Экологиялық баламаларды әзірлеу рәсімі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экологиялық бағалау немесе баламалар 4
1.1 Қоғам және экологиялық баламалардың рәсімі 5
2 Экологиялық баламаларды әзірлеу рәсіміне қатысуы 16
2.1 Экологиялық баламалардың жобалық құжаттамалары 20
2.2 Экологиялық баламаларда қолданылатын түсініктер 21
2.3 Экологиялық баламалардың қағидаты 23
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26


Кіріспе

Жалпы экология саласындағы мемлекеттің басқаруының қызметі экологиялық баламалар жүргізу болып табылады. Қолданыстағы заңда экологиялық баламаларды ұйымдастыру мен оның құқықтық реттеуге бірнеше заңдар қабылданды. Жаңа территорияларды меңгеру, өндіріс кәсіпорындарын орналастыру, шаруашылық және азаматтық объектілерді жобалау, салу немесе қайта салу үшін қандай шаруашылық бастамасы болса да жобалау және жобалау алдындағы құжаттар дайындалғанда осы құжаттарда «Қоршаған ортаны қорғау» деген бөлім, оның ішінде міндетті түрде «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау (ҚОӘБ)» бөлімшенің болуы қажет. Экологиялық баламалар дегеніміз - жобаны іске асырғанда әсердің барлық әлеуеттік түрлерінің сипаттамасы мен қауіптілік дәрежесін алдын ала анықтау және оны экологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптарына баға беру; шаруашылық тұрғысынан дамыту мәселесі туралы дайындық және шешім қабыдау үшін экологиялық талаптар ретті түрде тіркеледі.

Экологиялық баламаларда шешімнің варианттылығы, территорияық ерекшелік және тұрғындардың мүддесі ескеріледі.

Ол үшін тапсырма беруші мамандар мен осы мәселені жетік игерген ұжымдарды ұйымдастырып жобаға қатыстырады. Экологиялық бағалауды жүргізу үшін көп жағдайларда арнайы инженерлік- экологиялық іздулерді өткізу қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған ортаға тигізілетін әсер түрі, сипаттамасы мен дәрежесі және игеру жағдайында, салуда, іске қосу мен регламеттік режимде және апаттық жағдайда болжамалы объектілер реципиенттерінің жиынтығы: апаттылықа арнайы баға беру; экологиялық қауіпті бағалаудың варианттарын тексеру.

Тақырыптың мақсаты: Жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау және де жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатысында, сондай-ақ олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау.

Тақырыптың міндеті: Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны саласында мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық баламалар жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау қоршаған ортаның  жай-күйін, шаруашылық және өзге де қызметтердің  ықпалымен оның өзгерістерін байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың  орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапа нормативтері мен экологиялық талаптардың сақталуын тексеруді өзіне міндет етіп қояды.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс екі бөлімнен, негізгі бөлімі екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Іздеу