Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Табиғат ресурстары және олорды тиымды пайдалану мәселелері 5
1.1 Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 5
1.2 Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 8
2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстары 10
2.1 Жер қоры және топырақ ресурстары 10
2.2 Су ресурстары 13
2.3 Өсімдік ресурстары және жануарлар дүниесі 17
3 Планетаның орман қоры 20
Қорытынды 24
Қолданған әдебиеттер 25


Кіріспе

Қазақстан – Еуропа және Азия сияқты екі құрлықтың қиылысында, ал астанасы – Астана қаласы – Еуразия материгінің географиялық орталығына жақын орналасқан. Қазақстан – көлемі жағынан дүние жүзі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралиядан кейін тоғызыншы орында. Республика аумағы – 2.724.900 шаршы километр.

Қазақстан батысында Волганың төменгі ағысынан шығысында Батыс Сібір ойпаты мен Алтай тауларына дейін 3000 километрге, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстәкке Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тауларына дейін 2000 километрге созылып жатыр. Қазақстанның солтүстіктегі ең шеткі нүктесі – солтүстік еңдіктің 55’26’ – Шығыс Еуропа жазығы орталық бөлігінің оңтүстік шетіне және Британ аралдарының оңтүстігіне (Мәскәу ендігі), оңтүстіктегі ең шеткі нүктесі – солтүстік ендіктің 40’56’ – Закавказье мен Оңтүстік Еуропадағы Жерорта теңізі жанындағы елдерге (Баку, Стамбул және Мадрид ендігі) сәйкес келеді.

Еліміздің шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді, оның ішінде Каспий теңізі бойынша 600километрді құрайды. Қазақстан Ресей Федерациясымен – 7591,0км, Өзбекстанмен – 2351,4км, Қытаймен – 1782,75км, Қырғызстанмен – 1241,6км, Түркменстанмен – 425,8км аралықта шектесіп жатыр.

   Қазақстан аумағының төрттен бір болігінен астамын дала, 44%-ін шөл мен шөлейттер және 14% -ін ормандар алып жатыр. Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның аумағында сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, балықтың 150 түрі мекен етеді, тек дәрілік өсімдіктердің 250 түрі кездеседі.

   Еліміздің аумағынан үлкенді-кішілі 8,5мың өзен ағып өтеді. Жеті өзеннің ұзындығы 1000километрден асады. Ең ірілері – Каспий теңізіне құятын Орал мен Енбі, Арал теңізіне құятын Сырдария. Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері республиканы қыйып өтеді, олар Солтүстік Мұзды Мұхит бассейініне жатады.

Тақырыптың өзектілігі: Экологиялық проблемалар бір елдің емес бірнеше елдің қатысы бар мәселе. 70-жылдардан бастап, экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірігіп іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.

Тақырыптың мақсаты: Табиғат ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.

       Табиғатты қорғау үшін, осындай мақсаттарға сүйену керек:

  • Табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;
  • Табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;
  • Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;
  • Табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
  • Пайдаланылған табиғат ресурстарының жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін табиғтты пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;
  • Табиғи ресурстарын қорғау қажеттілігін түсінетін қоғамдық көзқарасты қалыптастыру.
  • Табиғатты қорғау зоналарын құру негізінде негізгі өзен алаптарында су экожүйесін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Табиғатты үнемді пайдалануң экономикалық жағдайын қалыптастыру;

Тақырыптың міндеті: Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Көптеген мемлекеттер қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған 5-10 жылдық бағдарламалар қабылдап, іске асыру біздің міндетіміз.

Тақырыптың құрылымы: Бұл курстық жұмыс 25 беттен, мазмұнынан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу