Экологиялық заңдарды бұзу үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы, экологиялық құқық бұзушылық түсінігі, құрылымы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экологиялық заңдарды бұзу үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы, экологиялық құқық бұзушылық түсінігі,құрылымы 5
2 Экологиялық құқық бұзушылық түрлері 6
3 Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің түрлері 7
4 Экологиялық құқық бұзушылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік 8
5 Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік 21
6 Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық құқық жауапкершілік түсінігі мен түрлері 24
7 Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктіңбасқа түрлері 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32


Кіріспе

Қазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі.Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Экологиялық кұкык бұзушылық белгілерін қарастырайық:

Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушынын жасаған кұкыкка карсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол касақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаканалы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардын және баска да заңдардың бұзылуын білдіреді.

Экологиялық құқық бұзушылыктың қоғамға қауіптілігі коршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

Құкыкка қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

Кұкык бұзушыға заңды жауаптылык шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық жауапкершіліктің негізі экологиялық құқық бұзушылықты істеу болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылық – қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзу және қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірудегі кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттер. Кінәлі тұлғалар құқық бұзушылықтың түріне қарай қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылады. Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады.

Курстық жұмыстың мақсаты экологиялық құқық бұзушылықты зерттеу

Міндеттері:

  • Экологиялық заңдарды бұзу үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы, экологиялық құқық бұзушылық түсінігі, құрылымын зерттеу;
  • Экологиялық құқық бұзушылық түрлерін анықтау;
  • Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің түрлерін зерттеу;
  • Экологиялық құқық бұзушылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті талдау;
  • Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікті зерттеу;
  • Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық құқық жауапкершілік түсінігі мен түрлерін анықтау;
  • Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің басқа түрлерін зерттеу;

Іздеу