«UNIFINACE» маркетингтік қызметтер агенттігі» ЖШС сақтандырудың қызметінің ерекшеліктері (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ 7

1 САҚТАНДЫРУ ІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 11
1.1 Сақтандыру түсінігі, жіктелуі 11
1.2 Банк сақтандыру қызметінің қазақстандық тәжірибесі 18

2 ««UNIFINACE» МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕР АГЕНТТІГІ» ЖШС САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 23
2.1 ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС қызметінің жалпы сипаттамасы 23
2.2 ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС банктік сақтандыру 34

3 ҚАЗАҚСТАНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 64
3.1 ҚР сақтандыру нарығының негізгі мәселелері 64
3.2 Болашақта банктік сақтандырудың дамыту жолдары 71

ҚОРЫТЫНДЫ 76

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79

ҚОСЫМШАЛАР 82


КІРІСПЕ

Экономикалық әдебиетге сақтандырудың пайда болу уақыты туралы бірнеше көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі формацияларда пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен кейін пайда болды дейді.

Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады:

-   сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара көмек туралы бір реттік келісімдер сипатьгада болды. Сонымен қатар, ол  натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымактастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.

Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:

  • қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
  • залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;
  • сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады және осы  қордың  қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.

Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.

Экономикалық әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты сақтандыруды үйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді аныкгау, сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті болады.

Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек. Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын жэне жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы жэне ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.

«Сақтандыру» бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қогамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

-  қатынастардың ықтималдық сипаты;

-   қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кэсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

-    оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
    жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жэне заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы, ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі әдістері қарастырылған.

Осыған байланысты сақтандыру саласының терең өзектілігі байқалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстанда банктік сақтандыру ісінің дамуын зерттеу, тәжірибелік жұмыстар ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС мысалында көсретілген.

Зерттеу міндеттері:

  • сақтандыру ісінің теориялық негіздерін зерттеу;
  • сақтандыру түсінігі, жіктелуін ашу;
  • банк сақтандыру қызметінің қазақстандық тәжірибесін зерттеу;
  • ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС сақтандырудың қызметінің ерекшеліктерін талдау;
  • ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС қызметінің жалпы сипаттамасын ашу;
  • ««UniFinace» маркетингтік қызметтер Агенттігі» ЖШС банктік сақтандыруды зерттеу;
  • Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелерін қарастыру;
  • ҚР сақтандыру нарығының негізгі мәселелерін зерттеу;
  • болашақта банктік сақтандырудың дамыту жолдарын көрсету.

Іздеу