Экологиялық құқық (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экологиялық құқық түсінігі 5
2 Экологиялық құқық жүйесі 7
3 Мемлекеттің экологиялық функциялары 9
4 Экологиялық құқық қатынастарының объектісі, субъектісі 23
5 Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидаттары 25
6 Экологиялық құқықтың басқа құқық саласымен ара қатынасы 30
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34


Кіріспе

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым. Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:

  1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
  2. Адамдардың материалдық кажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалык кызмет;
  3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз — құлықтылык қызмет.

Адам — табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінін өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты ол — оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады.

Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде — табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану — материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамнын экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау — қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін коршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін,тек табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялык заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада — бұл әлеуметтік экологияның заты емес.

Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология кіреді. Құқықтық экология деп — қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы — бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің экологиялық қызметінің дамуы — экология қүкығы деген атқа ие болған жаңа қүқықтык бірліктің кұрыл-уына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе коршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңньщ болуы және бол~ мауына байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің болуы берілген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі кажеттіліктерінен туындайтын болса.

Курстық жұмыстың мақсаты экологиялық құқықты зерттеу, оның негізгі қағидаларын талдау

Іздеу