Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау 5
1.1 Су сапасының мониторингі 5
1.2 Су объектілерінің ластануын бағалау 6
1.3 Су сапасының негізгі көрсеткіші 11
1.4 Су қоймаларының өздігінен тазалануы 14
2 Ақаба суларды тазалау дәрежесін есептеу 16
2.1 Су қоймаларының негізгі факторлар (көздер) 16
2.2 Ақаба суларды нормалау 19
2.3 Қалқыма заттектерден ақаба суды тазалау дәрежесін есептеу 20
2.4 Су қоймаларына ақаба суды тастау алдында температураны есептеу 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26


Кіріспе

Табиғи сулардың құрамына тұщы (жер үсті, жер асты, су түбі және т. б.) және теңіз сулар кіреді. Ауыз сулар алдын ала тазартылған және залалсызданған табиғи (өзен және жер асты) сулардың туындысы болып табылады. Ақаба сулар, өз алдына, адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде лайланған, лас сулар болып келеді. Сөйтіп, әртүрлі құрамды  сулардың белгілі бір анализ деңгейі, табиғи сулардың анализ мәселелерімен тікелей байланысты. Төменгі атмосфералық қысымда буландыру, мұздату, вакуумды қайнату жолымен негізгі компонентті кәдімгі жою мүмкіндігінің арқасында, су, анализдің қарапайым объектісі ретінде көрінеді. Бірақ құрамында элементтік позициясы жағынан су – элементтер арасындағы әсерге байланысты, бір-бірінен он мың есе айырмашылығы бар мәселе тудыратын, құрамына әртүрлі концентрациялы элементтер кіретін, өте күрделі жүйе. Мысалы, Ca, Mg, Na және K (0,001 – 0,01%) микроэлементтердің концентрациясы Ba, Zn және B микроэлементтердің концентрациясынан 100 есе үлкен болады; As, Cr, Pb, Cu, Mn – 1000 есе; V, Ni, Se, Hg және т. б. 10 000 – 100 000 есе, және де табиғаты әртүрлі сулар үшін элементтердің арақатынасы елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін.

Ауыз су, содан кейін ақаба суларды алудың көздері тұщы (жер асты және жер беті) табиғи сулар болып табылады. Ауыз сулар алдын ала тазарту процесі кезінде, элементтік құрамы өзгермей, тотықтырылған өнімдермен  элементарлы хлормен, озонмен немесе фторлы агенттерімен байытылуы мүмкін.

Ақаба сулардың құрамын сапалық деңгейде болжауға қиын, элементтік және заттық құрамы жағынан өте күрделі жүйені құрайды. Олар шаруашылық түрлерінің әрекетіне тәуелді, спецификалық қасиеттерге ие, табиғаты органикалық және бейорганикалық компоненттермен ластанады.

Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы – органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.

Табиғи, ауыз су, ақаба суларының бірден бір анализ мәселесі іріктеу техникасына, консервациясына, үлгілердің сақталуына және тасымалдануына ерекше талаптар қойылатын құрамның динамикалық сипаты болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты су қоймаларының ластануының негізіндегі суды пайдаланудан қорғау ең басты проблема болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін адамға ластанудың қаншалықты әсер ету деңгейімен интенсивтілігін анықтау қажеттілігі туындайды. Мүмкіндік шегінен ластану дәрежесі аспау керек, ол халықтың денсаулығына кері ықпалын тигізбеуі тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Су қоймалардың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.

  Суды қорғау үшін, осындай мақсаттарға сүйену керек:

  • Ірі өзен алабындағы су ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;
  • Су ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;
  • Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;
  • Су ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
  • Су қойма жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін суды пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;
  • Су ресурстарын қорғау қажеттілігін түсінетін қоғамдық көзқарасты қалыптастыру.
  • Суды қорғау зоналарын құру негізінде негізгі өзен алаптарында су экожүйесін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Тазаланбаған су қалдықтарын су көздеріне ағызуға тыйым салу.

Курстық жұмыстың міндеті: Су қоймалардың  есептеулерін талдау және оларға белгіленген ШРК нормативтерін дұрыс қолдану. 

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс 26 беттен, мазмұнынан, кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

Іздеу