайда Қазақстанның орман шаруашылығы шығынды болып қалуда. 

Сүректен түсетін орман табысы орман ресурстарын күзетумен, қорғаумен, ұдайы өндірумен байланысты шығындардың барлығын жаппайды. Орман секторының қызмет етуінің қалыптасқан жағдайлары орманды толық көлемде ұтымды пайдалануды қамтамасыз етпейді, сол арқылы экологиялық қауіпсіздіктің төмендеуіне алғышарттар құрады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайлары және орман ресурстарының жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылмауы экономиканың орман секторының негізгі даму заңдылықтарын айқындауды түпкілікті өзгертуді қажет етеді. Орман ресурстарын пайдалану тиімділгін жоғарылату проблемаларын шешу  Қазақстанда осы заманғы орман пайдаланудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ол үшін орманды ұтымды пайдалану, орман ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен табыстылығын жоғарылату мәселелерін шешіп алу керек.  Осы орайда бұл жұмыс жоғарыда аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады

Зерттеу жұмысының мақсаты ормандардың құқықтық режимін зерттеу

Міндеттері:

  • ҚР Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін басқа заңдарды зерттеу;
  • Орман пайдалану түрлері мен орман пайдалануды жузеге асыруды зерттеу;
  • Орман қорының мемлекетік есебі, мемлекеттік  орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингіне талдау жасау;
  • Орман қорын қорғау мен пайдаланудың экономикалық тетігін талдау;
  • Орман дауларын шешу тәртібін зерттеу;
  • Орманға келтірілген зиянды реттеу және орман заңдарын бұзған үшін жауаптылықты талдау.

Іздеу