«Қазақстан темір жолы» ҰК «жолдардың Екібастұз дистанциясы-1» АҚ филиалы үлгісінде ақшалай қаражат есебін ұйымдастыру (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

Кіріспе 6
1 Ақша қаражатының есебі мен аудиті ұғымының мәні мен маңызы
1.1 Қазіргі замандағы ақша қаражатының маңызы мен орны 8
1.2 Ақша қаражаты есебінің міндеттері мен олардың аудитінің сатылары 13
1.3 Ақша қаражатының есебін жүргізудегі шетелдік тәжірибе 21
2 «Қазақстан темір жолы»» ҰК «Жолдардың Екібастұз дистанциясы-1» АҚ филиалы үлгісінде ақшалай қаражат есебін ұйымдастыру
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның ақша қаражаты саласындағы есеп саясаты 24
2.2 Ақша қаражатының қозғалысын құжат түрінде ресімдеу және ұйымдастыру 31
2.3 Ақша қаражатының инвентаризациясы 37
2.4 Ақша қаражаты есебін құрастыру 39
3 «Қазақстан темір жолы»» ҰК «Жолдардың Екібастұз дистанциясы-1» АҚ филиалының ақша аудиті
3.1 Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің жағдайын бағалау 46
3.2 Тексерістің бағдарламасы мен барысы 54
3.3 Ақша қаражаты аудитінің нәтижелерін ресімдеу 64
Қорытынды 68
Қолданылған әдебиеттер тізімі 70
А Қосымшасы. Кестелік бөлім
Ә Қосымшасы. Бухгалтерлік баланс
Б Қосымшасы


Кіріспе

Ақшалай қаражат нарықтық экономикадағы қысқартылған ресурс  болып табылады, және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі көбінесе басқарушылардың ақшаны басқару және жұмсау мүмкіндігімен байланысты болады.

Ақша есебі төлем тәртібін жақсарту кезінде маңызды және кассалық тәртіпті басқару, ақшаны дұрыс қолдану, ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында бір қағиданы ұстану керек, ақшаны дұрыс қолдану - кәсіпорынға қосымша кіріс әкелуі мүмкін, нәтижесінде кәсіпорын әрқашанда бос қаражатты қосымша кіріс алу үшін оңтайлы пайдалануы қажет. (банктік депозиттер, бағалы қағаздар және т.б)

Ақшаны кәсіпорынның дұрыс қолдануын бағалау үшін ақшалай қаражатқа талдау жүргізіледі. Бұл талдаудың басты мақсаты - ақшалай қаражаттың жетіспеушілігін, кіріс пен шығыс көлемдерін анықтау.

Ақша қозғалысының дұрыс ұйымдастырылуын бағалау үшін қаржылық  есептілікке «Ақша  қозғалысы туралы Есеп» енгізілген. Ақша қозғалысы туралы есепте инвесторларға, несие берушілерге және т.б адамдарға мынандай ақпарат беріледі:

- болашақта  таза ақшалай кіріс алуға қатысты кәсіпорынның мүмкіндігін бағалау;

- кәсіпорынның өз міндеттері бойынша төлеу және оның дивиденттерін төлеу мүмкіндігін бағалау;

- таза кіріс пен ақшалай қаражаттың төленуі арасындағы айырмашылықтың себебін бағалау;

- оның инвестициялық және қаржылық бағытқа әсер етуін бағалау.

Мұның барлығы ақша қозғалысы туралы есептің маңыздылығын көрсетеді.

Әрбір кәсіпорынның басты мақсаты - өзінің есебіне пайда түсіру.

Пайда - компаниядағы активтердің өсуі, компанияның басты мақсатына қызмет көрсету. Сондай-ақ, кәсіпорын өзінің негізгі қызметімен қатар жасалатын әрекеттерінен пайда табады. Басты қосымша әрекеттің пайдасы - бұл компанияның екінші сатылы операциялары нәтижесінде капиталдың өсуі.

Берілген дипломдық жұмыстың басты мақсаты - ақшалай қаражаттың есеп және аудиттің теориясындағы маңызын білу және тану. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай мәселелер қарастырылды:

- қазіргі замандағы кәсіпорындардағы ақшаның мәні мен маңызы;

- құжат ұғымын тану, ақшалай қаражат қозғалысы бойынша синтетикалық және аналитикалық есеп мәселесі;

- ішкі жүйе бақылауын тану және ақша аудитінің бағдарламасын құрастыру.

Бухгалтерлік есептің кіріспесінің дұрыстығын тексеру үшін мысалда көрсетілген белгілі бір кәсіпорынның ішкі бақылауын жақсарту және есеп циклында ақша қаражаты есебін қарастыру керек.

Тексерудің нысаны -  «Қазақстан темір жолы»» ҰК «Жолдардың Екібастұз дистанциясы-1» АҚ филиалы болып табылады.

Құқықтық база –Қазақстан Республикасының Заңнамалары. Құқықтық және нормативтік актілер.

Іздеу