Экологиялық саясат пен қоғамдық таңдау (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Экологиялық саясаттың теориялық аспектілері 5
1.1 Экологиялық саясат ұғымы, тұжырымдамасы 5
1.2 Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары 7
2 Қоғамдық таңдаудың теориясы 19
2.1 Қоғамдық таңдау түсінігі 19
2.2 Қоғамдық таңдауды мемлекеттік реттеуі 20
3 Экономиканы экологияландыру ерекшеліктері 31
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37


Кіріспе

Адамзат қоғамының алдында тұрған макроэкономикалық жаһандық  мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Жаһандық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі. Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау білікті инженер, экономист мамандар даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары өндіріс қорларын игеру экономикасын оның ішінде табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаның қорғау мәселесін терң меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын ұйымдастыра білуге қабілетті болуға тиіс

Энергетикалық ресурстардың шектеулілігі мәселелер аясында ынтымақтастығына келетін болсақ, онда ұсынылған проблема­лар жеке мемле­кеттер үшін де, сол секілді өңірлік бірлестіктер үшін де өте өзекті болып табылатынын нық сеніммен айтуға болады. Мәселен, әр елдің энергиямен қамтамасыз еті­луі барған сайын әлемдегі тұр­лаулы экономикалық даму мен саяси тұ­рақ­­тылықтың өте маңызды фак­торы­на айналып келеді.

Энергия тұтыну­дың жедел өсу проблемалары, мұнай және мұнай өнімдері рынок­тарын­дағы күрт тербелістермен жалғасқан жоғары бағалар, әлемнің энергияны тұтынатын өңірлерінің энергия та­сымалдаушылар импор­тына тәуел­ді­лі­гінің артуы әлемнің барлық мем­лекеттерінің және, соның ішінде, әлемдік рынокқа энергия тасымал­дау­шыларды негізгі жеткізушілердің бірі болып табылатын ТМД елдерінің басты назарында тұр.

Курстық жұмыстың мақсаты экологиялық саясат пен қоғамдықтаңдауды зерттеу

Міндеттері:

  • Экологиялық саясаттың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Экологиялық саясат ұғымы, тұжырымдамасын талдау;
  • Экологиялықсаясаттың негізгі бағыттарын көрсету;
  • Қоғамдық таңдаудың теориясын зерттеу;
  • Қоғамдық таңдау түсінігін талдау;
  • Қоғамдық таңдауды мемлекеттік реттеуін зерттеу;
  • Экологиялық саясат пен қоғамдық таңдаудың ерекшеліктерін көрсету

Іздеу