«Екибастузкоммуносервис» МКК-да қаржыларды ұйымдастыру мен есептеу технологиясы (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 3
1 Ақша экономикалық категория және есеп объектісі ретінде 5
1.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қамтамасыздандыруда
ақшаның мазмұны мен мақсаты 5
1.2 Ақша қаражаты есебінің бухгалтерлік есептің жалпы жүйесіндегі орны 12
1.3 Мемлекеттік кәсіпорынның ақша құралдарын қаржылық
бақылауды ұйымдастыру 30
2 «Екибастузкоммуносервис» МКК-да қаржыларды ұйымдастыру
мен есептеу технологиясы 37
2.1 Қаржыны есептеу аймағында кәсіпорын сипаттамасы және есептік саясат 37
2.2 Ақшалы құралдардың синтетикалық және аналитикалық есеп ұйымы 43
2.3 Ақшалы құралдары қозғалысы туралы есептің құрастырушы
методологиясы туралы 55
3 Кәсіпорында ақша құралдарын бақылау 60
3.1. Ақша құралдары саласында ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау 60
3.2 Ақша қаражатының есеп жағдайын соңғы рет тексеісі 67
3.3 Бақылау нәтижелерін ресімдеу 75
Қорытынды 77
Қолданылған әдебиет тізімдері 80


Кәсіпорын кез келген негізгі қызметтерді іске асыру үшін ақша қаражаты қажет. өндірістік және шаруашылық қызмет атқаратын барлық кәсіпорындар басқа кәсіпорындармен, мекемелермен, кісіпорын жұмысшыларымен, жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Бұл қарым-қатынастар әр түрлі ақшамен байланысты есеп-қисаптарға негізделген.

Кәсіпорын арасында есеп-қисаптар көбінесе қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз есеп-қисаптар аудару (түрлі банк операциялар арқылы ақша қаражаты төлеуші шотынан алушы шотына аударылады) жолымен жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы есеп кезіндегі делдал ретінде тиісті банк (мемлекеттік және коммерциялық) мекемелері болып табылады. Есептеу шоттарынан басқа банктерде ағымдағы және қатаң мақсатта сақтау үшін арналған арнайы шоттар ашылады.

Сондықтан қазіргі заманғы ақша есептері, кредитті есеп және есеп айыратын операциялар кәсіпорынның табысы үшін өте маңызды болып табылатындықтан мұқият қарастырылады.

Бұл есептеудің дұрыс ұйымдастырылуы ақша қаражатының түсуіне, сәйкесінше кәсіпорынның жұмыс істеуіне де жәрдемдеседі. Сондықтан экономика қызметінің жұмысшылары, біріншіден, бухгалтерия қызметкерлері жылдам және қатесіз шаруашылық жағдайда бағдарлау, нарықтың жүйесін және оның тенденцияларын ұғу үшін есеп пен ақша құралдарының есептер жүйесін жақсы білу керек.

Осы сұрақтардың өзектілігі мен маңыздылығы «Ақша қаражатының есебін және бақылауды ұйымдастыру» атты тақырыптағы диплом жұмысын таңдауға әсер етті.

РГП «Экибастузкоммунсервис» кәсіпорнындағы ақша қаражаттары объекті болып табылады.

Зерттеу пәні ақша қаражатын ұйымдастыру, есеп технологиясы және бақылау болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты РГП «Экибастузкоммунсервис» кәсіпорнының ақша қаражатын бақылау және бухгалтерлік есебін қарастыру,  қазіргі заманғы бухгалтерлік есептеуге ұсыныс жасау.

Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған:

-          кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қамтамасыздандыруда ақшаның мазмұны мен мақсатын зерттеу;

  • бухгалтерлік есептің ортақ жүйесіндегі ақша қаражатының есеп орнын қарастыру;
  • ақша қаражатының есептеудің ұйымдастырылуын және технологиясын ашу;
  • ақша қаражатының бухгалтерлік есебінің толық, дәл және мерзімді есебін, олардың қозғалысы жөніндегі опрерациялардың ұйымдастырылуын ашу;
  • ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі тәртібін және есептің құру мақсатын баяндау;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес соңғы тексеруді өткізу;
  • ақша қаражатының есебін және бақылауды ұйымдастырудағы кемшіліктерін анықтау;
  • ақша қаражатының есеп пен ішкі бақылауды жетілдіруге ұсыныс жасау.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу үшін 2008 жылдың тәжірибелік материалдары, бастапқы құжаттар, есеп ведомостері, ордер-журналдары, бас кітап қолданылды, сонымен қатар нормативтік әдебиеттер: бухгалтерлік есептің стандарттары, журналдар, бухгалтердің және кәсіпорынның кітапханасы қолданылды.

Іздеу