Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасында экологиялық реттеу механизмі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экономикада экологиялық реттеудің теориялық аспектілері 5
1.1 Экологиялық реттеу түсінігі, нормативті құқықтық базасы 5
1.2 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мазмұны 9
2 ҚР ұлттық экономикасында экологиялық реттеу механизмі 11
2.1 Экологиялық реттеу бағыттары 11
2.2 Экологиялық реттеуді мемлекеттік қаржыландыру 23
3 Ұлттық экономикада экологиялық реттеуді жетілдіру жолдары 26
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық реттеудің мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.

Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.

Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.

Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.

Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.

Экологиялық реттеу нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.

Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.

Экологиялық реттеудің міндеттері экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады

Курстық жұмыстың мақсаты ұлттық моделінің бағыты ретінде экологиялық реттеуді талдау

Мақсатына сай келесі міндеттер анықталады:

  • Экономикада экологиялық реттеудің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Экологиялық реттеу түсінігі, нормативті құқықтық базасын анықтау;
  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мазмұнын зерттеу;
  • ҚР ұлттық экономикасында экологиялық реттеу механизмін анықтау;
  • Экологиялық реттеу бағыттарын зерттеу;
  • Экологиялық реттеуді мемлекеттік қаржыландыруды талдау;
  • Ұлттық экономикада экологилық реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау

Іздеу