«А.Қ.Серікбаева» «Орталық моншасының» жеке кәсіпкердің дебиторлық және кредиторлық қарыз есебі (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗ – ЕСЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәні және олардың пайда болу негізі
1.2 Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің мәні мен міндеттері
1.3 Дебиторлық қарыздар есебінің шетелдік тәжірибесі
2 «А.Қ.СЕРІКБАЕВА» «ОРТАЛЫҚ МОНШАСЫНЫҢ» ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗ ЕСЕБІ
2.1 Жеке кәсіпкердің мінездемесі және есептік саясаты
2.2 Дебиторлық қарыздардың синтетикалық және аналитикалық есебі
2.3 Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің құжаттық көрінісі
2.4 Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің компьютерлік технологиясы
3 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
3.1 Дебиторлық және кредиторлық қарыздағы аудиттің мақсаттары мен міндеттері
3.2 Аудиторлық тексерістің жоспары және бағдарламасы
3.3 Аудиторлық есеп беру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А (Келісімшарт №58)
ҚОСЫМША Ә (Келісімшарт №3)
ҚОСЫМША Б (Келісімшарт №4)
ҚОСЫМША В (Есеп – ақылы ведомості)
ҚОСЫМША Г (Шығыс кассалық ордері)
ҚОСЫМША Ғ (Кіріс кассалық ордері)
ҚОСЫМША Д (Келісімшарт №12)
ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ


КІРІСПЕ

Нарықтық экономикалық қатынастарды қалыптастыру жағдайында шаруашылық етуші субьектінің күрделі экономикалық механизмін тиімді басқару уақтылы экономикалық ақпаратсыз мүмкін емес. Аталған ақпараттың бір бөлігін нақты қалыптасқан бухгалтерлік есеп жүйесі және қаржылық-шаруашылық қызметке талдау жасау құрайды. Бухгалтерлік  есеп жүйесі және қаржылық-шаруашылық қызметке талдау жасаудың мәліметтері шаруашылық етуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарларды жасау барысында пайдалану үшін және елдің экономикасының даму заңдылықтарын зерттеп, зерделеу үшін қажет.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. 

Отандық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының күрделі экономикалық шарттары қазақстандық кәсіпорындардың өмір сүруін қамтамасыз ететін шешімдерді жиі іздеуге итермелейді. Атап айтқанда, елде еркін ақша қаражаттарының жоқ болуы және банк жүйесінің дағдарысы ұйымдардың борыштарды өтеудің ақшадан басқа нысандарын қолдануды белсендетуге ат салысты.

Отандық кәсіпкерліктің дамуы жағдайы бүгінгі күнге дейін есептесудің ақшадан басқа нысандарын қолдануды немесе тауар алмасу операцияларына жүгінуге итермелейді. Салық салу жүйесі, төлем жүйесі және бірқатар басқа да факторлар заттай алмасудың пайда болуына әкеп соқты.

Төлемеу проблемасы - біздің экономикамыздағы экономикалық реформалары кезеңінің өткір проблемаларының бірі. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) басшылары мен бас бухгалтерлері дебиторлық қарыздардың жоғарғы деңгейі мен тиісті шығындар мазалауда. Сатып алушылар мен жеткізушілердің борыштарын өтеуге бағытталған бірқатар шаралар қолдануды күш жігер жұмсалуда. Қоғамдық өмірде бартер кең таралды. Бірақ оның үстіне бюджет, жеткізуші, басқа да несие берушіліер, жеке және заңды тұлғаларға кешіктірілген қарыздар орын алуда.

Көптеген кәсіпорындар дебиторлық қарыз түріндегі қаржылардың айналым бөлігін заем қаржысы есебінен өтеуге мұқтаж, оның үстіне несие ұйымдарымен олардың бірқатар бөлігі вексель (қаржы векселі) түрінде беріледі.

Соңғы уақытта бірқатар объективтік және субъективтік факторларға байланысты есеп берген кезде дебиторлық қарызды есептеу және көрсету тәртібі қиындай түсті. Сонымен қатар дебиторлық қарызбен байланысты операцияларға салық салу күрделене түсті.

Бұған объективті түрде  елдің нарықтық қатынастарға көшуі және мәмілеге қатысатын тараптардың шарттық міндеттемелердің маңызын арттырған жаңа заңнамалық актілерді қабылдау әсер етті.

Бұған субъективті түрде  елдегі төлем қабілеттіліктің жағдайы және өнімді жеткізгені үшін есептесуді жүзеге асыру барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттің қабылдауы, сондай-ақ көптеген ұйымдардың есептесуді ақша қаражаттарын пайдаланусыз жүргізуге ниеттерінің болуы әсер етті.

Осы жағдайда дебиторлық және кредиторлық қарыздарды бухгалтерлік есепке алуды дұрыс ұйымдастыруға бақылау жасау міндеті артты.

Дебиторлар мен кредиторлармен есептесудің бухгалтерлік есебі оқулықтар мен монографияларда жан-жақты зерттеліп, қарастырылған. Сонымен қатар әдебиеттерде дебиторлар мен кредиторлармен есептесудің аудит сұрақтары мұқият қамтылған. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды аудиторлық тексерудің процедуралары суреттелген. Дебиторлар мен кредиторлармен есептесу түгендеуден бастауға нұсқау береледі. Бірақ бүгінгі күні кәсіпорындардағы бухгалтерияларда есептесуді түгендеуге аз көңіл бөлінеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі дебиторлар мен кредиторлармен есептесу түгендеуден бойынша жаңа нормативтік құжаттарды енгізумен, күдікті қарыздардың резервтерін құру, кәсіпорындармен есептесудің ақшадан басқа да нысандарын қолдану, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды есепке алудың күрделі болуымен анықталады. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды дұрыс есептемеу бухгалтерлік есептердің бұрмалануына әкеп соғады.

Жұмыстың мақсаты дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәнін, табиғатын, пайда болу себептерін анықтау, сондай-ақ нақты кәсіпорындағы дебиторлық және кредиторлық қарыздарға талдау жасау үшін теориялық ережелерді қолдану болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу алға қойылды:

- дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәні және олардың пайда болу негізін қарастыру;

-дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің мәні мен міндеттерін зерттеу;

-дебиторлық қарыздар есебінің шетелдік тәжірибесін қарастыру;

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу жұмыстың құрылымын анықтады.

Жұмыстың құрылысы ондағы зерттелетін мәселелердің мазмұны, зерттеудің міндеттері және логикасымен анықталады.

Диплом жұмысы кіріспе, негізгі, қорытынды және үш тараудан тұрады. Кіріспе бөлімде  тандалған жұмыстың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген.

«Дебиторлық және кредиторлық қарыз – есеп және бақылау обьектісі» деп аталатын бірінші тарауда дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мәні және олардың пайда болу негізі, дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің мәні мен міндеттері, дебиторлық қарыздар есебінің шетелдік тәжірибесі сияқты сұрақтар қарастырылған.

«А.Қ.Серікбаева» «Орталық монша» жеке кәсіпкердің «дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі» атты екінші тарауда жеке кәсіпкердің мінездемесі және есептік саясаты, дебиторлық қарыздардың синтетикалық және аналитикалық есебі, дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің құжаттық көрінісі, дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің компьютерлік технологиясы сияқты сұрақтар қарастырылған.

«Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебінің  аудиті» атты үшінші тарауда дебиторлық және кредиторлық қарыздағы аудиттің мақсаттары мен міндеттері, аудиторлық тексерістің жоспары және бағдарламасы, аудиторлық есеп беру сияқты сұрақтар қарастырылған.

Қорытынды бөлімде жұмыста алынған негізгі нәтижелер көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың басқару ғылымдарының теориялық ережелері, экономика және өзге де қоғамдық ғылымдардың қазіргі жетістіктері кеңінен қолданылған. Жұмыстың методологиялық базасын философияның (бейнелену теориясы, детерминация, себептілілік және материалистік диалектиканың басқа да заңдары мен категориялары), социологияның (сауалнама жүргізу, статистикалық әдіс-тәсілдер, интервью, салыстыру және т.б.), құқықтың (жүйелі талдау жасау, салыстырмалы-құқықтық тәсіл, тарихи-құқықтық және т.б.), информатиканың (ақпараттар теориясы, математикалық тәсілдер, ақпараттың сандық көрсеткіштерін анықтау тәсілдері, модельдеу, ақпараттық көрініс теориясы және т.б.) қолданылды. Сонымен қатар тақырыпқа тікелей қатысты жазылған монографиялық еңбектер мен оқулық әдебиеттерге, нормативтік актілерге, халықаралық шарттарға кеңінен талдау жасалды.

Іздеу